400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арнайы пәндерде белсенді оқыту тәсілдерін пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнайы пәндерде белсенді оқыту тәсілдерін пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ» КМҚК











Пәндік циклдік кеңесі





Арнайы пәндерде белсенді оқыту

тәсілдерін пайдалану






Оқытушы: Жаппаров П. А.


























Семей 2019 жыл

Арнайы пәндердегі оқытудың белсенді әдістері

Оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері. Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:

-жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға

бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;

-білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», «миға шабуыл», оқупікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс.

Оқытушы өз ассистентімен (бұл оның әріптесі, оқытушы-тәлімгер, жақсыдаярланған студент те болуы мүмкін) бірлесіп дәріс оқиды. Студенттер аталған әдістің қолданылуымен өткен сабақты жоғары бағалайтынын практика жүзінен көруге болады. Біріншіден, оқу материалы дайын күйінде берілмей,

проблемаларды оқытушымен бірлесе шешу арқылы диалог құру нәтижесінде меңгеріледі. Сонымен қатар, көп көлемдегі ақпаратты азайтады, тек нақтылы фактілер келтіріліп, нақтылы теориялық материал беріледі. Студенттер назары бақылау, салыстыру, оның іс-әрекетін талдауға ауады. Осылайша назарын басқаға аударудың психологиялық механизмі студенттің өз пайдасына жұмыс істей бастайды. «Жұптасқан дәріс» әдісі–бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық, және диaлогтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі. Оқытушылардың міндеті оқытылып жатқан тақырып төңірегінде пікірталас тудыру, сонымен қатар айтылған пікірлер, ұсыныстар шындыққа сай келмеуі де мүмкін, ал студенттер міндеті шындыққа жетудің тиімді жолдарын табу. 

Әдістің өз «артықшылығы» мен «кемшілігі» бар, соларды қарастырайық.

Әдістің «артықшылығы»:

-студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады;

-студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді;

-оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына

себепкер болады.

Әдістің «кемшілігі»:

-алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді.

«Пікірталас әдісі»–оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі-танымдық қызығушылықты ынталандыру,оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс  жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Оқытушы сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін студенттердің естеріне салуы қажет. Оқу пікірталасы негізгі, ішінара, жоғарғы оқу орындарында гуманитарлық бағыттағы пәндерінде қолданылады. Жақсы өткізілген пікірсайыс студенттерге білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс–оқытудың маңызды әдісі.

«Дөңгелек үстел»-әдісі. Бұл форма қазіргі өндірістегі кәсіби қарым-қатынастың ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл әдісте ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста білім алушы белсенді позицияға иеленеді. «Дөңгелек үстел» принципі, әсіресе пікірталас-семинарда толық сипатталады.

«Шағын топтар» әдісі– оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген өзіндік сұрақтарға ажыратылатын және білім алушылар топтары арасына бөлініп берілетін, студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама әзірлейтін оқыту тәсілі. Аталған әдісті қолдану топтың ішінде жұмыс істей алу іскерліктерін дамытады,студенттердің шығармашылық қасиеттерімен қоса бастамашылықтарын, өздігінен жұмыс істей алу қабілеттерін де жетілдіре түседі.

Бұл әдісті арнайы пәндерде қолданған орынды.

«Шағын топтар» әдісін қолданып өткізген сабақ үзіндісін келтіріп көрейік:

1)Студенттер 3-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді (студенттер тілегі бойынша немесе олардың дайындық деңгейі, «күшті-әлсіз» студент позициясынан оқытушы өзі топтарға бөлуіне болады).

2) Әр топтың басшысы тағайындалады.

3)Әр топ өздерінің рөлдерін бөліп алады: «Баяндамашылар» тобы, «Оппонент-сыншы» тобы, «Қорғаушы» тобы. «Баяндамашылар» тобы дәрісхана алдында негізгі ережелер, қағидалар мен концепцияларды нақтылы мысалдармен, көрнекіліктермен баяндап береді. «Оппонент-сыншы» тобы «Баяндамашы» тобына сұрақтар қояды, баяндамаларын, оның мазмұнын, дәлелдемелерін сынға алады. «Қорғаушы» тобы жаңа фактілер келтіріп, ойларды толықтырады, мысалдар келтіреді.

4) Жұмыстың тиімді болуына «Баяндамашы» тобының өз баяндамаларымен аудиторияны алдын-ала таныстырулары да ықпал етеді. Топтың әрбір мүшесі кем дегенде бір тапсырманы орындаулары керек: иллюстрация дайындау, мысалдарды таңдап алу, баяндама жасау, қосымша әдебиетті іріктеу және т.б.

Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және студенттердің іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға топтың зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті–танымдық іс-әрекетті белсендендіру және студенттерді өнімді оқыту процесіне қатыстыру.

Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау.

Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:

1.Миға шабуыл уақытында топтың барлық студенттері қатысады.

2.Ұсынылған идеяларларға пікір берілмейді және сынға алынбайды.

3.Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.

4.Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.

5.Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.

6.Ойлар нақты және қысқа болуы керек.

«Іскерлік ойындар» әдісі-бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ақ, әскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді кескілескен майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар басқару әрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады. Әлеуметтік–психологиялық тренинг -қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік- психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді. Студенттер педагогикадағы оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы, өзіндік бағасының дамуы оның әлеуметтік дамуына, болашақта қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбекке бейімделуіне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына жағдай жасайды.

Өзін-өзі реттей білетін , жаңалыққа құштар ұстаз заман ағымына қарай өзгере алатын болуы керек. Мұғалім тағдыры-үнемі , өмір бойы іздену, оқу-тоқу. Үнемі ізденіс үстінде жүретін мұғалім жаңа мектеп моделін шығаруына өз үлесін қосады. Себебі білікті ұстаз өз сабағына оқушыларды тегіс қатыстыра алады. Егер сабағын балалардың қызығушылығы арттыратындай етіп құрастырса, оқушының оқуға деген ынтасы да пайда болады, әр сабаққа бала өз қалауымен барады. Бұның бәрі тек біздіің өзіміздің қолымызда және балаларды қолдап, мадақтап отыру қажет.

«Оқушы –толтыратын құмыра емес, тұтататын алау»,- деп Д.Хорвард айтқандай, шәкірттерімізге сапалы білім беру, біздің міндетіміз.





Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Заңы
    «Егемен Қазақстан» 2007 жылғы 15 тамыз N 254-256

  2. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  3. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары

  4. «Қазақстан -20150» стратегиясы – инновациялық технологияларды іске қосуда экономикалық қайта жаңғырудың басты парадигмасы» Болысбек А.Қ.Садықова П.А.

  5. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану: оқу құралы. – Алматы, 2009.

  6. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.:Народное образование.-1998

  7. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать: учебное пособие: 4-е изд., доп. –Алматы, 2010.

  8. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет

  9. Педагогика және психология сөздігі. — Алматы, 2002.-254 бет.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі