жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Арнаулы орта білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі
Дәріс 2
Тақырып:Арнаулы орта білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі
Жоспар:
1.Дене мәдениеті
2.Дене тәрбиесі
3.Дене тәрбиесінің міндеттері
1. Дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір түрі. Дене тәрбиесі мәдениеті осы саладағы қоғамдық-тарихи даму практикасының барлық жетістіктерін бойға жинақтаған қоғамдық құбылыс болып табылады. Дене тәрбиесі мәдениеті жетістіктері қоғам өмірінде белсенді роль атқарады. Олар адамдардың дене және рухани мәдениетін тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланылады.
Негізгі түсініктер арасында «дене тәрбиесі мәдениеті» ең кең көлемдегі жинақталған ұғым екенін атап айтқан жөн.
Дене тәрбиесі – адамдардың дене, мүсін сұлулығын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, әдемілігін, дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Материалдық байлықтар – спорт сарайлары, стадиондар, бассеиндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал- жабдықтар. Рухани байлықтар – дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнайы білім, ғылыми-зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар.
2. Дене тәрбиесі - бұл адам ағзасына дене жаттығуларымен мақсатты, жүйелі түрде ықпал ету, денсаулықты нығайтуға жақсартарлық табиғаттың табиғи күштері мен тазалық сақтауды жолға қою, дене қасиеттерін тәрбиелеу және өмірлік мәні зор қозғалтқыштық іскерлік пен дағдыларды, соларға байланысты білімдерді қалыптастырып жетілдіру, адамды белсенді өмірге даярлауды қамтамасыз ету.
Бұл анықтаудан дене тәрбиесінің екі ерекшелігі байқалады:
1. Қозғалыстарға үйрету. Ол дене тәрбиесі білімінің негізгі мазмұнын құрайды, яғни өз қозғалысын басқарудағы арнайы тәсілдерді орынды пайдалану жүйесін меңгереді, сол арқылы іскерліктің дағдылардың және солармен байланысты білімдердің қозғалтқыш қорын игереді;
2. Адамның дене құрылысы сапаларына қатысты дене құрылысының табиғи қасиеттері кешеніне мақсатты түрде ықпал ету. Дене тәрбиесінің бұл саласын дене қаситеттерін тәрбиелеу саласы деп атайды.
Соңғы нәтижеде дене тәрбиесі тәрбиенің басқа түрлерімен біріге отырып педагогикалық процесс ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.
3. Дене тәрбиесі жүйесі. Бұл ұғым дене тәрбиесінің әлеуметтік практикасындағы белгілі тарихи үлгіні бейнелейді, яғни ол өзі тәуелді нақты қоғамдық қауым жағдайының алғашқы негіздері мен ұйымдары түрлерінің тәртіпке келтірілген жиынтығы. Біздің еліміздің дене тәрбиесі жүйесі, дене тәрбиесінің идеологиялық, ғылыми-әдістемелік негіздерінің, сондай-ақ азаматтардың дене тәрбиесін жүзеге асыратын және бақылайтын ұйымдар мен мекемелердің бір екендігін танытады.
4. Дене тәрбиесі білімі қозғалыстарға үйретудің негізгі мазмұнын құрайды және адамның өз қозғалыстарын басқарудағы орынды тәсілдерді меңгеру жүйесін жасайды, сол арқылы іскерліктің, дағдылардың және солармен байланысты білімдердің өмірге қажет қозғалытқыш қорын меңгереді.
5. Дене дамуы – адам жеке өмірінің ұзақ жолында өз денесі қызметінің табиғи қасиеттеріне және дене сапалары мен қабілеттеріне негізделе біртіндеп қалыптасуы және өзгеруі заңды процесс. Дене дамуына тұқым қуалаушылық факторлары, өмір жағдайлары және тәрбие ерекшеліктері айтарлықтай әсер етеді.
6. Дене дайындығы - әр түрлі әрекеттердің талабына сай дамытылған дене қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі.Ол жалпы және арнайы дене дайындығы деп бөлінеді.Дене дайындығы – еңбекке әзірлеудің, қажет десеңіз армияда қызмет етуге дайындаудың бөлінбес құрамы болып табылады.
8. Дене дайындылығы – бұл белгілі бір қызметке дене жағынан әзір болудың хал-жайы, яғни қол жеткен жұмыс істеу қабілетін тұтастырған дене дайындығының нәтижесі, мақсатты қызметтің әсерлілігін арттыруға мүмкіндік беретін, жағдай жасайтын ұйымдасқан қолданбалы қозғалтқыш іскерліктер мен дағдылар.
9. Дене дайындығын жетілдіру. Бұл ұғым адам денесінің жан-жақты және дене тәрбиесінің үйлесімді дамуының шаралары туралы түсініктерді жинақтайды. Сонымен бірге бұл шара еңбек және басқа да өмірлік қызмет өрістеріне қолайлы келетінін, дене шынықтыру саласында жеке дарынның жеткен барынша жоғары даму дәрежесін білдіреді және ұзақ өмір сүру денсаулық заңдылықтарына жауап береді.
10. Дене тәрбиесі қозғалысы бұл ұғым адамдардың дене тәрбиесі мәдениеті мұраларын пайдаланып, дамыта көбейтуде бір арнада бірлесе еңбек ететін әлеуметтік қозғалысты қамтиды. Дене тәрбиесі мәдениетінің дамуы бүкіл адамзаттық құбылыс болғандықтан, оны дамытуға ұмтылған адамдардың өзара байланыс іс-әрекетінсіз жүзеге аспайды. Дене тәрбиесі қозғалысы осы іс-әрекетті ұйымдастырудың түрі болып табылады.[1]
11. Дене тәрбиесі үзілісі – дене жаттығуларының көмегі арқылы адамдардың ләззат аларлық белсенді демалысын жүзеге асыру.
12. Денені қалпына келтіру - адам ағзасындағы біршама жоғалған немесе әлсіреген қабілеттер мен психика міндеттерін дене тәрбиесі құралдарымен қалпына келтіру қызметі.
13. Дене тәрбиесі мәдениеті ілімі – бәрінен бұрын жеке тұлғаны әлеуметтік қалыптастыру мен адамның өмірілік күшін үйлесімді дамытудың тәрбие себептері жүйесін пайдалануға және одан ары қарай дамытуға бағытталған дене тәрбиесі мәдениетінің мәні, оның қызметінің жалпы заңдылықтары туралы ғылыми білімдердің интегративті жүйесі.
14. Әдістеме – алға қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін құралдар мен әдістерді пайдалану жүйесі. Ол іс-әрекеттерді, олардың жүзеге асу жолдары мен сатыларын дәл бейнелеуі тиіс.
15. Әдіс – алға қойылған мақсатқа жету үшін қандай да бір құралды пайдаланудың жолы.
16.Дене тәрбиесі мәдениетінің міндеті. Дене тәрбиесі мәдениетінің «міндеттері» өзіне тән ерекшеліктерімен адамға және адамдардың қарым-қатынасына, жеке тұлғаның және қоғамның белгілі талап тілегін қанағаттандырып, дамуға дұрыс ықпал ететінімен айқындалады.
17.Дене тәрбиесі мәдениеті қызметінің арнайы міндеттері - мәдениеттің ерекше бөлігі ретінде адамның табиғи мұқтаждығын қамтамасыз етерлік қозғалыстық белсенділікті, өмірге қажет денсаулықты нығайтудың және дененің еңбекке жарамдылығына, әрекетшілдігіне сай ағзаны дамытуды қамтамасыз ететін қасиеттерімен айқындалады.
Дене тәрбиесі мәдениеті қызметінің арнайы міндеттерін төмендегіше ажыратқан жөн [2]:
а/ арнайы білім беретін міндеттер;
б/ арнайы қолданбалы міндеттер;
в/ «спорттық» міндеттер;
г/ үзілісті және сауықтыру-ақталу міндеттері.
18. Дене тәрбиесі мәдениетінің жалпы міндеттері. Шын мәнінде мәдениетке тән жалпы міндеттер дене тәрбиесі мәдениеті саласында да пайда болады. Олар эстетикалық, мөлшерлік және хабарламалық міндеттер.
19. Дене тәрбиесі мақсаты - дене тәрбиесі жағынан адамның үйлесімді дамуын, әрбір дене сапаларын жан-жақты жетілдіруін және солармен бірліктігі жеке тұлғаның қоғамдық белсенділігін танытатын рухани, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу тұтастығын, сол негізде қоғамның әр мүшесін даярлауды, еңбекке және қоғамдық маңызды түрлеріне баулуды қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді жүзеге асыратын дене тәрбиесі факторларын толық пайдалану болып табылады.
20. Дене тәрбиесі міндеттері:
1. Әрбір дене қасиеттеріне тән жан-жақты дамуға, қозғалыс қабілеттерін жетілдіруге, денсаулықты нығайтуға және оны ұзақ сақтауға бастайтын бағыттағы ағзаның дамуын тездету міндеттері.
2. Қозғалтқыш іскерлік, дағдылардың және олармен бірліктегі білімдердің («дене тәрбиесі білімі») өмірде керек жеке қорын жүйелі қалыптастыру қажеттігінен туған білім берерлік қызмет міндеттері.
21. Заң – табиғат пен қоғам құбылыстар арасындағы қажетті, маңызды, тұрақты қайталанатын қарым-қатынастар.
22. Жаттығулар заңы – тұтынудың ұзақ және өнімді өлшемі құрамына топтасқан жұмыс. Бұл дене тәрбиесіндегі жалғыз заң.
23. Заңдылық - қоғамдық өмір құбылыстарының маңызды байланысын қайталаушы, шын бар нәрсе.
24. Прицип /лат. - басы, негіз/ - әйтеуір бір ілімнің, оқудың ғылымның, көзқарастың бастапқы негізгі жағдайы. Ғылымда тәрбие туралы «принциптер» деп тәрбиенің жалпы заңдылығын бейнелейтін және мақсатқа жету жолындағы басты жөн сілтерлік күшке қызмет ететін ерекше маңызды ілімдік-практикалық жағдайларды айтса керек.
25. Сәйкестік принципі – бағыттылық көлемі мен жаттығулар қуаты өнімділігі тәрбие міндеттеріне және тәрбиесімен шұғылданушының даму деңгейіне сәйкес келуі керек.
26. Үйлесімдік принципі – қабілеттердің тек жан-жақты және үйлесімді дамуы жаттығулардың жоғары тиімділік шарты.
27. Сақтау принципі – қол жеткен тиімділікті, әсерлікті сақтау үшін сүйемелі жүк, қуат керек.
28. Жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы принципі.
Бұл принциптің дене тәрбиесі саласындағы практикалық мағынасы негізгі екі талапқа байланысты.
1. Дене тәрбиесі ерекшеліктері міндеттерін шеше отырып, тәрбиенің барлық қырларының өзара байланысын тұрақты сақтау.
2. Дене тәрбиесінің жан-жақтылығын, жалпы және арнайы дене дайындығының бірлігін қамтамасыз ету.
29. Дене тәрбиесінің еңбек және қорғаныс практикасына байланысты принципі. Бұл принцип қоғамдағы дене тәрбиесінің негізгі қолданбалы қызметіне ерекше көңіл аударады – қоғамдық өзгерістік өрісте толыққанды қызмет етерлік қоғам мүшесін әзірлейді, ал керек жағдайда Отанды қорғау ісінде патриоттық борышын орындауға дайындайды.
30. Дене тәрбиесінің сауықтыру бағытындағы принципі. Бұл принцип дене тәрбиесі процесінде қандай бір арнайы мәселелер шешілмесін және сол бойынша қандай бір жағдай орындалмасын сауықтыру тиімділігіне сөзсіз жету жолындағы тапсырманың орындалуын талап етеді.
31. Дене жаттығулары. Дене тәрбиесі құралдары кешені -дене жаттығуларын, табиғаттың сауықтыру күштерін және тазалық факторларын құрайды. Дене жаттығуларының негізгі ерекше құралы, іс-әрекет болып табылады. Дене тәрбиесі міндеттері соның көмегімен шешіледі.
Адам жүзеге асыратын қозғалыстық және әр түрлі іс-әрекет. Бірақ, барлық қозғалыс пен іс-әрекет дене жаттығулары болып табылуы мүмкін емес. Ол аса маңызды, ерекше белгілері бар арнайы ұйымдастырылған әдістемелік мақсатты-бағыттылық және қайталаушылық, сонымен бірге дене тәрбиесі іс-әрекет мазмұны мен түрлері сәйкестігіне, солар бойынша жүзеге асатын заңдылығына байланысты анықталды.
32. Дене жаттығуының мазмұны өзіне енетін әрекеттерді және педагогикалық, биологиялық, басқа да жайларға әсер-ықпалын анықтап, жаттығу барысындағы негізгі процестерді күшейтеді.
33. Дене жаттығуының түрі өзінің ішкі және сыртқы құрылысын танытады. Ішкі құрылыс жаттығу кезіндегі ағза қызметі әртүрлі процестерінің өзара қалай байланысқанымен, ара қатынасымен, бір-бірімен қалай әрекет жасайтынымен сипатталады. Дене жаттығуының сыртқы құрылысы – бұл оның кеңістік, уақыт және динамикалық параметрлер ара қатынасын сипаттайтын көзге көрінетін түрі.
34. Дене жаттығуының /қозғалыстық іс-әрекеттік/ тәсілі.
Дене жаттығулары түрлерінің жетілдіру процесінде қозғалыс іс-әрекеттің орындалуының ұтымды қабілеттері іздестіріледі. Қозғалыс іс-әрекеттің орындалу қабілеттері, олардың көмегімен қозғалыс міндет-мақсаттары, салыстырмалы түрде үлкен тиімділікпен шешілсе, оны дене жаттығуларының тәсілі деп атайды.
Дене жаттығуларының тәсілі үнемі өзгеріп және жетілдіріліп отырылады. Қозғалыс тәсілінде оны анықтаушы буын мен бөлшектің негізі ажыратылады. Әрбір циклді емес қозғалыста олардың қызметтеріне сәйкес әрекетте үш кезеңді: дайындық, негізгі және қарқынды деп дәлме-дәл межелеуге болады.
Кез-келген еркін қозғалыста кеңістік, уақытша, кеңістік-уақытша (кинематикалық), дененің қозғалысын тексеретін бөлім, динамикалық және ырғақты болады. Оларды осылай сипаттап бөлген жөн.
35. Дене жаттығуларын жүйелеу. Дене жаттығуларын жүйелеуде жаттығулардың кейбір қасиеттеріне әрқайсысының жалпы іштей ұнауына қарай оларды матасқан топтарға бөлуге болады. Практикалық жұмыста дене тәрбиесі бойынша жаттығуларды жүйелеу олардың дене сапаларын дамытудағы айрықша мәнінің белгісіне қарай жиі қолданылады. Әдетте жаттығулар: күштілікті, жылдамдықты, төзімділікті және икемділікті дамыту үшін бөлінеді. Дене жаттығулары түрлерінің ерекше белгілеріне қарай /биомеханикадан/ циклді емес және аралас құрылған жүйелер де қолданылады. Физиологияда қуаттылықтың әртүрлі аймағында /орындалатын барынша көп, одан аз, үлкен және біркелкі/ жаттығулар пайдаланылады.
36. Дене жаттығуларындағы жүктеме – бұл ағзаға ықпал ететін өлшем, сонымен бірге ақиқат және өзіндік қиындықтарды жеңудегі дәреже. Басқаша айтқанда, бұл атау бәрінен бұрын дене жаттығулары ықпалының сандық өлшемін білдіреді.
Жұмыс көлемінің әсері оның көлемі мен үдемелігіне тура пропорционал. Мұндайда жұмыс көлемі деп дене жаттығуларының ұзақ әсер-ықпалын, орындаған жұмыстың жиынтық уақыт бірлігі күші мен, ширығуымен, күш салудың бір реттік өлшемімен ықпал ету. Сипаты бойынша жұмыс көлемі қалыпты және өзгергіш болуы мүмкін.
37. Демалыс – дене тәрбиесі процесінің бір құрамы. Мінезіне қарай демалыс белсенді және енжар болуы мүмкін. Демалыс жұмыс көлемі бөліктерінің аралығы жай /толық/, қатты /толық емес/ және экстремальды /жүктеме көлемінің кезекті бөлігі шапшаң қайта қалпына келу сәтімен сәйкес келеді. [2]
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің әдістемесі.-Өскемен.:ШҚМУ баспасы, 2006.
2. Мұхаметжанова Ұ. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. –А, 2006. – 320б.
3. Сейсенбеков Е.К. Дене шынықтыру және спорт таихы: оқу құралы. –Шымкент.:ОҚГИ, 2009.-148б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген