400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Армысың, Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған ертеңгіліктің сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

6Тақырыбы: Армысың, Жаңа жыл!

Өткізілген күні: 23.12.2019 ж

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Жүргізуші ортаға шығады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме! Құрметті қонақтар! Армысыздар, ардақты тәрбиешілер, балалар!

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындар жаңа бақыт.

Тышқан жылы келіп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, балалар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы -Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші: Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық. 
(балалар келіп орындықтарға отырады)

Жүргізуші: « Шырша» әні

Жүргізуші: Балалар осы кешімізге кім жетіспей тұр деп ойлайсыңдар?

Енді қарап тұрмайық

Бәріміз бірге дауыстап

Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Аяз ата, Ақшақар! – 3 рет

Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.

Аяз ата: 

Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуміз сонау солтүстіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Балаларым біз Ақша қар екеуміз ғана келген жоқпыз сендердің өнерлеріңді бізбе бірге тамашалауға орман аңдарыда келді. ( Аю, түлкі, қасқыр)

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық.Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр. Балалар сендердің шыршаларын жанбапты гой. Олай болса кәне барлығымыз сиқырлы сөзді айтайықшы.

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар ортамызға қош келдіңіздер. Сіздер келмесе біздің балалар ән салмаймыз деп ренжіп отыр.

Жүргізуші: Балалардың өнерін тамашаласақ.

1. Айсулу

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

2. Омар
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,

3.Ершат

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

4. Ақерке

Жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап

5. Мирас

Әкем таңдап әперді

Ең үлпілдек шыршаны

Иісі жұпар шыршаны

6. Аяжан

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

7. Рамазан

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

8.Айдана

Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Би билеп, ән саламыз

9. Әрсен

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

10. Сымбат
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

11. Марғұлан

Жаңа жылда балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар балалар

Мықты болу өзіңнен

12.Томирис

Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап барлық бала жүр.

13. Жанарыс

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға

14. Іңкәр

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

15. Абылай

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

16. Қуаныш

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

17. Айлин

Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар.

Жүргізуші: Ендеше ортаға бишілерімізді шақырайық

Жүргізуші: БИ:____Қыздар_______________

Жүргізуші: Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің балалар өнерлі.

Жүргізуші: «  Аппақ аппақ жапалақтап» әні

( Доңыз шыршаның түбінде жылап отырады)

Ақша қар: Балалар естідіңдер ме, бұл кім жылап отырған? Мен көріп келейін.

( Доңызды Ақшақар алып кіреді)

Ақша қар: Балалар қаңдаршы шыршаның түбінде жылап отырған доңыз екен. Неге жылап отырсың?

Доңыз: Балалар, Аяз ата менің кететің уақытым таяп қалды сондықтан жылап отырмын.

Ақша қар: Бірақ олай болмайды ғой сенің орнына тышқан жылы келу керек. Ол сенің қоштасқаныңды күтіп отыр. Аяз ата олай болса тышқанды да балалардың өнерін тамашалауға шақырайық.

Доңыз: Кәзір мен тышқанды ертіп келейін.

(Музыканың сүйемелдеуімен Тышқан ортаға келеді.)

Тышқан: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қандай әдемісіңдер.

Жүргізуші: Тышқан ортамызға қош келдің. Олай болса балаларымыздың биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: БИ _____Ұлдар______

Доңыз: Бәрекелді, жарайсыңдар. Балалар сендер өнерлі екенсіңдер. Мен енді кетейін менің уақытым таяп қалды. Қош сау болыңдар!!!

(Музыканың сүйемелдеуімен Доңыз кетіп қалады.)

Жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақыт болып бастады жыл дастаны

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Аяз ата: Ал, қарақтарым ! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсің. Биік шыңдардан көрініңдер! Ақша қар және менің достарымның атынан мына сыйлықты қабыл алыңдар!

Жүргізуші: Ал, балалар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Жүргізуші: Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға баыт пен шаттық әкелсің . Еңбектеріңіз жемісті болсын! Жаңа жыл құтты болсын!! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
492
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі