Ж
ШС «Кішкентай
данышпан» бөбекжай-балабақшасы
Бекітемін:
«Кішкентай данышпан»
бөбекжай-балабақшасының
меңгерушісі: У.К.Ешенкулова
Тақырыбы: «Армысың әз Наурыз!»
Тәрбиешілер: Қалдыбаева А
Алтай Д
Назарова Б
Шымкент 2025-2026 оқу жылы
Тақырыбы: «Армысың әз Наурыз!»
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы
түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны
құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы
орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық
салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап,
ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата —
аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп
қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз., Наурыз – тек жаңа жыл емес, ол
табиғаттың да, адамның да ішкі дүниесінің жаңарып, теңесетін шағы.
Яғни бұл күнді біздің ата — бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған
жылдардан бері мерекелеп келе жатыр
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып,
тілектеріңіз қабыл болсын!
Жүргізуші:
Наурызым қайта оралды аты
аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй — дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!- дей келе құрметті қонақтар
ертеңгілігімізді «Көктем» әнімен
бастаймыз.
Қабыл алыңыздар!
Ән: «Көктем»
Жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр
сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн — Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем демекші біздің кішкентай
бүлдіршіндеріміздің құстар биін
тамашалаңыздар!
Би: «Құстар»
Жүргізуші:
Көктем жетті көл — көсір шуақ
құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып дей келе кезегімізді Наурыз
мерекесіне арнаған көрінісімізді қабыл
алыңыздар.
Көрініс: «Ата дәстүр –ұрпаққа аманат.»
Көрініс басталуы:
(Үй іші. Дастархан жайылған. Әже мен ата дастарханда жайғасып отырады)
*Апа:*
— Биылғы Наурыз да келіп жетті ғой, отағасы. Уақыт деген зымырап өтеді екен.
*Ата:*
— Иә, рас айтасың. Біздің бала кезіміздегі Наурыз мүлде ерекше еді. Ауыл болып дайындалатынбыз.
*Апа:*
— Есіңде ме, бәріміз таң ата тұрып, үйді тазалап, аула сыпырып, жаңа киімдерімізді киетінбіз?
*Ата:*
— Қалай ұмытайын! Үлкендер «Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жыл бойы солай өтеді» деп айтып отыратын.Сол кездегі «Ақсүйек» ойынын айтсайшы.Қызықты кездер еді ғой
*Апа:*
— ия.ия. Ол күндерді қалай ұмытамыз?
Ал наурыз көжені ше? Жеті түрлі дәм қосып, үлкен қазанға пісіретінбіз.
*Ата:*
— Иә, әр үй бір-біріне қонаққа барып, көже ішіп, ақ тілек айтып жүретін. Араз адамдар да осы күні татуласатын еді.
*Апа:*
— Қазір де сол дәстүр жалғасып келеді, шүкір. Бірақ бұрынғыдай ауылдың бәрі бірдей жиналатын кездер сағыныш болып қалды.
*Ата:*
— Дегенмен, ең бастысы — Наурыздың мәні жоғалған жоқ. Бұл — жаңару, мейірім, бірлік мерекесі.
*Апа:*
— Дұрыс айтасың. Балаларымыз бен немерелеріміз осыны түсініп өссе екен.
*Ата:*
— Иә, соларға аманат. Әз Наурыз әр үйге береке, бақ әкелсін!
*Апа:*
— Әумин! Жаңа жылымыз құтты болсын!
Келін: (самаурынмен ішке кіріп, сәлем береді)
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі құтты болсын!
Алла сіздерді аман-есен, ортамызда ұзақ уақыт сақтасын. Бізге ақылшы, тілеуімізге тілекші болып, әрдайым ортамызда жүре беріңіздер.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын! — деп иіліп сәлем салады.
Ата мен ене риза болып, батасын береді, үй іші Наурыздың жылулығына бөленеді
Немерелері келіп амандасады.
Ұл:
Апа ертерек мерекені тойлауға бара берейікші.
Әже (жымиып, жұмсақ дауыспен):
Қарақтарым-ау, асықпаңдар. Бүгін қандай күн екенін ұмыттыңдар ма? Бұл — Ұлыстың ұлы күні ғой.Таңғы асты ішіп алыңдар.
Ұл:
Иә, мен де достарыма барамын! Таңғы ас ішпей-ақ шыға берейікші!
Ата (салмақты түрде):
Қазақта «таңғы асты тастама» деген сөз бар. Таңғы ас — ырыс пен берекенің бастауы. Аш қарынмен шыққан адамның ісі де өнбейді.
Әже:
Алдымен үйдің дәмін татып шығыңдар. Бұл — үлкендердің жолы, дәстүрі.
Келін: Әрине апа.Шайдан алыңыздар!
Ата (күлімдеп):
Ал қарақтарым жүріңдер!
Наурыз тойын тойлауға барайық.
Келін:
Жүріңіздер сіздерді шығарып салайын.
Жүргізуші:
Наурыз той басталды
Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық
тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке – дей келе біздің кішкентай
батырларымыздаң «Көкпар» биін қабыл
алыңыздар!
Би: «Бәйге»
Жүргізуші:
Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын!- деп келесі кезекті кішкентай періштелеріміздің
өлең шумақтарына берсек.
Хантөре:
Мол,мол болсын ырыс құт
Жасай берсін ырыс құт
Дейді атам салтанат
Құра берсін тыныштық
Рамазан:
Ұлы күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар
Жүргізуші:
Алқа — жұртым, той — думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
ӘН: «Наурыз көктем»
Көрініс:
Ағасы мен жеңгесі дастарханда отырады.
Жеңгесі:
Биыл Наурыз мерекесіне ауылда ерекше өтіп жатқан секілді отағасы.
Ағасы: Ия, кешке «Ақсүйек» ойыны да ойналады екен.
Қыз залға келеді көңілді
Қыз:
Жеңге, жеңге шашымды өріп бересіз бе?
Жеңге: Әрине ерке қыз.Бүгін ерекше көңілдісің ғой,,
Қыз: Әрине жеңге!!! Бүгін Наурыз мерекесіне ауыл жастары жиналып, «Ақсүйек» ойынын ойнайды.Көрші ауылдан қыздары мен жігіттері келеді...
Жеңге: Түсіндім,түсіндім ерке қыз.
«Ерке қыз, шашың ұзын, көркің сұлу болсын. Өрген әр бұрымым бақ-береке әкелсін. Бүгінгі Наурыз тойында ақ сүйек ойнағанда жолың болсын, күлкің көп болсын. Барған жеріңде ибалы, инабатты болып, өзіңді көрген жан сүйсінсін. Шашбауың сылдырлап, бағың жарқырап жүрсін, айналайын!»
Қыз: Жеңге мен «Ақсүйек» ойынына арнаған әсем әнімді сізге орындап берейін бе?
Жеңгесі: (қуанып) Қандай керемет.әрине ,әрине.Мерекеде көңілім көтеріліп қалатын болды ғой.....
Ән: «Көзіңнің мөлдірін ай»
Ағасы:
Даусыңда шынайылық пен тазалы бар, бұл өте сирек кездесетін қасиет алтыным.
«Қарындасым, “қызды қырық үйден тыю” деген бар. Бара ғой, думанды көр, ойна, күл. Бірақ өзіңді ұмытпа — абыройыңды сақта. Кешікпей, ертерек қайт. Біз сенің амандығыңды ойлаймыз. Қайда жүрсең де, біздің атымызға кір келтірмей, тәрбиелі қыз екеніңді көрсет.
Қыз:
Аға, ақылыңызды түсіндім. Сіздің айтқаныңыз — мен үшін аманат. Өзімді де, сіздердің абыройларыңызды да әрқашан сақтаймын.
Қай жерде болсам да, тәрбие мен әдепті бірінші орынға қоямын. Уақытымды бағалап, айтқаныңызды ескеремін.
Уайымдамаңыз, сіздің сеніміңізді ақтаймын.
Жеңгесі ағасы екеуі қызды шығарып салады.
Жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл — көсір- дей келе шашу биін қабыл
алыңыздар.
Би: «Шашу»
Жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың
басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі — жасың- дей келе балалардың өлең
шумақтарын қабыл алыңыздар.
Абдуллах:
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда болса жол болсын
Дендеріңіз сау болсын
Бақыт береке көп болсын!
Даниал:
Наурыз келді елімде
Шаттық толды көңілге
Ән айтып біз билейміз
Қуаныш бар төрімде.
Ибрахим:
Мол,мол болсын ырыс құт
Жасай берсін ырыс құт
Дейді атам салтанат
Құра берсін тыныштық
Жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
Оркестр:
Наурыз тойдан ата мен әже немерелерімен дастархан басына жиналады.
Келін:
Наурыз той қалай өтті? Көңілдеріңіз көтеріңкі болды ма?
Ата:
— Иә, балам, бәрі жақсы өтті. Көптен көрмеген достарымды көріп марқайып қалдым.
Ал ендеше Наурыз тойға бата беріп жіберейін.
Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке — бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Алдар көсе Наурыз бата беру
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар,әріптестер,бүлдіршіндер!
Бүгін біз Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін бірге қарсы алудамыз.Баршаңызға қуаныш, амандық, молшылық тілеймін! Келген қонақтарымызға ризашылығымызды білдіреміз, отбасыңызға береке, үйіңізге құт-құрал әкелсін.
Гимн: «Кішкентай данышпан»

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Армысың Әз Наурыз!

шағым қалдыра аласыз