Ириспанбетова Айгуль
Темірханкызы
№242 «Нұрай» шағын
орталығы
Армысың,Алтын
күз!
АКТ зал мерекеге сай
безендірілген.
Жүргізуші
кіреді.
Жүргізуші:
Қуандырып
біздерді
Мерекелі күз
келді.
Кел жемісті алтын
күз,
Кемелденсін ел
енді.
Құрметті
қонақтар!Балалар!Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!Ел байлығын
арттырған берекелі де ,мерекелі күз мерекесі құтты болсын!Ендеше
«Армысың,Алтын күз» атты ертеңгілігімізді
бастаймыз!
Балалар музыка әуенімен
залға қолдарына жапырақ алып кіреді.
Ән: Жапырақтар
әні
Балалардың
тақпақтары
Мейірім: Армысыздар
халайық,
Бармысыздар
халайық.
Күзгі тойда жұп
жазбай,
Келіңдер қарсы
алайық.
Асылым: Күздің қазан
айында
Алма,алмұрт
піседі.
Жапырақтар
сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр
етеді.
Айзиба: Ән салайық
күліңдер
Жайнап гүлдей
жүріңдер.
Күздің тойын
тойлайық
Би билейік
ойнайық.
Айшолпан: Алтын, сары,қызыл
көк,
Алуан,алуан
жапырақ
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
Көзайым: Көбейеді
құт-береке,
Астық толы
қамбамыз.
Құтты болсын
мереке,
Алтын күзді
тойлаймыз.
Айбибі:Күн шуаққа
маужырап
Жатыр еді
атырап,
Ағаштардан
жамырап
Ұшты кенет
жапырақ.
Гүлім: Берекелі,мерекелі
Келді жомарт алтын
күз.
Қалада да,далада
да,
Жанның бәрі жарқын
күз.
Ясина: Жомарт күздің
біздерге,
Берерін алып
шашпайық.
Алтын күз тойы
сіздерге,
Өлеңменен
бастайық.
Диана:Дала сары
киінді,
Самал соқты
салқындау.
Қырмандарға
үйілді.
Алтын астық,алтын
тау.
Інжу: Берекесін
сыйлауға,
Ортамызға күз
келді.
Жемістерін
жинауға
Шақырады
біздерді.
Би: Қыздардың
орындауында.
Жемістер мен
көкөністердің тақпақтары.
Айша:
Алма
Дәмі аузыңнан
кетпейді,
Қызыл алма шырын
бал.
Көктей тісің
өтпейді,
Пәскен кезде үзіп
ал.
Нұрислам:
Шие
Мен маржандай
шиемін,
Күн сәулесін
сүйемін.
Жемістерім
піскенде
Жерге басымды
иемін.
Айсұлтан:
Қияр
Дәнін егіп
қиярдың,
Тыным таппай
суардым.
Түйнектерін
көргенде,
Бес алғандай
қуандым.
Мейіржан:
Бұрыш
Аршығанда
бұрышты,
Абай болған
дұрысты.
Ашытады
көзіңді
Жылытады
өзіңді.
Нұрлытаң:
Қырыққабат
Бақшаларда
тізіліп,
Қаперсіз мен
жатамын.
Қабат,қабат
киініп,
Қырыққабат
атандым.
Бибімариям:
Сәбіз
Өсіретін
бойыңды,
Дамытатын
ойыңды.
Қоянға да
азықпын
Сәбізбін
жазықсыз.
Күз ханшайымы:
Жарайсыңдар,балалар!
Жүргізуші: Ой,балалар! Естіп
тұрсыңдар ма ?Жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты.
Хор: «Күзгі
жаңбыр»
Жүргізуші: Балалар бізге сонау
алыстан «Алтын күз ханшайымы» келіпті.(Сол кезде себетке толы
жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)
Күз
ханшайымы: Уа,халайық дархан далам
армысың!
Табиғатым жаны жайсаң
,тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін
келіп тұр,
Алмақ болып бар
халқымның алғысын.
Мен күзгі ханшайыммын
сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге сонау алыстан «Балауса»
тобына арнайы келдім.Маған өнерлеріңді көрсетесіңдер
ма?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Қош келдің
Күз ханшайымы!Төрлет.Біздің балалар әнде ,тақпақта,биде билей
алады.Біздің балалардың барлығы ақылды.
Күз
ханшайымы:Олай болса мен сендерге
жұмбақ жасырайын
Ағайынды
бәрі
Шықса
жасыл
Түссе сары.Бұл
не?
Балалар: Жапырақ
Күз
ханшайымы: Дұрыс.
Жүргізіші:
Ән салыңдар
күліңдер,
Жайнап гүлдей
жүріңдер.
Күздің тойын
тойлайық,
Би-билейік
тойлайық.
Би:
Көбелектер
Жүргізуші: Ой,балалар!Естіп
тұрсыңдар ма?Жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты.Жаңбыр даусымен залға
бұлт кіреді.
Бұлт:
Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
Балалар: Сәлеметсіз
бе?
Бұлт: Күзгі көк бұлт мен
болам,
Көтеріліп
теңізден,
Мен сендерге жаңбыр
әкелдім.
Би: жаңбыр
биі
Жүргізуші: Балалар,
өнерімізді көрсетіп ары қарай мерекемізді
жалғастырамыз.
Ән: «Күзгі
жаңбыр»
Күз
ханшайымы:
Берекелі бақ
-дәулет
Арта түссін
тойланып,
Сау болыңдар
балалар
Келгенше жыл
айналып.
Осы кезде әуен
ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.
Балалар: Қош бол,Күз
ханшайымы.
Топ
би
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы
өте көп.Күзде біздің дастарханымыз дәнді
дақылға,көкеністерге,жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы
байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.Міне,балалар осымен
«Армысың,Алтын күз» атты ереңгілігіміз аяқталды.Сіздерді күз
мерекесімен құттықтаймын,әр отбасыға бақыт-береке
тілеймін.