400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Армысың, берекелі әз Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұлыстың ұлы күні Наурыз туралы мағұлмат беру.Ұлттық салт дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Армысың, берекелі әз Наурыз!»

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні наурыз туралы мағлұмат беру. Балаларды елін,Отанын сүюге,ұлттық сал –дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық,инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Әже: Уа,халайық армасындар! Бүгін біздің ауылда үлкен той. Қазағымыздың жаңа жыл мерекесі Наурыз құтты болсын! Сонымен қатар тағы бір той немеремнің тұсау кесер тойы. Бұл – үлкен қуаныш, мереке. Сіздер осы тойдың қадірлі қонағысыздар. Көңіл көтеріп, демалып отырыңыздар. Басқа ауылдан қонақтар келуші еді, кешігіп жатыр

(Музыка ырғағымен балалар кіріп,сәлем беріп, малдас құрып отырады)

Әже: Қош келдіңдер, құлындарым, жоғары шығыңдар!

Тәрбиеші: Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ  күні.

Келді Наурыз жар салып,
Кел, билейік, ән салып.
Жылда келсін, ұлы күн,
Тұрайық есен қарсы алып.

Ән: «Наурыз- Достық мерекесі»


Әже: Менің немеремнің тұсау кесер тойына қош келіпсіңдер. Алғашқы немерем жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесемін. Ал, келін балам, кішкентай немеремді ортаға әкел.

(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)

Тәрбиеші:Тұсау кесу дегеніміз – кішкентай балаға ырымдап, тез жүріп кетсін деп, ала жіп байлап, бата тілек айтып кеседі. Тұсау кескенде көк шөппен, тоқ ішекпен де кеседі. Ондағы мақсат: көгерсін, өссін – өнсін дегені және де бай – даулетті, бақуатты болсын дегені. Бүгін біз ала жіппен тұсау кесеміз. Мақсатымыз: бөбегіміз ешкімнің ала жібін аттамасын, ешкімге жамандық жасамасын дегеніміз.

Келін бала:  (баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)

Тәй-тәй балам, тәй балам,

Шақырып тұр айналаң,

Жүруге алғаш талпындық

Құтақандай жан балам,

Қаз-қаз тұрып талпындың,

Қуантасың, күлесің.

Аман болсаң аз-ақ күнде

Алшаң басып жүресің.


Әже:

Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа.

(әже қолына ала жіпті алып жатып)

Ала жіппен тұсайын

Бейбарыстың аяғын

Тұсау жібін кесейін

Жасап баба ырымын.

(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)

Қаз-қаз бала, қаз балам.

Қадамбассаңмәзболам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құттыболсынқадамың.

Алғақарай баса бер,

Асулардан аса бер.

(немересін жетектеп жүргізеді.)

Тәрбиеші: Әже сіздің немереңіздің «Тұсау кесер» тойына біздің балаларымызда ән мен биден шашу шашады.Бірге тамашалайық..

Гүлім: Уа жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар
Ата менен анаң бар 
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар!

Айгерім:

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Наурыз тойын бастайық.

Тамина:

Жыл басы Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жана оянды!

Би: «Батырлар»

Тәрбиеші: Ендеше балалар бойымызды жазып қазағымыздың төл мерекесінде ұлттық ойын ойнайық

Ойын: «Теңге алу»

Тәрбиеші:

Шалқып мерекеде ән салайық

Би билеп, ән өнерге тамсанайық

Аңызбен, ертегімен бізге жеткен

Наурызды, қонақтарды қарсы алайық

Қыдыр Ата: Армысындар, қарақтарым! Наурыз тойы құтты болсын! Ақ мол болсын, қайда барсаңдар жол болсын!

Тәрбиеші: Қыдыр Ата сәлеметсізбе, жоғары шығып өнерлі балаларымыздың өнерін тамашалап, жайғасып отырыңыз.

Аделя:

С наступлением весны
Новый год приходит,
Блюда из семи продуктов
На столе находит!
Чисто вымыт каждый дом,
Красота, порядок!
А в душе поет весна,
В дом есть достаток!

Ильяс: Флай литл бёд флай

Флай инто зэ блю скай

Уан, ту, сри

Ю а фри

Тәрбиеші: Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,

Наурыз ай шаттықпенен нұр берген.

Гүлі шығып дала жайнап құлпырған,

Далам қандай тамаша еді ән тұңған.

Ән: « Көктем келді»

Әже: Менің балаларым,  осы наурыз біздің жаңа жылымыз, осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді) . Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады. Ендеше наурыз көженің қалай дайындалатынын айтып берейін: 7  деген сан киелі сан. Қазақ киелікке, ырымшылыққа аса мән берген. Наурыз көже жет түрлі дәмнен жасалады: оған су, сүр ет, айран, құрт, бидай немесе тары, тұз, күріш, сияқты дақылдар қосады.

Тәрбиеші: Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Наурыз айы туғанда

Мың бұралып билейміз,

Би: «Қамажай»

Әже: Рахмет, балаларым, өркендерін өссін. Жаңа ортамызға келген жыл құтты болсын! Бүгін «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» . Бүгінгі мерекеге арнап бауырсақ пісірдім, дәм татыңдар.

Тәрбиеші: Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей атадан бата күтеміз.

Қыдыр ата: Сұрасаң бата берейін,
                      Үстем болсын мерейің 
                      Ықыласпен қол жайсаң,
                      Ақ тілекті төгейін
                      Ұлыс оң болсын
                     Ақ мол болсын
                      Қайда барсаң жол болсын!
                      Ұлыс бақты болсын,
                      Төрт түлік ақты болсын! Әумин!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Барлықтарың өнегелі-өнерлі екенсіңдер. Балалар бүгінгі тойымыз өте қызықты өтті. Салт-дәстүрімізді сақтай білейік.

Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі