Материалдар / АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2023
441
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Жоспары:

1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері

2. Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысының түрі және әдіс-тәсілдері

1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту  және тәрбиелеу  білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда ҚР Үкіметінің  2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы  іске асырылуда. Мұнда  білім саласы мамандарына арналған міндеттер барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да білім алуына барлық жағдайды жасау керектігі жүктелген.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ «Адамның бақыты - балада» деген екен. Кез – келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы – ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз де тегін айтылмаса керек.

Елімізде экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуынан қазіргі таңда туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан қаршадай бастарынан дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда. Ата – аналар балаларға қойылған диагнозды қиын қабылдайды. Ең алғашқы ата – аналар эмоционалды жарақат алғанымен, біртіндеп ол бала ерекше қажеттілікті талап ететінін түсінеді.

Дамуында кемшілігі бар бала күнделікті өзіне деген күтімді талап етеді де, ата – анасына күнделікті дағдыланған өміріне кедергілік әкеледі. Интеллектуалдық бұзылысы бар балаларды тәрбиелеу ата – аналардан төзімділік пен қажырлықты қажет етеді. Баланы қоршаған ортаға дайындауда, мектепке дайындап дамытуда ата – аналардың үлесі өте ауыр болатынын естен шығармаған жөн. Тәртіптік көріністердің екі тобын - гипербелсенді (гиперактивный) және өте баяу (поссивный) деп ерекше атап өтуге болады. Бірінші топқа «гипербелсенді» балаларды жатқызады, оларды ерте шақта жеңіл тануға болады. Ерте жаста олар тынымсыз, ашушаң және ерке болады. Мектепке дейін шақта өзін тым шулы етіп көрсетеді. Осы балалардың тәртібі импульсивтілігімен, қозғалыс тынымсыздығымен және ерікті зейінінің тым тұрақсыздылығымен ерекшеленеді. Сабақ кезінде осы топтағы балалар орнынан тұрып, әр түрлі заттарды алады да ұстаздарды тыңдамайды және ескертулерге назар аудармайды. Бейтаныс адамдардың алдында қозу тым жоғары, көп сөйлейді. Осы балалардың тәртіптері тұрақсыз, сондықтан ол түскен жағдайына тәуелді болады. Қоршаған ортаның сәл өзгеруі кезінде қозғыштығы күшейеді. Осындай гипербелсенді балаға біздің мектеп-интернатымызда Байділдаев Расул және Әділбек Нұрбекті жатқызуға болады. Ал, екінші топтың балалары тәртіптің қарама – қарсы формасын көрсетуі мүмкін. Олар тым баяу, барлық іс әрекетте көмекті қажет етеді және сабақтарда поссивті болады. Осы балалар мұғалімдерге сұрақтармен жақындамайды, қойылған сұрақтарға жауап беруге тырыспайды. Қандай да іс – әрекетке олар мұғалімнің бірнеше рет ұсыныс жасаудан және тапсырманы бірнеше рет қайталаудан кейін ғана қосылады. Топта осындай балалар сабырлы, әрі жауапты әсер қалдыруы мүмкін. Екінші топтың балаларына менің жұмыс жасап жатырған «Ұлан» тобынан Салабат Нұрдәулет және Мырзахмет Әбудәуітті жатқызамын. Бастауыш сынып оқушыларының назарына тек қана жарқын суреттер, заттар арқылы аударуға болады, бірақ ұзақ назарын аудару қиынға соғады.

Арнайы әдістерді пайдалана отырып, тәрбиеші бала тәртібіндегі кемшіліктерді тікелей түзетуге ықпал етеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде жаттығу түзетудің арнайы әдістерінің бірі болып табылады. Жаттығуларды орындай отырып бала өзін ортада дұрыс ұстауға, мейірімділікке, төзімділікке үйренеді. Баланы ересектер әрдайым қадағалап жүру керек дұрыс іс – әрекетте қолдап, бұрыс істеген жағдайда тәртіпке шақырып түзеп отыру қажет.

Ұжымдағы бала мәртебесін өзгерту де тиімді тәсілдердің қатарына жатады. Мысалы, баланың тұрақты теріс қылықтарын қарамастан, оған жауапты тапсырма беру.

Баланы оқыту мен тәрбиелеуде бала бойындағы кемшілікті түзету үшін негізгі бағытты анықтаған жөн:

Бірінші баланың оқу мен тәртібінде тұлғалық дамуында жағымсыз құбылыстарды ертерек анықтау және түзету.

Екінші педогогикалық талдау жүргізу, түпкі себептерді анықтау, оны жоюға деген дифференциалдық көзқарас.

Үшінші арнайы әдістерді пайдалану. Педогогтар мүмкіндігі шектеулі балаларды тереңірек түсініп, тыңдап, баланың көңіл – күйіне назар аудару керек.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талапта жоғары.

Тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:

  • Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің арасында педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы.

  • Тәлім – тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, оның бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы.

  • Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы.

  • Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы шарт.

  • Әр тапсырмаларды орындау барысында балалардың міндеті мен мүмкіндік деңгейлерін ескеру керек.

Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың өмірлік кезеңінің негізгі баспалдақтарын қарастырып өтейік:

Баланың дүниеге келуі: потологиясы туралы мәлімет алу, берілген мәселені эмоционалды қабылдау және төзе білу, отбасының өзге мүшелерімен жақын адамдарды хабардар ету.

Баланың мектепке дейінгі кезеңі: Мамандармен өзара әрекеттестік, өмірлік іс – әрекеттер бойынша шешім қабылдау, емделуді ұйымдастыру, сауықтыру, баланы оқыту және тәрбиелеу жолдары.

Баланың мектептегі шағы: Мамандармен өзара әрекеттестік, мектептік оқу формасы туралы өзара шешім қабылдау, оқытуды ұйымдастыру, баламен қарым – қатынастағы ересектермен құрбы-құрдастарының арасындағы мәселелерді шешу.

Жеткіншек шақ: Мамандармен өзара әрекеттестік, баланың табиғи, созылмалы ауруына дағдылану, баланың болашақ кәсібін жоспарлау.

Ересектік өмірге қадам басу кезеңі: мамандармен өзара әрекеттестік, отбасылық жауапкершілікке ие болу, баланың болашақ өмірін жоспарлау.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың толыққанды және өте бақытты балалық шақтың болу мүмкіндігін мыңдаған ата – ана растайды. Әрине мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу өте қиын болғанымен, әрқашан қиындықтарға тап болу дегенді білдірмейді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға да жақсы тәрбие берсе олда өз ата – анасына қуаныш пен бақыт сыйлауы мүмкін.

2. Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысының түрі және әдіс-тәсілдері

Білім мен тәрбие қашан да егіз ұғым. Білім алушы шәкірттеріміздің жан-жақты дамыған, ақыл-ойы жетік, рухани құндылықтарды қадірлей білетін, адамгершілік қасиеттермен қаруланған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру жолында, белгіленген тәрбие мақсаттары мен қойылған міндеттерді орындау мақсатында 8 бағытта жұмыс жасаймыз.

Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптері мен мазмұнына, балалардың жас ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне байланысты.

Біз тәрбие жұмысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамыз. Олар: Тәрбие сағаттары, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, дөңгелек үстел, ойын, спорттық жарыстар, сайыс түрінде (отбасылық сайыстар), дебат, пікірлесу, ой бөлісу, кездесу, тренинг және т.б.

Оқушылар қоршаған орта туралы білім мен икем, көзқарас пен ой пікірлерін тек сабақ арқылы ғана толық меңгере алмайды. Өйткені бала сабақтан шыққан соң өмірдегі басқа құбылыстармен кездеседі, қарым-қатынас жасауға үйренеді. Бұл аса маңызды міндетті арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысы атқаруға тиіс. Сыныптан тыс жұмысы біртұтас педагогикалық үрдістің бөлігі. Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысының ерекшелігі ол, сабақ сияқты қатты талаптармен шектелмейді. Сыныптан тыс жұмысты әртүрлі көріністе, еркін ынтамен, шығармашылық қасиеттер мен ұжым пікіріне сүйену арқылы өткізуге болады. Бұл жұмыста оқушылардың сабақта байқалмаған ерекше қабілеттері оянып, дамиды. Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмыс келесі бағытта ұйымдасады:

- отан сүйгішті тәрбиелеу;

- білім беру, тәрбиелік жұмысы;

- көркем өнерпаз әрекет;

- дене шынықтыру мен сауықтыру жұмысы;

- үйірмелер жұмысы.

Тәрбие жұмысы формаларының мақсаты мен бағыты бойынша және қатысушылардың орны мен ролі бойынша ажыратуға болады. Тәрбие жұмысын өткізу уақыт мерзімі бойынша:

  • қысқаша (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін);

  • ұзақ (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін);

  • дәстүрлі (жиі, үйреншікті) түрлерге бөлінеді.

Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны оқушылардың жан-жақты тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытуға арнайы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс.

Қорытындылай келе, тәрбиешінің басты міндеті келген баланы жаңа ортаға, жаңа жағдайға бейімделуіне көмектесу, жағдай жасап, өзара сыйластық пен мейірімділікке, сенімге негізделген, ұйымшыл ұжым қалыптастыру.

Менің арманым, балалар мектепте қиналмай, өздерін еркін сезініп, біліммен сусындап, тәрбиелі, табысты, өз замандарына сай азамат болып қалыптасса, дер кезінде қол ұшын берер көмекші, ақылшы болсам екен деймін.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!