400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арналы бұлақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне және барлық сынып жетекшілерімен тәрбиешілерге сыныптан тыс жұмыс жасау кезінде әдістемелік көмек ретінде ұсынып отырмын. Балалармен жұмыс жасау кезінде көркем сөздермен бейнелеп сөйлеп, өз ойларын анық жеткізуге үйрету үшін септігі болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: «Арналы бұлақ-асыл сөз»

Мақсаты:қазақ халқының мол мұрасымен таныстыра отырып, халық мұрасы қастерлеуге,үлгі тұтуға үйрету.Оқушылардың сөздік қорлрарын толықтыра отырып,адамгершілікке ,эстетикалық ой-өрісін дамыту,ұлттық тәрбие беру.

Көрнекілігі:өнегелі сөздер, ою түрлері,мақал-мәтелдер,зергерлік бұйымдар,т.б.

Өту барысы:1-бөлім. «Арналы бұлақ-асыл сөз»тақырыбында кіріспе әңгіме.

Ұлттың негізгі тірегі-ана тілі.Ана тілінен айрылған халық ұлт емес. Тіл-киелі дүние.Тілімізден айрылғанымыз-ұлттық қасиетімізден айрылғанымыз.Әжелеріміз бесік тербете отырып,өмірлі бол,ақ ботам!

Бақытты бол,ақ қозым!-деп жырлаған.

«Бесік жырын» орындау.

2-бөлім «Мақал-мәтел» айтысы.

Ақсақал :Ассалаумағалейкум! «Алыстан алты жасар бала келсе,ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді»-демекші қалың қалай балам?

Жігіт: «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады»-деуші еді,келіңіз,төрге шығыңыз!Қонақ болып кетіңіз!

Ақсақал: «Қонағын сыйласа,төрге шық»-дегендей,төрге шығайын.

Жігіт: «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.

Ақсақал: Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын»

Жігіт: «Досыңның тамағын қасыңдай іш» демекші ала отырыңыз.

Ақсақал: Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» дейді ғой. Алла разы болсын.

Жігіт: «Жылқы кісінегенеше, адам сөйлескенше». Осылай таныс-біліс болу да бір ғанибет қой, ата.

Ақсақал: «Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл» дейді атам қазақ. Есімің кім болды, балам?

Жігіт: Есімім Қайрат. «Көрген жерде ауыл бар» дегендей келіп тұрыңыз.

Ақсақал: «Қонақта кел демек бар, кет демек жоқ» дейды. Қой қайтайын.

Жігіт: «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал», - демекші, жолыңыз болсын.

Ақсақал: «Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін шал ерке» деуші еді аталарымыз, сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз.

Жігіт: «Кәрі, кәрінің сөз дәрі» дегендей, о не дегеніңіз?

Ақсақал: «Таз таранғанша той тарқар». Қайтайын.

Жігіт: «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» дегендей келіп тұрыңыз.

1-оқушы: Алсытан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен-кішіге байланысты емес.

2-оқушы: Халқымызда ақсақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені, жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпеу – ата дәстүріміз.

3-оқушы: Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама мейірім, қамқорлық әдемі жарастық жатыр.

ІІІ.Көрініс көрсету

4-оқушы: Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болып саналады.

5-оқушы: Сәлем беру-амандық, инабаттылық, көрегенділік және мәдениеттілік белгісі.

6-оқушы: Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті, ол әдептіліктің бір белгісі ретінде қалыптасқан дәстүр.

7-оқушы: Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үстінде келе жатқан адам арқан бойы жақындағанда, аттан түсіп, айырықша құрметтеп сәлем беретін болған.

8-оқушы: Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші не сәлем беруші қол алысып амандасады, ұзақ уақыт көріспегенде қауышып, құшақтасып амандасады.

9-оқушы: Сәлемдескенде, сәлем бергенде әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, қоңыр дауыспен, сыйласымдылық үнмен, аптықпай, салмақпен, әдеппен сөйлеу керек.

4. Мақал-мәтел жарысы

Сәлемдесу, сыйласымдылық, тіл туралы мақал-мәтелдер айту.

Жақсы сөз- жарым ырыс.

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз –дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, өзі нәр.

Ата салты-ардақты,

Әрбір сөзі-салмақты.

Тістерсің бір күні бармақты.

5.Концертік бағдарлама

қорытындылау.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі