Алтын күз!
Тақырыбы: «Алтын
күз!»
Мақсаты: Алтын күз мерекесін
өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік
көңіл-күй сыйлау.
Ұйымдастыру
кезеңі.
Әдемі сазды әуен ойналып
тұрады. Балалар тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға
жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,
ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілікке қош
келдіңіздер!
Армысыздар
халайық,
Бармысыздар
халайық!
Күзгі тойды жұп
жазбай,
Бірге қарсы
алайық!
Жүргізуші: Балалар бүгін
барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің
мерекеге біреу жетіспейді. Ол кім?
Балалар: Ол
күз.
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға
шақырайық!
Бірге: Берекелі күз келді,
мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме
балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын
күз!
Күз:
Береке бақ
дарыған
Жомарт көңіл жарқын
жаз
Сары алтынға
малынған
Алтын күз деген мен
болам!
Армысыңдар құрметті қонақтар,
кішкентай бүлдіршіндер. Мен мерекеге кешігіп қалдым
ба?
Балалар:
Жоқ.
Жүргізуші:
Шоғы толған гүлдей
жайнап,
Шақырады жарқын
күз
Сайрандаған күліп
ойнап
Келді міне, Алтын
күз!
Күз: Балалар, сендерді
көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ
жасырайын:
Ағайынды
бәрі
Шықса
жасып
Түссе сары. Бұл
не?
Балалар:
Жапырақтар.
Күз: Дұрыс жапырақтар,
жарайсыңдар!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің
балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып,
балалардың өнерін тамашалаңыз.
Көрініс: «Бауырсақ!»
ертегісі.
Күз туралы
тақпақтар!
Дархан:
Күзім ау, күзім
ау
Мінезің бұзық
ау
Жаңбырың
сіркіреп
Келгенің қызық
ау
Марғұлан:
Қыс құнар
береді
Көктем дән
береді
Нұрайна:
Жаз бастап
өсірсе
Күз жинап
береді
Иманжүсіп:
Қуандырып
біздерді
Мерекелі күз
келді
Зере:
Кел жемісті Алтын
күз
Кемелденсін
халқымыз.
Мұстафа:
Жайдары күз, жарқын
күз
Аяулы күз, алтын
күз!
Сымбат:
Дәнге толы кең
далам
Дариядай шалқар
күз.
Нұршат:
Ұшты талдан
жапырақ
Сары көбелек
секілді
И. Ануар:
Аспанда жай
шатырлап
Тамшы жерге
секірді.
Т. Алихан:
Алтын, сары, қызыл,
көк,
Алуан-алуан
жапырақ
Манура:
Күзгі бақтар
күлімдеп
Көз тартады
жалтырап.
Жүргізуші: Қане, балалар,
осындай молшылық, күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын:
«Кім жылдам?» деп аталады. Шарты: Ұлдар бір себетке көкөністерді
жинайды, қыздар екінші себетке жемістерді
жинайды.
Ойын: «Кім
жылдам?»
Би: «Күзгі
вальс»
Жүргізуші: Ендігі кезекті
жемістерге арналған тақпақтарға кезек береміз.
Раййан:
Мен алмұртпын,
алмұртпын
Аузындамын бар
жұрттың!
К.
Алихан:
Мен жүзіммін,
жүзіммін
Моншақ болып
тізілдім.
Ай-Сұлтан: Мен өрікпін,
өрікпін
Табиғатқа
көрікпін.
Миғраж:
Мен алмамын,
алмамын
Таңдайда қалар бар
дәмім.
Күз: Өте тамаша, балалар! Ал
енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап»
ойыны:
Пісетін кезі дәл
күзде
Мезгілсіз оны
үзбе
Аузыңнан кетпес бал
дәмі
Оның
аты......(шабдалы)
Кіп-кішкентай болса
да
Ағаштың басын
иеді
Жемістерін
айырып
Танисың
ба.......(шиені)
Жапырақты
тасалап
Өсетін жері бақша
бақ
Күрен қызыл
шіркін-ай
Оның
аты......(таңқурай)
Жүргізуші: алтын күз,
балалардың өнері ұнады ма?
Күз: Рахмет балалар,
мереке қатты ұнады. Ал енді менің келесі топқа баратын уақытым
болды. Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Балалар, қонақтар біздің күз мерекесіне арналған
«Алтын күз!» атты ертенгілігіміз осымен аяқталды. Қош сау
болыңыздар!