15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Армысың,əз наурыз
Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!»
Мақсаттары:Балаларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекіліктер:Қазақтың киіз үй жабдықтары, ұлттық киімдер.
Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі «Еркетай» кіші тобының дайындаған «Армысың, әз Наурыз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп , ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен , осы Ұлыстың Ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын
Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!
Балалар тақпақтары:
Інжу: Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Қайсар: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханы елі
Береке ырыс сыйлашы.
Фатима:
Мақсат:
Жүргізуші:
Қош
келіпсің Наурыз!
Арман
тойы халықтың.
Қуанышы
халықтың,
Құтты болсын
қадамың!
Бірге: Қарсы алайық Наурыз аруды. Қош келдің Наурыз ару.
Наурыз-қыз:
Сәлем Ата-аналар!
Айналайын Балалар!
Халқым менің аманба?
Жаса жайлы заманда,
Уақыт үдеп келдім мен,
Бақыт тілеп адамға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Жүргізуші:Ал, енді құрметті қонақтар, бүгінгі тойымызда кішкентай нәрестеміздің тұсауын кессек деп едік! Балалар қандай салт – дәстүрді білесіңдер?
Тұсаукесу /Ортаға жасы үлкен әже шығады/.
Ата:Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Жүгіре қойшы құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Сандуғаш:Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзделсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы.
Ата: Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле жала жерге енсін!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Би: «Киіз басу»
Айша: Айналаға нұр төгіп,
Күй тербеген наурызым.
Шаттық сәуле нұр төгіп,
Би билеген наурызым.
Айару: Құтты болсын наурыз,
Ұлы күні ұлыстың.
Дастарханда бәріміз,
Жиналсақ сәніміз.
Алинур: Наурыз, наурыз, жыл басы,
Жасыл көктем құрдасы,
Төл мереке, кел мереке.
2-жүргізуші: Наурыз-жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл - Наурыз айының 22-ші жұлдызына сәйкес келеді.
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр
Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!
Жүргізуші:Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді.
Қош келдіңіз, әже!
Әже: Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.
Ашық болсын қас-қабақ.
Бейтаныс та таныс та
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай тары бар
Қатық, малта, ағы бар,
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Жүргізуші: Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
Би: «Қазақ»
Гүлжайнар: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
Ералы: Наурыз тойың, наурыз тойың,
Құтты босын халайық.
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқан әнге салайық.
Сезім:
Наурыз
тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр
аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Жүргізуші:Ән қосылсын әңіне,
Сән қосылсын сәңіне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
Осымен «Армысың, Әз Наурыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау – болыңыздар.
(22 наурыз мейрамына арналған ертеңгілік)
«

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген