Армысың, Әз Наурыз!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Армысың, Әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Әз Наурыз мерекесіне арналған мектепалды даярлық тобымен өткізілген қойылым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Армысың, Әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік қалыптастыру..
Қазақтың салт-дәстүрі «Тұсау кесу» рәсімін түсіндіріп және ойын-сауық арқылы балалардың есте сақтау қабылетін дамыту.
Ұлттық салт – дәстүріміз бен мәдениетімізді құрметтеуге тәрбиелеу.


Өткізілу барысы:

Зал іші әсем безендірілген, күй ойнап тұр. Ұлттық заттардан көрме жасалған.

Тәрбиеші: Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ  күні.

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.



Б Арлан: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.


Аяла: Қуанышы баршаның,
Құтты болсын қадамың!


Ю Арлан: Наурыз , саған жол болсын,
Тілегім менің сол болсын.


Ханшайым: Деген ырым білгенге,
Елімде ақ мол болсын.


Мұстафа: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,

Айару: Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.


Әнуар: Келіп көктем құстары,
Бау — бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.


Тәрбиеші: Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі.

Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды
насихаттап жүрген халықпыз.

Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.

Тәрбиеші: Біз бүгін «Сәтті» тобының бүлдіршіндерімен тұсау кесер рәсімін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Үй іші. Төрде бір топ әжелер және күй ойнап отырған ер адам. Ер адам қолындағы домбырамен күй ойнап отыр. Үй ішінде тыныштық орнаған.

Сырттан бір бала үйге қарай жүгіріп кіре сөйлейді.

Бала: Әжетай, әжетай! Біздің үйге бір топ адамдар келе жатыр.

Әже: Келсін құлыным. Қонақ келсе құт келеді. Орнымыздан тұрып қонақтарды қарсы алайық.

Осы кезде бір топ ауыл адамдары келеді. Көрісу амалдарын жасайды.

Әже: Біздің ауылға қонақ болып келіп қалған екенсіздір. Төрлетіңіздер.

Лаура: Бүгінгі күні Ғалия әжеміз өзінің немересі Құмардың «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.

Ғалия әжей: Алғашқы немерем Аружан жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әжемізге немеремнің тұсауын кестіргелі келдім.

Әже: Ниеттерің қабыл болсын. Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.

Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы ішек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.

Ғалия әжей: Ал, келін балам, кішкентай Аружанды ортаға әкеліп, әжесіне табыс ет.

(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)

Келін бала: (баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)

Тәй-тәй балам, тәй балам,

Шақырып тұр айналаң,

Аман болсаң аз-ақ күнде

Алшаң басып жүресің.

Әжей: Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа. Ал, жиналған қауым мені сыйлап, ниет етіп келгендеріңе рахмет. Бірақ, мен өз жолымды осы ауылда өзінің ерекше өнерімен танылған, дарынды тұлға Мадияр балама бермекпін. Құлыным, осы ағасы секілді еліне елеулі, халықтық қалаулысы болсын!

Мадияр: Бөпеміз қаз тұрыпты,

Алға қадам басуға,

Тәй-тәй болып жүріпті,

Асулардан асуға.

Маған тұсау кестіріп,

Жатқандардан бұйрық сол;

Мені жүйрік депті жұрт

Менен асқан жүйрік бол.

(Мадияр қолына ала жіпті алып жатып)

Ала жіппен тұсайын

Құмаржаның аяғын

Тұсау жібін кесейін

Жасап баба ырымын.

Сағат сайын есейіп,

Шапқыласын құлыным

Аяқтары талмасын

Айналайын, алтыным.

(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)

Қаз-қаз бала, қаз балам.

Қадам бассаң мәз болам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Алға қарай баса бер,

Асулардан аса бер.

(Құмарды жетектеп жүргізеді.)

Ғалия әжей:

Ал, халайық, тәй-тәй-лап

Әлдиді алға бастаңдар.

Шошытпаңдар, айқайлап,

Жалғыз тастап қашпаңдар.

Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар

Із қалдырсын соңына,

Алдын кең ғып ашындар!

(Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу
шашылады, құттықтаулар айтылады.)

Ғалия әжей: «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңыздар, қадамдарыңа гүл бітсін. Енді, біздің елге қайтар кезіміз болды. Батаңызды берсеңіз.

 (әже қонақтарына сый-сыяпатын көрсетеді.)

Әже:(бата берілуі)

Құлыным үлкен жігіт болсын!

Ата-анасына қызық болсын

Жақсылармен қатар болсын,

Жамандарға қатал болсын,

Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,

Берік бұтақ болсын.

Наурыздарың құтты болсын!

Ұлыс береке әкелсін

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын

Осы тойды қызықтаған

Баршаңызда той болсын!

Аумин!

Барлығы бірін-бірі  құшақтап, сахнадан шыға бастайды. Музыка қосылады «Қазақтың дәстүрлері»

-Аман-есенсіздер ме әжелер! Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесімен ұштасқан бүгінгі тұсау кесу тойларыңыз құтты болсын!

1-бала:Уа ,ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!


2-бала:Наурыз -жыл басы. Наурыз ұлыстың ұлы күні!

3-бала:Ұлыстың ұлы күні –күн мен түн теңелетін күн!

4-бала:Жер ,көкке жан бітіп, тоң жібитін сәт.

5-бала:Ұлыстың ұлы күні ағайын-туыс бір-бірімен кездесіп,құшақ жайысып көрісетін күн.

6-бала:Наурыз бақыт пен шаттық мерекесі.

7-бала:Наурыз мұсылман қауымының ұлттық мерекесі.

8-бала: Бұл күні әжелеріміз жеті түрлі дәмнен Наурыз көже жасаған.

9-бала:Елім менен жеріме,

Ырысын шашқан Наурыз.

Күлімдеген көктемдге,

Шуағын шашқан наурыз.

Жеті түрлі дән салып,

Дәм татқызған наурыз.

Жақсылық тілеп халыққа,

Молшылық әкелсін наурыз


Тәрбиеші: Осыншама жақсылық,

Алып келген Наурызым!

Құтты болсын халайық,

Би мен шашу шашайық.


Қыздар биі: «Шашу».

Тәрбиеші:Наурыз тойы-тамаша,

Наурыз тойы-жаңаша.

Кел балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық


Арқан тартыс. Ойынға ұзындығы 10 метрдей кендір арқан керек. Арқанның қақ ортасы қызыл орамалмен байланады . Екі топқа бөлінген балалар бойларына қарай арқанның екі шетінен ұстайды. Төреші белгі берген сәттен-ақ екі топтың ойыншылары арқанды өздеріне қарай тартады. Арқанның ортасындағы қызыл орамалды жердегі белгіден бірінші сүйреп әкелген топ жеңімпаз атанады.

Теңге алу (ілу) – ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойыншы жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алуы қажет. Ол үлкен ептілікті, шабондоздықты талап етеді. Тіпті теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі.

Тәрбиеші: Наурыз тойы-елдің тойы,

Көктем тойы-төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы

Жақсы көрем Наурыз тойын!

-Балалар біз Наурыз мерекесін келесі ауылға барып тойлайық!

Қош келдің, Әз Наурыз!

«Ботақан» мектепалды даярлық тобы

Залда әсем әуен ойнап тұрады. Балалар билеп кіреді

Жүргізуші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!

Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

Киіз басудың мақсаты:

Балаларға халқымыздың мәдени мұрасын жаңғырту, ата-бабаларымыздың асыл қазынасының бірі жүннен жасалатын бұйымдар туралы, жүннің қасиеттіне тоқталып, мағұлмат беру.

Балаларды халқымыздың қолөнерін сүйе білуге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл киіз басу Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері, бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз.

Тәрбиеші:-Балалар алыстан қонақтар кележатыр,қарсы алайық

Апалар келеді (қол соғып қошеметпен қарсы аламыз)

Тәрбиеші:«Өнер көзі-халықта, халықсыз өнер өнерсіз халық жоқ, оны жаңғыртып іске асыру- біздің басты парызымыз»

Қазақ халқы талғампаз халық , Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән беруімен адамдарға рухани ләззат әкелген.

Келген қонақтарымызға сөз берейік

Апа: Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен қызмет атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан, киім-кешек, әр түрлі төсенішттер мен ең қажетті мүлікттер жасаған.

Қойдың жүнін «жабағы»,»күзем»,»қозы» бөліп қарайды.

*Жабағы жүн- көктемде қойдан қырқылып алынады. Киімге ,алаша ,ши тоқуға қолданады.

*Күзем жүн-қойдан күзде қырқылып алынады. Күземді көбіне киіз басуға пайдаланамыз .

*Қозы жүн-қозы туылған жылы бірінші қырқылған жүн.

Тәрбиеші:Жүннің емдікте қасиеті бар.Гайморит пен варикозды қойдың жүнімен емдеуге болады екен Қойдың жүнінде суықты тартып алатын, Жараның тезірек жазылуына жәрдемдеседі. Температураны бірқалыпты сақтайды.

Тәрбиеші:Ендеше киіз басу өнерін көрсетейік

Киіз басу үшін алдымен шиді төсейміз, шидің үстіне жүнді көлденеңінен,тігінен төсеп аламыз жүннің бір тегіс төселінгенін қадағалауымыз қажет. Енді ақ жүннен негізін төсеп алғаннан кеиін боялған жүннен ою-өрнегімізді салып шығамыз. Осы салынған жүн қозғалып кетпес үшін ақ матаны жауып үстінен сабынды суды сеуіп абден ысқылаймыз. Келесі кезең бұл су себілген жүнді шиге қатты орап,әбден білектейміз міне осылай киізімізді дайындап шығарамыз. Киізді жақсылап кептіріп қою қажет.

(жасалу жолдарын ретімен көрсетеді,жасайды)

Хор: «Жеті қазына»

Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Тақпақтар

1.Қ.Амина

2.Жібек

3.Асылтас

4.

5.

Мақал –мәтел жарысы

(Ұлдар мен қыздар тобы)

Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады, Келген қонағымыздың батасын алайық

Бата беру

Жетегің бұйда болсын,

Арқаң шуда болсын.

Беретін асың болсын,

Көретін жасың болсын.

Бесігің алдыңнан түспесін,

Басыңнан жақсылық кетпесін,

Жамандық саған жетпесін.


Жасалып болған киізді ашып көрсету

Шашу шашылады.



Балабақша әдіскері: А.Е.Асембекова



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі