Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Армысың Әз-Наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Армысың Әз- Наурыз!



1.Фанфары «Наурыз»

  1. «Алаш» тобы

2.Фон (жүргізуші)

1-жүргізуші:

Сәулесі бар наурызда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күнін паш етейік

Белгісі достық пенен мәңгіліктің.

2- жүргізуші:

Келді наурыз ұлы күш тасқынымен

Ел көріскен тума-туыс, достығымен.

Қуанышы молайып ағайынның

Қайғы мұңын ұмытқан, тас жібіген

(екі әже шығып тұрады)

3.Әже 5 А:

Шашу, шашу ағайын!

Бар қуаныш шашу болып шашылсын.

Ренішіміз су сепкендей басылсын

Ұлы күнде ризығымыз мол болып

Шын ықылас нұрын төгіп тасысын.

Әже 5В :

Шашу, шашу көп шашайық шашуды

Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат жинап ал несібеңді,

Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ. (музыка ойналады, әжелеріміз шашушашады.)


3.КӨРІСУ (фон)

(Көрісу дәстүрі 5 а - 5в ата-аналары екі жақтан шығады)


4.Фон (жүргізуші)

1-жүргізуші:


Самарқанның көк тасын ерітіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, елімізге құт-берекені енгізіп, нұр тамшыларын аямай төгетін, ұлыстың ұлы күні баршаңызға Наурыз мерекесі құтты болсын!

2-жүргізуші:

Наурыз- қайырымдылық пен имандылықтың, бірлік пен достықтың ұлы мерекесі. Наурыз ұлылықты ұлықтайтын, жастарымызды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейтін тағылымды мейрам!

1-жүргізуші:

Бұл күні алдағы күндерге арналып, ізгі ой, арман –мақсат айтылып, тілектер тіленеді.

Олай болса мерекелік құттықтау сөзді №5 мектеп-лицей басшысы Әлия Пауединқызына ұсынамыз.

1-жүргізуші: Мың бұралған 5 –сынып қыздарының орындауында Қазақ биі . Қарсы алыңыздар!

4.Би «Қазақ биі»


5.Фон (жүргізуші)

2-жүргізуші:

- Шәкір ,сен қандай сал-дәстүрлерді білесің?

1-жүргізуші:

- Қазақ халқының салт-дәстүрлері шілдехана, бесік той, тұсау кесу, сүндет той .

2-жүргізуші:

- Қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан дәстүрінің бірі «Игіліктің көзін ашу» дегенді естуің бар ма?

Олай болса, құлақ сал:

Наурыз тойында жігіттер бастаулардың көзін ашып,айнала төңіректі тазартады,қариялар тал егеді,әйелдер бұлаққа май құйып, ең маңыздысы өсімдікке ақ құяды.осылайша табиғаттың өсіп өнуіне жағадай жасалады. Негізгі түйін астық бітік шықсын,бақша-бау жемісті болсын,шөп шүйгін ,мал қоңды болсын деген халықтың дәстүрі нақты дәлдікпен түспалданған.

Сахналық көрініс: «Игіліктің көзін ашу».

Ауыл көрінісі, ағаш үй,ауылдың жігіттері,әжелері келіндері.

(5а, 5 в-сыныбы ата-аналары отырады).


Видео (Бақша-бау арықтарын ашып жүрген жігіттер,шаруадағы әжелер)


Әже:

Бүгін ауылда қызу жұмыс жасалуда «Игіліктің көзін ашу»деген осы ,мінекей!

Келінжан, маған май әкел,өзеннің ағысына май құяын,су тиген жер шұрайлы болады.

Келін: Жерге еккен егін бітік болсын,шөп шүйгін,бақша-бау жемісті болсын деген ізгі –ниетпен

Ағашқа ақ құяын.Барлық жақсылық нышаны ағарып тілеуіміз ақ болсын!


Әже батасы:

Берекелі, мерекелі жыл болсын,басымыз аман,төрт түлік сай болсын!Жер бусанып көгеріп шыққан барлық бақша –бау бітік болсын!Наурыздан наурызға жеткен қасиетті наурызкөже де маңдай термен егілген 7 түрлі тағамнан дайындалады.


6.Наурыз көже (фон)

(көжені жас аналар алып шығады)


1-жүргізуші:

-Бүгінгі мерекелі күннің берекелі асы Наурыз көжемізден дәм тата отырыңыздар!

Ата-аналар орындауында ән: «Алма ағаштың гүліндей»

2- Жұргізуші: -Аудандық байқауларының жеңімпаздары Қуаныш Аида, Ренат Айша орындауында «Көзімнің қарасы»



Монтаж

1-оқушы

Мерекеміз Наурыз –

Халық күткен бақ-ырыс.

Адамдардың аңсары,

Бір-біріне сағыныш.

Кетіп қыстың ызғары,

Жібіп тоң мен мұз-қары,

Жарқырайды күмістей

Таудың асқақ шыңдары.

2-оқушы

Күн менен түн теңеліп,

Жердің жүзі көгеріп,

Сылдырайды бұлақтар,

Шаттық үнге кенеліп.

Күлімсірей күн шығып,

Тал-дараққа бүр шығып,

Кіріседі тірлікке,

Жан-жануар құлшынып

3-оқушы

Айналаңнан жаңа көктем лебі ескен,

Бұл кезеңде күн менен түн теңескен.

Сан ғасырлық ата-баба салтына

Көпір болған Наурыз өзің емес пе ең?!

4-оқушы

Алтын күні шуақ шашып аспаннан,

Жаңа жылым жыр думаннан басталған.

Ақ дастархан жайып қазақ төріне,

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған

Хормен:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін.

Бүкіл қазақ еліне.

5-оқушы

Райымбек:Новый день, начало мира,

Сброшен тягот лишний груз,

Азамат:Лица радостью сияют,

Люди празднуют Наурыз!

Зангар:Смех, веселье в каждом доме,

Чистота, накрытый стол,

Әмір:Угощают, поздравляют

С наступившею весной.

Даниял:Вам и всем — стране, народу —

Благоденствие и мир,

Амир:Жизни долгой и свободной,

Вечной щедрости земной

Рахмадин:Великолепием весенним,

Как песнь акына на айтыс,

Мейірімжан:Ручьём звенящим, птичьим пеньем

Приходит в гости к нам Наурыз!

Ерзат:Пусть изобилие и счастье

С собою в дом он принесёт.

Әбілмансур:И меньше будет дней ненастных,

И светел, ясен небосвод!

Тамрлан:Наурыз — весенний Новый год,

День равноденствия, тепла.

Елхан:С собой он радость всем несёт,

Весна на землю к нам пришла.

Арслан:Пусть смех и радость в доме будут,

И пусть невзгоды прочь уйдут.

Айару: Пусть доровья будет много

Пусть лежит к любви дорога

Аянат: Пусть счастливым будет год

Пусть удача всех найдет

Алина: Пусть у всех достаток будет

Любят пусть друг друга люди

Инабат : Всех с Наурызом поздравляем

Много радости желаем!


2-жүргізуші:

-Аудандық байқауларының жеңімпазы Амангелді Әминаның орындауында «Наурыз-көктем»


1-жүргізуші:

-Нағыз қазақ қазақ емес ,нағыз қазақ домбыра дей келе ,келесі кезекті аудандық байқаулардың жеңімпазы Сейілхан Айкөркемнің орындауында Туған жер.



7.фон(жүргізуші)

1-жүргізуші:

Қыдыр келіп, бата берер ырыс күні,

Бұзылмасын елімнің тыныштығы

2-жүргізуші:

Құт болсын, бақыт қонсын, бірлік болсын

Нұр сыйласын елімнің тыныштығы


14.Қыдыр Баба:

Армысыздар жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Ақ мол болсын.

Қайдабарсаңжолболсын.

Жаңажылбақытжылыболсын!

Малың тоқ,уайым,қайғыңжоқболсын.

Ұлысберекеберсін,

Бәле – жала жергеенсін!

Дастарханымыздандәмкетпесін

Көңілімізденсәнкетпесін .

Ұрпақ,ұлысаманболып

Өмірімізденмәнкетпесін

Құдайпейіліміздітарылтпасын,

Қуаныштанарылтпасын ,

Халқымешбірқамықпасын,

Қасиетішарықтасын!!!

Меніңбергенбұл батам-

Ұлыскүнгесақтапжүргенсұр батам! Әумин!!!


1-жүргізуші:

Ән: «Наурыз думан»

Орындайтындар облыстық, аудандық ән байқауының жеңімпаздары . «Самал» тобы


2-жүргізуші:Наурыз баршаңызға құтты болсын!

Дендеріңіз сау, мықты болсын.

Наурыз тойы келе берсін!

1-жүргізуші:Барлық халық бақытты болсын,

Еліміздің несібесі көп болсын.

Қош сау болыңыздар, халайық!

Көріскенше күн жарқын болсын!


















5 мектеп-лицей




« Армысың Әз- Наурыз! »

салтанатты жиын бағдарламасы





Жауапты: 5 «А» Г.Е.Аетова, 5 «В» Н.А.Мекенова























2025-2026 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі