400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

арнайы педагогтардың "Кедергісіз әлем-балалардың болашағы" атты ашық сабағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте арнайы мамандардың ерекше білімді қажет ететін балалармен бірге жүргізілетін іс-шарасы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«БЕКІТЕМІН» Мектеп директоры м.у.а.

Тыныбеков С.О._______

«___» ___________2024ж












Ашық сабақ


Тақырыбы: Кедергісіз әлем- балалардың болашағы.





Дайындағандар:

Арнайы педагог: Мырзахан Ж.Б

Педагог-логопед: Тәніберген Б.Б.






















2024-2025 оқу жылы

  1. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар. Мектебіздің ерекше білімді қажет ететін оқушыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған Кедергісіз әлем- балалардың болашағы атты ойын сабағымызға қош келдіңіздер.

Арнайы педагог пен Логопедтің мақсат міндеттері бір бірін толықтырып, бір бірін жалғап отыратын мамандар.

Яғни,ерекше білімді қажет ететін және мектеп кеңесінің шешіміне сәйкес білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыларына арнайы педагогикалық қолдау көрсету.

Және міндеттереміз: Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп тереңдетілген арнайы педагогикалық тексеруден өткізу;

Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға жеке, топтық және сыныптық сабақтарда арнайы педагогикалық қолдау көрсету.

Оқытушыларға, ата-аналарға, басқа мамандарға білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде педагогикалық қолдау бойынша кеңес беру.

Бұл сабақта сіздер арнайы мамандардың балалармен жүргізілетін жұмыстар түрін тамашалай аласыздар.


  1. Әркім айтар өз әнін өз даусымен,
    Көңіл күйін бөлісер сырласымен.
    Біреу жақын өзіндей бақыттымен,
    Біреу жақын мұңдасы, құрдасымен. –деп сабағымыздың шымылдығын ашып беру үшін 1 сынып оқушысы Нөсер Асылымды Ата-әже әнімен ортаға шақырамыз.


  1. Монтессори әдістемесі ерекше білімді қажет ететін оқушыларды қоғамдық ортаға бейімдейді.

Бұл жүйе бойынша балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты — "оқы, оқы" деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу.

Монтессори мектебінде бұларға итермелеуші күш ретінде баланың өзіндік дамуына ықпал ететін әртүрлі ойындар, тапсырмалар, арнайы дидактикалық материалдар қызмет атқарды.

Ендеше мектебіміздің үйде оқытылатын оқушысы Митенбай Ахмедиярмен

Бірге жүргізілетін Монтессори әдістемесін тамашалаңыздар.


  1. Баланың ірі және ұсақ моторикасын бірдей дамыту оның ойлау,

қабылдау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізеді. Ірі және ұсақ моториканы дамытуға арналған ойынымызды көрсету үшін ортаға мектебіміздің педагог-логопеді Тәніберген Бақдаулет ағайымыз бен 9 б сынып оқушысы Налибек Бейбарысты шақырамыз.

  1. Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй-дей келе Бозторғай ана әнімен Жәнібек Айбарды ортаға шақырамыз.


6.Құм терапиясы-адамға өзінің жан дүниесіндегі өз Менін, өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. Менің осы құм терапиясын қолданудағы мақсатым, Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру. Құм терапиясын көрсету үшін: Алпысбай Айымды шақырамыз.


7. Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.


8.Баланың мергендігін, моторикасын дамытатын келесі ойынымызды бастайық. Ол үшін: Аминов Максим мен Рузиев Жамалбекті ортаға шақырамыз.

9. Арттерапия- бұл сурет арқылы адамды емдеу дегенді білдіреді. Жалпы алғанда, арттерапияның алдына қойған мақсаты: ол жеке тұлғаның гармониялық дамуы, әлеуметке адаптациялануының кеңеюіне мүмкіндіктерін жоғарылату. Яғни, бұның барлығын творчестволық іс-әрекет арқылы жүзеге асыру болып табылады. Оқушыларымыздың арттерапиялық тапсырмаларын тамашалауға шақырамыз. Есенбек Сымбат пен Рузиев Рамазан.


10. Баланың ірі және ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойынды жүргізу үшін Баратов Байтөре мен Ермухаммед Өмірзақты шақырамыз.

11. Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Ән - шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.- дей келе Құдайберген Жұлдыздың орындауында Қыз бала гүл әні.


12. Сабағымыздың қорытындысын Нуралиев Нурисламның Мен Қазақпын әнімен қойсақ дейміз.

Баланың дініне, ұлтына, жынысына қарай бөлмей, барлығына тең орта құру, біз бен сіздің ортақ мақсатымыз екенін ұмытпайық!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.11.2024
251
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі