400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Армысың, кең дүние!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: оқушыларға қоршаған ортаға,әлемге деген жағымды көзкарас қиянат жасамау құндылығынан туындайтынын түсіндіру. Міндеттері:- оқушыларға дүниеге, әлемге кеңпейілділік көрсету туралы түсінік беру; - оқушылардың әлемді жағымды қабылдай білу, жақсы көру қасиеттерін дамыту; - қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы. Ырғыз ауданы. Ақши ауылы .

М.Төлегенов атындағы орта мектебінің өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі : Р.Ә.Зинуллина


Сынып: 6

Пәні: өзін- өзі тану

Тақырыбы: Армысың, кең дүние!

Құндылығы: Қиянат жасамау

Қасиеттер: кеңпейілділік,қоршаған ортаны қорғау, жақсы көру

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қоршаған ортаға,әлемге деген жағымды көзкарас қиянат жасамау құндылығынан туындайтынын түсіндіру.

Міндеттері:- оқушыларға дүниеге, әлемге кеңпейілділік көрсету туралы түсінік беру;
- оқушылардың әлемді жағымды қабылдай білу, жақсы көру қасиеттерін дамыту;
- қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

құралдар, мәлiметтерөлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі 5 Т

Тыныштық сәті: «Орманға ойша серуен»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Үй тапсырмасын тексеру

№ 18 сабақ 68-бет «Бұлбұл, жарқанат және қарақұрт» ертегісін оқу.
- Бұлбұлдың үнін өшіруге жарқанатты неліктен қарақұртты шақырды?
-Бұлбұл кең дүниеге өз сезімін қалай білдіреді?
- Қарақұртқа кең дүниенің кереметтігі қалай әсер етеді?

- Кең дүние өзіңді қандай сезімге бөлейді?

Дәйексөз

Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі.

И.Гете

(хормен айтады)

Әңгімелеу. Мұғалім сыйы. Авар халқының аңызы

Бір кісі бармақтай құсты ұстап алап, торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей, «Отан, отан, отан...» деп, шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұның да отаны болғаны ма, ал отаны болса, қайда екен? Бәлкім, ол жұмақ ағаштары өсіп, жұмақ құстары ұя салған гүл жайнаған өлке шығар. Құсты босатып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, әлгі ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын»-, деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып, бар болғаны он қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен. Демек, «Отаны-ұя салған жері болды ғой?»-деп таңданады жаңағы адам.

Шынында да, адам түгіл, төрт түлік мал, бағусыз-қағусыз аң, құс та, жердегі, судағы неше түрлі жәндіктер де туып-өскен, ұя салып, мекен еткен жеріне өмір бойы бауыр басып өтпей ме? Жат өлке, алыс жерлерге айдалып, маталып кеткендерінің сүлдерін сүйретіп, арып-ашып, туған жерлеріне қашып келетіндері де бар болған.

Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,

Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат.

(Әзербайжанның ұлы ақыны Физули)

-Торға түскен қандай құс еді?

-Ол неге мазасызданды?

-Адам не деп ойлады?

-Құс не істеді?

-Қандай ой түюге болады?

-Алысқа кетсең қандай сезімде боласың?

-Сондай сезімде болған кезің болды ма?

Шығармашылық жұмыс

«Туған жерге арнау» ақындар, жазушылар, суретшілер топтасып жұмыстарын қорғайды. (топтан бір оқушы тақырып таңдап алады)

І топ – Атамекен

ІІ –Отан

ІІІ- Туған жер

Топпен ән айту

«Атамекен» әнін айту

Сөзі: Қ. Мырзали

Әні: Е. Хасанғалиев

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы

Қайда жүрсем атамекен.

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына ,

Қимай оны батады екен.

Үйге тапсырма № 19 сабақ «Ақ көгершін» өлеңін түсініп оқу. «Туған елім» тақырыбында эссе жазу.

Соңғы тыныштық сәті

Көзімізді жұмып,бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүрегімізге түйіп алайық.

-Мен осынау әсем де көрікті әлемді сүйемін. Әлем маған бар байлығын сыйлады. Мен әлемді көркейтуге бар ықыласыммен дайынмын.Көзімізді ашамыз.Рахмет!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
867
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі