Материалдар / Армысың, әз Наурыз!

Армысың, әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағұлмат беру.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Армысың , әз Наурыз»

Мақсаты:Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін ,Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. 
Жүргізуші: 

Армысыздар,  құрметті  балалар, қонақтар! Ұлыстың  ұлы  күні  құтты  болсын!

Елім  менен жеріме,

Ырысын  шашқан Наурыз.

Күлімдеген  көктемге,

Шуағын  шашқан  Наурыз.

Жеті  түрлі  дән  салып,

Дәм  татқызған  Наурыз.

Жақсылық  тілеп  халыққа,

Молшылық  әкелсін  наурыз.

Ендігі кезекте балаларымыздың наурыз мерекесіне арналған әнін қабыл алыңызда

Ән: «Наурыз»

 (залға музыкамен  әже мен  көктем  қыз  кіреді)

Әже:Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

«Наурыз» күн мен түн теңеліп, жер- көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын кез.
Наурыз  мейрамы  құтты болсын балақайлар ұлыстың  ұлы  күні шаттық  қуаныш әкелсін.

Көктем: Құтты болсын, Наурыз!

                  Ақ қар кетіп қыс өтіп,
                Шырайлы шуақ жаз жетіп.
                Шаруаның ұлы кенелген.
                Күн мейрамы ежелден –
                Құтты болсын бұл Наурыз! (залды айналады)

Қараңдаршы, балалар! Мен сендерге көктемнің  шуақты  күндерін сыйлаймын, жер  бетін жасылға  бояп, гүлдендіремін.

Әже:Балалар бүгін  қандай  мерекені тойлап  жатырмыз?

Балалар: Наурыз мерекесі

Наурызда  далада  қандай  өзгерістер болады? (балалар: қар ериді, құстар  ұшып  келеді, ұя  салады, күн  жылынады)

Көктем: Бүгінгі  мерекені  менімен бірге тойлайсыңдарма?

Балалар : Ия

Көктем: Жаңа жылымыз тек жақсылықта өтсін деген  ниетпен, ақ батасын ала келген Қыдыр атаны ортаға шақырайық!

Балалар: Қыдыр ата! Қыдыр ата! Қыдыр ата!

Қыдыр ата: Амансыңдар ма келбетті ұлдарым, амансыңдар ма көрікті қыздарым! Ескі жыл есірке, жаңа жыл жаңырқа! Деген ниетпен батамды берейін, қолдарыңды жайып батамды қабыл алыңдар.(қолынжайып бата береді)

Үлкенің мен жасыңа
Береке қонсын басыңа!
“Наурызға” келген халайық.
Жамбылдың жеткін жасына.
Ырыс, дәулет мол болсын,
Жылда осындай той болсын.

Әумин!

Жүргізуші : Қыдыр ата , балаларымыздың тақпағын қабыл алыңыз.

1.Кәусар:

Наурыз бұл мереке,

Құтты болсын береке.

Қыдыр ата келсін,

Жақсы тілек әкелсін.
2.Айсезім:

Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.

3. Камила:

Қош келіпсің Наурыз!

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың.

4.Арлан:

Би биледік бәріміз!

Егін өнің толықтап.

Елдің көңілін шалқытқан.

Бас иеміз Наурыз!

5.Марғұлан:

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды,

Қарсы алайық Наурызды.

6 .Ж.Томирис:

Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән саламыз бәріміз,

Би билейміз бәріміз.

7 . Әмірхан:

Сәнді көктем нұрымен,

Наурыз тойы жырымен.

Көңіл гүлдей жайнасын.

Наурыз тойы тойлансын.

8 . Дарина:

Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

9. Данелия:

Ой,халайық,халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.

10. Жәнібек:

Осыншама жақсылық,

Алып келген Наурызым.

Төрлет бізге нұр беріп,

Шуақ шашып ақ жүзің.

11. Исмаил:

Бәйшешек гүл ашады.

Мұздар сайға қашады.

Суға толып өзен көл,

Кемерінең асады.

12. Айлин:

Құрт бауырсақ шашылып,

Наурыз тойы ашылсын.

Бір бірімен мына жұрт.

Көрімдігін асырсын.

Жүргізуші: Енді кезекте ұлдардың биін қабыл алыңыздар.

Би: «Шабандоздар»

Қыдыр ата: Балалар  сендерге үлкен, Рақмет айтамын. Мені сендер  сияқты басқа  да  бүлдіршіндер  мені  мерекеге  шақырды. Сендер мен қоштасатын да кез келді, Келесі  жылға  дейін  көріскенше  аман  болайық, қош  болыңдар!(ата  залдан  шығып  кетеді)

Жүргізуші:

Ертегі қойылымы:

Әже:  Шал-ау , қарашы, біздің  қызымыз керемет жер  бетін  көкке  бояп, құлпыртып  жіберді.

Шал:Ия, кемпір  дұрыс  айтасың қызымыз  ғажайып істер  жасайды.

(Интерактивті  тақтадан  қойлар маңырап жүрген  видео)

Шал:шек, шеку, ей  кебенек!Мына  қойлар мені әбден шаршатты. «Қой  бақтым қоңырау  тақтым, ешкі  бақтым еңіреп  бақтым» деген  осы  екен  ғой. УҺ, әбден шаршадым, бір  демалып  алайын.-деп  жерге  отыра  кетеді.

( музыкамен мыстан кемпір  жүгіріп  кіреді)

Мыстан: 

Мына  жерді кім құлпыртып  жіберген, гүлденген  жерлерді  ұнатпаймын. Бұл  көктемнің ісі  ғой. Мен  қазір  бұл  жерді тақыр  жерге  айналдырамын.

Көктем: Ия, мен жасадым, жер  беті жайқалып, түрлі –түсті  гүлдер  өсіп, күннің көзі  жарқырап  тұр. Мыстан кемпір, мүмкін сіз Көктем мезгілінің кереметтерін білмегендіктен жақтырмай тұрған боларсыз. Біздің балалардың тақпақтарын тыңдап көріңіз.

Балалардың тақпақтары:

13. Айару:

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасаған,

Көжеден дәм татамыз.

14.Амина:

Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Бізге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

15. Нурали:

Жылдын басы - Наурыз,

Жердің басы -Наурыз.

Мерекеге арналсын,

Бүгінгі жыр әніміз.

16.Інжу:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық,бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

17. Айша:

Көктем келді ,балақай,

Жасарды жер,алақай,

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

18. Нұрасыл:

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

19 .Алина:

Наурыз тойы — салтанат,

Наурыз тойы — мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.



20. Хорлан:

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

21.Дамир

Наурыз әлем, наурыз құс,

Сұлу дала, сағым түз.

Самғай ұшқан қарылғаш,

Аққу қаздар мамық төс.

22. Т.Томирис :

Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз,

Ән айтайық бәріміз,

Қол соғайық бәріміз!

23. Аңсар:

Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.

24. Мансұр:

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қаутышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты

Мыстан: -Егер  жер  беті  осы  қалпында  қалсын  десең  менің  тілегімді  орында мен  өлең  тыңдағанды ұнатамын.

Көктем: -Мен  өлең  айтқанды  жақсы  көремін.Мүмкін  балаларда  маған  көмектесетін  шығар. Өйткені  менде  көктемнің жаман  қалыпқа  түскенін  қаламаймын.ал,  балалар  сендерше?

Балалар: Әрине.

Мыстан: Ал, мен   отырып,  жайғасып   алайын,  мені бір қуантып,көңілімді көтерсеңдер.

Жүргізуші: Енді кезекте ата- аналармен ойын ойнаймыз.

Ойын: «Орамалды қағып ал, сөз жалғасын тауып айт» (Ата –аналармен ойын)

1.Ұлыс оң болсын,…ақ мол болсын.

2.Ұлыс бақты болсын,….төрт түлік ақты болсын. 3.Ұлыс береке берсін…..бәле жала жерге енсін. 4.Бір тал кессең,…..он тал ек. 5.Атаңнан мал қалғанша,….тал қалсын.

6.Бұлақ көрсең,…көзін аш.

Мыстан:- Ата аналарда ойынға жақсы қатыстыңыздар.. Бірақ менде сендермен  наурыз мерекесін тойлап, көңілімді  көтергім  келеді.

Көктем: Жақсы, біз  сізді  осы  мерекеде  қалдырамыз,  балалар  келісесіңдер ме?

Балалар: Ия

Ал, балалар  айтыңдаршы, наурыз тойында  қандай  тағамдар  пісіреді?

Балалар: Бауырсақ, бесбармақ,наурыз  көже.

Әже:-Иә, наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде алып тайқазанға пісірген. Наурыз көже дүйім жұртты аштықтан аман алып қалған. Наурыз көже 7 түрлі тағамдардан жасалды, әрі қасиетті тағамға жатады.

Сүрленген ет, қазы

Жүгері жармасы

Бидай жармасы

Тары жармасы

Айран

Тұз

Қолдан иленген кеспе

Көктем: Мыстан  кемпір  көрдіңіз ғой біздің  балалар өте ақылды , бәрін  біледі.

Мыстан: -Ия, көріп  тұрмын, балалар білімді  әрі өнерлі екен, бірақ көктемді  өз  қалпында  қалдыру  үшін,тағы  менің  тілегім  бар, мен  билегенді жақсы  көремін. Сендер  маған  би  көрсетсеңдер

Көктем: -Әрине  біздің  қыздар сізге  би  билеп береді

Би: «Көрпеше»

Мыстан: Балалар,  маған өте қатты  ұнады.Менің  кеткім  келмей  отыр. Сендермен  бір  ойын  ойнағым  келіп  тұр

Көктем: Жақсы  онда бізбен  бірге  ойын  ойнаңыз.

Ойын: «Секірмек»

Көктем: Бізбен  ойын  ойнаған  ұнады  ма?

Мыстан:Бүгінгі  мейрам қатты  ұнады.Мен сендерге  риза  болдым, бұл  көктем мезгілі  тамаша екен, сендерге  осы  қалпында  қалдырамын. Ал,  менің  кететін  уақытым  болды.Қош  болыңдар,  балалар!

Әже: Міне,  бүгін біздің  қызымыз  Көктемді  аман есен  алып  қалуға  көмектестіңдер, сендерге  көп-көп  рахмет.

Көктем:Менің  сендерге  алғысым  шексіз, енді  мен  ағаштарды бүр  жарғыздырып, жер  бетін  одан  әрі жайқалтамын.

Мені ,өздеріңдей балалар ,күтіп отыр.Сау ,болыңыздар ,балақайлар!

Әже:Наурыз  мерекесі құт  әкелсін.

Дендеріміз  сау, мықты  болсын (Әже  шашу  шашады)

Әже:Көріскенше  күн  жақсы  болсын.







Жүргізуші:

Әркез аман болайық,

Наурыз тойын қуанып.

Жылда қарсы алайық!

Наурыз мейрамы құтты болсын! Ортамызға келген жаңа жыл құтты болсын балалар, наурыз шашуы жұғысты болсын. Осымен  «Армысың, әз Наурыз» атты  ертеңгілігімізді аяқтаймыз, көңіл бөліп келгендеріңізге рахмет !



































































































ЖИ арқылы жасау
08 Мамыр 2025
163
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі