« Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Степногорск қаласының «Айгөлек» №1 балабақшасы» МКҚК
Арнайы түзету іс-әрекетінің жоспары
Коммуникативтік дағдыларды дамыту.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Үй құстары»
Логопед: Маханова Н.К., жұмыс өтілі 2 жыл, санатсыз
Степногорск қ, 2023ж
Мақсаты: Үй құстарын ажыратып,атай білуді қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік мәні. Балаларға үй құстары және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру.
Дамытушылық мәні. Үй құстарының тіршілігі жайлы сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік мәні: Құстардың табиғатқа, адамдарға келтіретін пйдасына тоқталу. Үй құстарына қамқор болуға,оларды күте білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үй құстарының суреттері,дидактикалық материалдар, слайд көрсету.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Қостілдік компоненті: Тауық-курица, әтеш-петух,шөже-цыпленок.
Мотивациялық қозғаушылық
Келген қонақтармен амандасу.
Шаттық шеңбер:
Қуанамын менде,
Қуанасын сенде.
Қуанады достарым,
Арайлап атқан күнге.
-Балалар қазір қандай мезгіл?
-Көктем мезгілінде қандай құбылыстар болып жатыр?
-Ауа-райы қандай?
-Адамдар қалай киінген? Т.б.
Өте жақсы жарайсыңдар.
-Балалар біз таза,анық сөйлеу үшін не істиміз?
Дұрыс тілімізге жаттығу жасаймыз. Олай болса орнындарыңа отыра қойыңдар. Мен сендерге қазір тіл туралы қызықты ертегі оқып беремін, мұқият тыңдаңдар. (артикуляциялық жаттығу жасау)
Тіл саяхатқа барып қайтты ия, сендерде саяхатқа барғыларың келеме? Олай болса құстар фермасына саяхаттап қайтайық. (балалар бастарын балапан маскасын киіп балапан болып тізіліп саяхатқа шығады)
Балалар қараңдаршы құс фермасына келгеніміз сезіліп тұр,мында құстардың аппақ мамық қауырсындары жатыр екен,қане үрлеп ұшырып көрейік,олар сондай жеңіл екен. (тыныс алу жаттығулары)
Жұмбақ жасыру:
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таңатпай ол не екен? (Әтеш)
Кеудесі қайқандап жүреді
Байпандап ол не? (Қаз)
Суға түссе балықтай
Жүзе береді жалықпай (Үйрек)
Күн батса қонақтап қалғыған
Таң атса жерден жем аңдыған (Тауық)
Жарайсыңдар балалар енді мына суреттерге қарап құстардың қалай дыбыстайды екен қарап отырыңдар.
Қаз (қаңқылдайды)
Үйрек (барқылдайды)
Ал мынау әтеш пен тауық Әтеш (шақыраты) Тауық (қытқыттайды)
Ал күрке тауық болса (күркілдейді)
Тіл ұстарту жаттығуы:
Пан-пан-пан,Сап-сары балапан,
Уық-уық-уық, Қыт-қыттайды тауық.
Рек-рек-рек,Ұшты көлден үйрек,
Еш-еш-еш,Шақырады әтеш.
Аз-аз-аз, қаңқылдайды қаз,
Гей-гей-гей, кішкентай шүрегей.
Балалар үй құстары жем,су,шөппен қоректенеді екен,Үй құстарының адамдарға пайдасы өте көп екен,етін жұмыртқасын пайдаланады екен, мына суреттерге назар аударыңдар не көріп тұрсыңдар?
(балалардың құстардың пайдасы туралы жауаптары тыңдалады)Құстардың адамдарға беретін пайдасы көп екен.
Жақсы балалар сендер бүгін кішкентай балапандар болып тұрсыңдар, қане бәріміз балапан сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті (шөжелерім)
Ойын «Құстарды ата»
Міндеті: балалар құстардың дыбыстарын айтып айналып жүреді, балалар қай құстқа келіп тоқтайды сол құс туралы айтады.
-Бұл қандай құс?
-Неше балапан көріп тұрсын?
-Үйректің балапанын қалай атайды?
-Қаздың түсі қандай? Т.б.
-Балалар қарандаршы құстар бізді көріп жасырынып қалған сияқты, біз құстар туралы көп білдік енді сол құстарды тауып көриік.
Ойын «Қандай құс?»
Міндеті: Сурет артына жасырылған құстарды табу.
-Балалар мынау қандай құс екен? (Қаз)
Қаз туралы кім тақпақ біледі? Балауса айта ғой.
-Ал мынау қандай құс жасырынып тұрған? (үйрек)
Үйрек туралы не айтасыңдар? Мәриям айта ғой
-келесі қандай құс екен? (тауық)
Тауық туралы кім тақпақ біледі Мадина айта ғой. Т.б.
Жарайсыңдар балалар сендер өте тапқыр балалар екенсіңдер.
-Бізге құстар не береді? Жұмыртқа береді дұрыс
-Мына жерде жұмыртқалар шашылып жатыр кәне біз жинап алайық.
Ойын: «Жұмыртқа жинау»
Міндеті:Жұмыртқаның жартысын сыртына жабысқан суреттер арқылы тауып құрастыру керек,сол сурет арқылы әңгіме құрастыру.
-Бұл не ? Тауық үй құсына жатама?
-Бұл не ? Сйыр үй құсына жатама? Т.б.
Жақсы балалар бізге құстар жұмыртқасын берді сол үшін біз оларға жем,арпа,бидай беруіміз керек,қарындары ашқан шығар.
Ойын «Құстарды тамақтандар»
Міндеті: Құстарға ермексаз арқылы бидай жасап, жапсыру.
Саусақ жаттығуы: «Құстар қанат қағады»
Құстар ұшып барады,
Көкке қанат қағады.
Барлық құстар қосылып,
Шиқ-шиқ-деп ән салады.
Балалар құстар сендерге ризашылығын білдіріп, сендерге жұмыртқа дайындап қойыпты. (балаларға киндер сюрприз тарату)
-Не деп айтамыз балалар? (Рахмет)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Арнайы түзетушілік іс-әрекет "Үй құстары"

шағым қалдыра аласыз