Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Армысың Жаңа жыл»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жаңа жылдық
ертегі: «Күлте қыздың сауық кешіне баруы»
Күлте қыз
Ханзада
Өгей шешесі
Екі сіңілісі
Ергежейлілер
Фея
Жыландар
Патша
Аяз ата
Ақшақар
Мысықтар
Үш ат
Сұлтандар мен сұлтаншалар
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге бақыт, табыс ала келсін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңызда аманшылық болсын! Бүгінгі «Қош келдің, Жаңа жыл»атты жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға мектеп алды даярлық тобы менен 1 «Д» оқушыларын шақырамыз.
Балалар жаңа жылдық киіммен
алдында үш ақ ат шана сүйреткен, қоңыраулармен ән әуенімен кіріп
билейді. (Балалар беттерінде аттар бетпердесі болады)
Шыршаны айнала тұрады (шырша шамдары
жанбайды).
Жүргізуші: Енді балалар бәріміз қолұстасып «Шырша жырын» орындайық.
Хор: «Зырлайды шанамыз.»
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақмамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз
сіздерді.
Айбар: Армысыңдар халайық!
Бармысыңдар халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық!
Айару: Жаңа жыл мерекесі құтты
болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта
толсын.
Алуа: Ертегі әлемі, неткен
әдемі!
Жасыл шырша жанында барлық достар жиналды
Қане балақай бақашы, мән беріп қарашы
Достардың барлығы, үлгердіме санашы.
Асыға басып, қол ұстасып Келді әне
барлығы!
Азамат: Жаңа жылды қарсы
алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын-жарқын ән салып
Жалғасады жырға –жыр.
Батырбек: Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны.
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен.
Жүргізуші:
Бұрыннан болған екен Аяз
ата
Тосады екен балалар қысқы
уақытта
Ақшақарды Қасына ертіп
алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл
таппай
Жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен
Аяз ата мен Ақшақарды ортаға
шақырайық.
Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы
алайық!
Балалар
хормен: Аяз ата кел,кел бізге сыйлық бер. 3рет
айтады.
(Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп
келеді.)
Аяз
Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл
қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір
сәлем!
Қандай жарқын
жүздерің,
Қандай әсем
жырларың
Асулармен
алысқан,
Асау желмен
жарысқан
Аталарың
сендерге
Шаршап келді
алыстан
(Балалармен
амандасады.)
Ақшақар;
Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата -
аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты
болсын!
Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай
әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып
кетіпті.
Меруерт: Шырша,шырша
Шамдарыңды жарқырат.
Би билейміз айнала,
Балаларды таңырқат.
Балалар хормен:
Құлпырған сүйікті шырша
Жарқыра-жарқыра
(барлығы айтады,шырша шамы жанады.)
Хор: «Шырша жыры»
Әліби:
Аяз-ата аманба?
Аман болғың әмәнда
Қарша қызды сүйеміз
Ізетпен бас иеміз
Жаңа жылға мың сәлем
Жасай берсін бұл әлем.
Анар:
Алыс-алыс жерден келдің
Отырағой деміңдң ал
Өңкей бала төңірегің
Бізбен бірге әнге сал
Сағыныш: Тамаша ғой қыс деген
Қуанады бар бала
Шырша тойын тойлайды
Аяз атамен қосыла
Гүлфайрус:Жаңа жылға арналады жаңа
жыр,
Жаңа жылда шақырады бар
өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді
ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа
жыл!
Гүлшат:: Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты
жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
Нұрислам: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Жалғас: Кел билейік сенімен
Дедім тартып жеңінен.
Еріп кетпе Ақша қар,
Адамдардың демімен
Жүргізуші:
Билейміз деп бұралып,
Қыздарымыз тұр сұранып.
Би: «Ақ ұлпа»
(жылқылар кіріп жаңа жыл туралы ән айтады. )
жылқылар тақпақтар:
Дәулет: Жылқы жылы туғандар
Өсті жылда бойларың
Көп ойларды игеріп
Шарықтады ойларың
Арсен: Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Қоштасамыз біз бүгін
Жасадық көп жақсылық
Әлібек:.
Балаларым балғындарым
Алғысым көп айтар менің
Дәл осылай артығырақ
Қарсы алыңдар қой жылын
Арман«Қой»
жылы
Армысыздар
халайық,
Бармысыздар
халайық.
Жаңа жылды жұп
жазбай.
Келіңдер қарсы
алайық.
Жақсылыққа
бағытталған.
Қоймын мен жаңа
жыл,
Жаңа жылда
барлығыңыз.
Жаңа үміт таба
біл.
Қой жылының
мерекесін
Берекеге
жалғаймын.
Елде жерде
табиғатта
Бейбіт жолды
қолдаймын.
Дәулет.С: Ал,балалар тұрмайық
Жаңа жылдай жылқы бар
Оны ортаға алып біз
Қоштаса билеп алайық
Би:
Жылқылар
(жылқылар кетіп, ергежилілер
кіреді.)
Барлық
гномдар:
Біз сүйкімді
ергежилі,
Орманда біз тұрамыз,
Біз сүйкімді ергежилі
Ертегіні бастаймыз.
Темірлан:
Орманды біз қорғаймыз
Қазынаны жинаймыз,
Бізді енді таныйсыңдар
Біз мейірімді құртақандар
Елдос:
Сыйқырлы біз әлемненбіз
Ертегіні айтамыз біз
Мейірімді ханымыз жар салады
Баршаңызға, жар іздеуге ханзадаға
(Ергежилілер шығып, ортаға Күлтеқыз кіреді. (ән айтады)
(Өгей шешесі кіреді. )
Өгей шешесі: Күлтеқыз бері кел!
(аяғымен жерді ұрып)
(Әуен естіліп есіктен қолында қағазы бар ергежилі
кіреді.)
Ергежилі (оқиды) : Гуд монинг! Қайырлы күн! Ойын сауық кешіне
шақырамыз. Барлық қыздар қауымын. Ханымыз солай бұйырды.
(Ергежилі хатты тапсырып, басын иіп
кетеді)
Өгей
шешесі:
Рахмет, өте қуаныштымыз.
Міндетті түрде барамыз
Күлте қыз киім дайында
Ойын сауық кешіне
Үшеуміз бірге барамыз.
(Екі қызы ортаға шығып)
Күлте
қыз: Ооо, мен де кешке
барамын
1
қыз: Патшамыз сені күтіп отыр
дейсің бе? !
2
қыз: Сендей кір қожалақтарды
шақырған жоқ!
(Күлте қызды мазақтап Өгей шешемен залдан шығып
кетеді)
Күлте
қыз:
Онда қандай көңілді
Шам шырақтар жағылған,
Барлық қыздар билейді
Ханзадамен қызықтап. (әндетіп айтады)
(Өгей шешесі қолында екі шелегі бар ортаға шығады, (біреуінде
горох, екіншіде – фасоль))
Өгей шешесі.:
Тапсыра мен ойлап таптым,
Көңілді сен босатпа,
Біз келгенше кешімізден
Мыналарды жинақта!
(Еденге шелектегіні төгіп
тастайды.)
Күлте
қыз:(басын ұстап) :
Не істеймін енді мынаны
Қалай жинап үлгерем?
Санжар,Азамат
Жұмыстан біз қашпаймыз,
Бәрін жинап тастаймыз!
Ойын: "Бұршақтарды жинақтау"
(2-3 рет) .
(балалар ойнап жатқанда Күлше қыз орындыққа отырады, Өгей шешесі
ортаға шығады)
Өгей
шешесі:
Қыздарым менің әдемі!
Сұлулықтың әлемі
Ойын сауық кешінде
Боласыңдар сендер әдемі
(Ортаға екі қыздары шығып шешелерінің қолынан ұстап шырша артына
кетеді)
(Ортаға патша мен ханзада
шығады)
Ханзада:
Ойын сауық кештерің
Көңілсіз болды мен үшін (есінеп)
Патша:
Ұлым жан – жағыңа қарашы,
Бәрі қандай тамаша.
Көңіл көтер жараса.
Мысықтар қандай тамаша.
(Ортаға қояндар шығып «Қоян» биін
билейді)
Би: «Қояндар»
Ханзада:
Шаршатты бұл қояндар,
Қызықты нәрсе табыңдар!
Хор:Орманда шырша
туыпты.
Патша: Алыс аймақ
жерлерден
Келді әдемі сұлулар
Қарашы оның билерін.
Сұлулыққа көз тоймар
Сұңқар:
Қане босқа тұрмайық
Бар өнерді сынайық
Көтеруге көңілді
Қандай өнер ылайық
Би:
«Аққу»
Ислам.
М: Келіңіздер,келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың,
Тамашасын көріңіздер.
Марленұлы Ислам: Даламызға ,қаламызға.
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға, балаңызға
Жолында сәлем береді.
Жангүл : Келді тағы Жаңа жыл
Сені күтіп елеңдеп
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймын сіздерді.
Толғанай: Жасыл шырша қош келіпсіз,
Сені күтіп жүрдік біз.
Көркейсін деп сенің жүзің,
Ойыншықтар ілдік біз.
Әділжан: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жарасып тұр жайнайды.
Құбылып, құлпырып.
Сиқырлы сәулелер жайнайды.
(Ортаға Өгей шешенің қыздары
шығып.)
Өгей
шешесі: Мәртебелі патшамыз,
Қонақтарды қарсы алып,
Ортаға бері шығыңыз
Би билейік ән салып.
( патша өгей шешесін, мысықтар қыздармен биге шығады) барлығы
билейді.
( барлығы орындарына отырады)
(күлте қыз ортаға шығып жылайды) күлтеқыз әуені ойнап тұрады.
(Ортаға фея шығады қолында сыйқырлы таяғы
бар)
Күлте
қыз:
Сәлем бердім сізге мен
Келгеніңе қуанып
Фея: жылама қызым жылыма
Жақсылықтың бәрі алда
Орындалып арманың
Сенде кешке барарсың.
Күлте
қыз:
Бәрінде сіз
білесіз.
Фея: Қолымнан келеріде
көп!
Күлте
қыз:
Қандай ғажап адамсыз,
Ризамын мен өмірге,
Ойын сауық кешіне,
Кір көйлекпен қалай барамын.
Фея: аймен жұлдыз жарығы
Жол көрсетер сендерге
Құпия сиқыр таяғы
Ергежейлер көмекке келер біздерге(сиқырлы таяғымен сермейді, жарық
өшіп, қолдарына фанарик ұстаған ергежейлілер шығып к.қызды ортаға
алып билеп шырша артына алып кетедіде ,әдемі киіндіріп алып
шығады.)
Фея: тыңда қызым бері қара
Айтар сөзім бар саған
Сағат тілі он екіні соққанда
Сиқыр күші жоғалар!
Күлте
қыз: Рахмет сізге, бәрінде мен
түсіндім.
(Фея мен к.қыз қоштасып шырша артына кетеді. Аттың дүбірі
естіледі)
Сабыржан: Боранмен белін буып,
Жаңа жыл тағы келді.
Мерекесін алып келсін,
Нұрға бөлеп біздің елді
Ғибрат: Жүзімізде күлкі ойнап,
Шаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Ақмерей: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Ән: « Балбалалық.»
Патша:
Бұл недеген бейбастық
Тағы қонақ келгенбе?
Танымайтын ханшайым
Қайдан келдің қайжақтан.?
Ханзада:
Келгеніңе қуанып
Көтерілді көңілім.
Бейтаныс қыз қолыңды бер
Кел бейлейік танысып.
(Ханзада мен күлте қыз билейді)
Ханзада: Мен сіздің осы сарайда
қалағаныңызды қалаймын.
Күлте
қыз: Бұл кешті мен
ұмытпаймын,
Бірақ та мен қала алмаймын.
(сағат тілі он екіні соғады)
Күлте.қыз: Ханзада қош болыныз!
(Күлте қыз кетіп бара жатқанда оны аяз ата мен ақшақар
тоқтатып алады)
Гномдар:
Тоқта, ботам, асықпа
Бүгінгі кеш ерекше,
Бәріміз қарысы алайық
Жаңа жылды ерекше!
Би: Гномдар
Жүргізуші:
Айтқан тілек жаңа жылда,
Орындалар әрқашан
Тілек тілеп әрқайсымыз
Жаңа жылды тойлайық
Күлте
қыз: Жаңа жыл да келіп
қалды,
Тілек тілер уақыт болды.
Аяз
ата:Қуаныштымын мен бүгін. Бұл
жерде не айқай шу болып жатыр? Не болды? Кім ренжіткен Күлте
қызды?
Өгей шешесі мен
қыздары:
Аяз ата бізді кешіріңіз!
Енді біз адал, мейірімді боламыз.
Ақша
қар: Балалар, кешіреміз
бе?
Балалар:
Ия
1
ергежилі: Біздің ойын сауық кешімізді
татулықпен жалғастырайық
2
ергежилі: Аяз ата Ақшақар бізге қонақ
болыңыздар!
Аянат: Оралдың
өлкеме,
Жаңа жыл
армысың.
Оранды ақ
көрпеге,
Асқартау, қарлы
шың.
Нұржан:Ақ қар жапты
даланы
Ақ жамылды
айнала
Жарқыратып
шамдарын,
Шырша келді
ортаға
Жүргізуші: Олай болса балалар би билейік. Ортаға орыс қыздарымызды шақырайық
Би: «Калинка»
Санжар:Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Жол аппақ түске енді,
Аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды.
Нұрхан:Шыңдарды, құздарды,
Шаңғымен сызалық.
Елемей ызғарды,
Жаңа жыл бәйгесін
Келейік біз алып.
Нұртілек: Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде!
Айдар: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
жаңа жылда келеді
бізге қарай жылыстап
Жүргізуші: Балалар мен сендермен ойын
ойнағым келіп тұр. Мына шарларды біртіндеп жарамыз, ішінде
біздерге берілген тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды орындауымыз
керек.
Ойын:«Шар
жару»
Жүргізуші:
Қызық дәурен тез өтуде қарасам
Қыза берсін жаңа жылдық тамаша
Нұршат:Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып жылтыр болып жатады.
Ерзат:Мұздан моншақ тағынып
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр ақшақар
Көптен күтіп сағынып.
Жүргізуші:
Балалар сендердің білімдеріңді тексерейін жұмбақ жасырсам
шеше аласыңдарма?
Балалар:
иа
Жүргізуші: Қане жұмбағымды
шешейік.
Жұмбақтар:
1.Пісте, пісте көп
пісте
Қызы жазы бір түсте. (шырша)
2.Қыста жер бетін басады
Көктемде сайға қашады.(қар)
3. Бетіңді шымшып алады
Терезеге өрнек
салады.(аяз)
Адай: Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Еркеназ:
Кел достар бастайық,
Бастайық жыл басын.
Қызықтан бос қалып,
Кей бала қалмасын.
Ақмаржан:
Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Балым:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Нұржігіт:
Боранымен белді буып,
Жаңа жылым тағы келді.
Берекесін ала келсін,
Нұрға бөлеп біздің елді.
Нұртуған:
Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам ақ болсын.
Төрлет,төрлет Жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Қаршақыз:
тыңдаңызшы ата сіз мені
Ұмыттыңыз сіз нені?
Аяз
ата:
О,қызым есіме салғаныңа рахмет
Күлте қыз бүгін достасты
Араздықпен қоштасты
Жаңа жыл келіп ортаға
Бәрімізбен қауышты
Сыйлығым дайын меніңде
Бөліп берем бәріңе.
Балалар ақшақар екеуіміз кетейік жаңа жылды жақсылап қарсы алдық,
бір –біріңмен тату болыңдар, бір-біріңді ренжітпеңдер, қош
сау болыңыздар.
Балалар: сау бол аяз ата, сау бол
ақшақар.
Жүргізуші:
Қандай жақсы біздің аяз атамыз
Ол кеткенде терең ойға батамыз.
Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда
Құс жолымен ән сап бара жатамыз.
Хор: «жаңа жыл»
Жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, балалар!
Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!
Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар осымен жаңа жылдық «Қош келдің,Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Жаңа жылда жаңа табыстарға, шаттыққа кенеле беріңіздер.Мерекелеріңіз құтты болсын!
(балалар залдан билеп шығып кетеді)
№5 мектеп-лицей
Өткізген: Рейм К.К.
2016 жыл