Материалдар / "Армысың әз-наурыз" ертеңгілік

"Армысың әз-наурыз" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз ертеңгілігіне арналған сценарий
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ
Директор м/а:
К.С.Касымов

Мектепалды
сыныбынің

«А»

тәрбиешісі
Кункаева Гульмира Тулеуовна

2023-2024 оқу жылы

22 Наурыз мерекесіне арналған «Армысың, әз- Наурыз» атты
ертеңгілік әзірмесі
Сабақтың тақырыбы:  «Армысың, әз -Наурыз»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт
мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтанұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту.
Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
 Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын
сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
 Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық
тәрбие жөнінде нақыл сөздер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті,
көрме, мерекеге байланысты бейнеслайдтар т.б.
 
Барысы: 
а) Ұйымдастыру
ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.
 Тәрбиеші:
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстар сайратып,
Наурыз тойын тойлатып,
Ұлыстың ұлы күні келді ағайын.
Той құтты болсын! Ақ мол болсын!

Тәрбиеші: Құрметті оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –
Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына
жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып
жаңа жыл келді. 
ШАШУ ШАШУ
НАУРЫЗ - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. 
Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны
білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер,
тәжіктер және т.б. атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі
22 наурыз күніне сәйкес келеді. Наурыз кезінде наурыз-көже дайындалады.
Ал, балалар, тұрмайық
Әндетейік шырқайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би билеп

Ән мен күйді төгітіп
Інжу – маржан шашайық
1.Ән: «Наурызды қарсы аламыз»
2.Тақпақтар:
Айкөркем
Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша.
Шат - күлкімен қуаныш
Еліме сыйлар жұбаныш.
Бүршік жарып ағаштар
Асық ойнап балалар.
Наурызды жүр қарсы алып
Жасы үлкен аталар
Дархан
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!
М.Айзере
Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді,
Біздерге арнап әдемі
Наурыз көже пісірді
Жангир
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
Маргарита
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.

Әдемай
Наурыз айы –гүл айы
Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы
Нұрсұлтан
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Саяжан
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
Айзада
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Айша
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!

Жанали

Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
А.Раяна
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.

Елхан
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.

Даниал
Алақай-ау, алақай!
Наурыз келді, балақай!
Халық тойды тойлайды,
Әсем әнге салады

Айару
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.

Медина
Алақай-ау, алақай!
Наурыз келді, балақай!
Халық тойды тойлайды,
Әсем әнге салады

Заңғар
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!

Алан
Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз
Наурыз бұл береке
Құтты болсын мереке

Арнұр
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.

С.Айзере
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық

Майра
Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады

2. Би қыздар: Қамажай
3 Би ұлдар флешмоб «Жігіттер»

НАУРЫЗ БЕЛГІЛЕРІ
-Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермейді,
сатпайды. «Наурыз төл» деп атайды. 
-Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп
қуанған. «Наурызша» - деп атаған. 
-Бұл күні 7 түрлі дәмнен «Наурыз көже» пісіріледі.
Тәрбиеші:
Балалар мен сендерге біршама Наурыз мерекесіне байланысты
сұрақтар қойғым келіп тұр сұрақтардың жауабын тауып көреміз бе?
4 Сұрақтар:
№1. Төрт түлікті ата. (түйе,жылқы, сиыр, қой-ешкі)
№2.Аптаның бесінші күні (жұма)
№3.Апта күндерін ата. (Дуйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,
жексенбі)
№4. Жұмбақ.
Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ. (тұз)
№5. Сүт тағамдарын ата. (сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, май, қаймақ,
құрт)
№6. Ұлттық ойындарды атаңдар .( «Айгөлек», «Ақсүйек», «Тобық», 
«Ханталапай», « Тоғызқұмалақ», « Теңге алу», «Қыз қуу», «Асық», 
«Көкпар», «Бес тас», «Арқан артыр», «Иық қағысу», «Күш сынасу»тағы
басқа.
№7. Жұмбақ.
Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ. (тұз)
Тәрбиеші:

Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу-маржан шашайық!
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.

5
Тәрбиеші: Балалар қандай біздің ұлттық ойындарымыз қандай білесіңдер
ме? Жарайсыңдар!
Олай болса осы ұлттық ойындардың бірнешеуін ойнап көрелік.
8. Ұлттық ойындардан ойнау : «Асық ату», «Қанталапай»
9. «Күш сынасу», «Иық қағысу»
10. «Арқан тартыс»
Тәрбиеші:
Балалар біздің қандай салт дәстүрлеріміз бар білесіңдер ме?
Жарайсыңдар!
Дархан: Армысыңдар, жәмиғат! (қолың жайып)
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин! (бетін сипап бата береді.)
Қорытынды: 
Тәрбиеші: 
Ән қосылсын әңіне,
Сән қосылсын сәңіне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік. 

Келер Наурыз тойына!
Наурыз құтты болсын!!! Қазақстанымыз гүлдей берсін!
Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін! Өмірлеріңізде
куантатын сәттер көп болсын!Осымен даярлық сынып оқушыларының
дайындаған «Армысың әз Наурыз!» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! 
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Наурыз көжеден дәм алыңыздар!
Осы сәтте «Наурыз думан » әні орындалып, бәрі дастарқанға жайғасады. 
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ