Тақырыбы:Армысың,Ұлы
Наурыз!
Мақсаты:Наурыз мейрамы туралы
түсінік беру.Балалардың ойлау,қабылдау,зейін қабілеттерін
дамыту.Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге,мерекелік көңілін
көтеру,елге деген сүйіспеншілікпен бірге,салт-дәстүрді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Түзету мақсаты:Есту,есте
сақтау,сөйлеу тілін жетілдіру.
Көрнекіліктер:Наурыз
мерекесіне арналған суреттер,плакаттар,дөңгелек үстел,бесік
т.б.
Зал іші мерекеге сай
безендірілген.Жерге көрпешелер төселген.Ортада ұлттық тағамдар
қойылған дастархан,айнала ұлттық киім киінген ұл-қыздар.Ортада киіз
үй,бесік,домбыра,қамшы ілінген. «Наурыз-думан»әні ойнап
тұрады.
Жүргізуші:
Армысыздар,қадірменді
қонақтар,Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі құтты
болсын!
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда
біз бар
Естімегендер,естіңдер,
Тыңдамағандар
тыңдаңдар!
Наурыз тойы
басталды.
Той пердесін
ашайық,
Тойға шашу
шашайық
Той шашуда
тойыңдар
Шашу жинап
алайық.
Шашу,шашу,шашудан дәм татайық
/ортаға ұлттық киім киінген Әже шығып шашу шашады/ Той шашуды қабыл
алыңыздар!
Би:
Орындайтын:Перизат,Аяжан
Жүргізуші:
Той құтты
болсын!
Ұлыс оң
болсын!
Ақ мол
болсын!
Қайда барса жол
болсын!
Құрметті
ұстаздар,оқушылар,қонақтар!Бүгін бізде ерекше мереке 22-Наурыз
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз.Наурыз-күн мен
түннің теңелген,көктемнің шуақты күндері басталатын
бірліктің,татулықтың мерекесі.
Мерекелік құттықтау сөз
мектеп-интернат басшысы Фатима Мұсақызына
беріледі.
Жүргізуші:Оқушылардың
мерекелік тақпақтарын қабыл
алыңыздар.
1.Перизат:Жылдың
басы-Наурыз
Жердің
басы-Наурыз
Құтты
болсын,ағайын
Құтты
болсын,Наурыз
2.Ақтоты:Уа,ағайын,халайық
Мерекесі
халықтың
Наурыз тойын
тойлайық
3.Дауирбек:Жылдың басы
Наурыз
Құтты болсын
Наурыз!
4.Динара:Ұлыс оң
болсын!
Қайда барса жол
болсын
5.Ермұхан:Күн мен түн
теңелді
Жер шуаққа
кенелді
Жүргізуші:Балалар біздің
тойымызға қонақтар келе жатыр екен,қарсы
алайық
/ортаға Күн мен Түн
шығады/
Күн:Сәулесі мол
Күнмін
Түн:Жұлдызы көп
Түнмін
Бірге:Бүгін біздер бірдей
боп,
Теңелеміз бүгін
біз
Жүргізуші:Ал ертең,күн
ұзақ
Түн қысқарар
бірақ
Ұйқы қанбай
қалып
Жүрмеңде тек
бірақ.
Күн мен Түн ортаға шығып қонақ
болыңыздар! /көрпешеге отырады/
Жүргізуші:Қазақ халқы
салт-дәстүрмен рәсімге бай.Соның бірі «Бесікке салу
тойы»
Жүргізуші:Ертеден халқымыз
нәресте дүниеге келгенде азан шақырып,ат қояды.Ат қою рәсімі
ауылдың үлкен сыйлы атасына беріледі.Нәресте таза,жинақы өсуі үшін
«Бесікке салу» рәсімін өткізеді.
Бесікке салу рәсімі ауылдың
үлкен әжесі Майра әжеге табысталады.Алдымен атамыз азан шақырып
нәрестеге ат қойыңыз.
Ата:Сенің атың
Наурызгүл/3рет
Жасың ұзақ болсын! деп анасына
тапсырады.Анасы баланы Майра әжейге береді. /ортаға
бесік,нәресте,тыштырма,7зат
дайындалады./
Жүргізуші:Бесікті аластау
рәсімі
Әже:Алас,алас пәледен
алас
Тілі жаманның тілінен
алас
Көзі жаманның көзінен
алас
Әже бесікке 7зат
қояды/қамшы,шапан,көрпе,тарақ,айна,7
киім/
Рәсім орындалады «Тышты
ма?»
Бесікке салғасын 7 киімді
жауып бесік жыры айтылады
Жүргізуші:Рахмет,Майра
әжей
Орамал тон болмайды,жол болады
деп, біздің сыйлығымызды қабыл
алыңыз.
Жүргізуші:Шалқытып мерекені
тамсанайық
Би билеп,ән өнерге
тамсанайық
Аңыз бен ертегімен бірге
жеткен
Қонағымыз Наурызды қарсы
алайық
Наурыз:Сәлембердік
қонақтар!
Сәлемат
па,балалар
Жаса жайлы
заманда
Бақыт тілеп
адамға
Наурыз келді
қонаққа
Ой,қандай әсем
мереке,
Қандай әдемі
балалар
Наурыз тойы құтты
болсын!
Менің де сендерге әкелген
Наурыз сыйлығым бар.Ол жұмбақтар.Жұмбақты шешіп,сыйлығын кім
алады,балалар.Ал,ендеше бастайын
1.Наурыз қандай мереке,қай
күні тойланады?/22-наурызда/
2.Ұлттық ойындарды ата: «Арқан
тартыс», «Қазақша күрес»,»Қыз қуу»
3.Наурыз көжеге неше дәм
салынады?
7дәм:
Наурыз:Балалар, мен сендермен
ойын ойнағым кеп тұр
1.»Қазақша күрес» /ортаға 2 ұл
шығады/
2.»Арқан тартыс» ойыны 2 топқа
бөлініп жарысу
«Күш атасын танымас» деген
«Арқан тартыс» ойыны
Жүргізуші:Балалар,ойын ұнады
ма? Енді біз ұлттық би «Қара жорға» биіне ортаға
шығайық.
Би:»Қара
жорға»
Жүргізуші:Наурыз мерекесінің
басты ұлттық тағамы «Наурыз көжені» біздің әжелеріміз арнайы
дайындапты. «Наурыз көжеден» дәм татайық./көже тарату
қонақтарға/
Енді ата бізге Наурыз батасын
беріңіз.
-Ақ мол
болсын!
Дастархан мол
болсын
Ұлыс береке
әкелсін!
Пәле-жала жерге
енсін!
Әумин
Жүргізуші:Тілегіңіз қабыл
болсын,Ата!
Бізде осымен 22-Наурыз Ұлыстың
Ұлы күніне арналған «Армысың,Ұлы Наурыз!» атты мерекелік шарамызды
аяқтаймыз.
Сау болыңыздар! Тойларыңыз
тойға ұлассын!
Облыстық арнайы
мектеп-интернаты
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы: «Армысың,Ұлы
Наурыз!»
Өткізген:Карасаева
Н.Т
Атырау