400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ароматты көмірсутектер.Бензол

Материал туралы қысқаша түсінік
Бензол тақырыбына сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

__________________ Мамытова Г.Е.


Бөлім:

9.4В Көмірсутектер. Отын

Педагогтің аты-жөні:

Қарашова А.С.

Күні:

23.04.2026ж.

Сыныбы:

9 «В», «А»

Сабақтың тақырыбы:

Ароматты көмірсутектер. Бензол

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.3.14 -бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

-бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттайды.

Құндылықтар

Әділдік және жауапкершілік –берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды, әділдікпен оқушылар бірін бірі бағалайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин.

Үйге берілген тапсырмалар сұралып, өткен сабақты қайталау мақсатында сұрақ-жауап қойылады.

Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығы тексеріледі және позитивті атмосфера қалыптастырылады.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.



Жаңа сабаққа кіріспе


«Bilimland» сайтынан төмендегідей видео көрсетіліп, талқыланылады:

  • Бензол молекуласының құрылысы. Бензолдың гомологтары мен изомерлері

  • Бензолдың туындылары. Бензолдың қасиеттері

  • Видео көрсетілмес бұрын оқушыларға алдын ала сұрақтар қойылады.

  • Видео көрсетіліп болғаннан кейін сұрақтар талқыланады.

  • Қажет жерінде мұғалім бағыт-бағдар беріп отырады.


Сұрақтар:

1) Бензолдың молекулалық формуласы?

2) Бензолдың нитрленуі қалай жүзеге асады? т.б.



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.



Сабақтың ортасы

15 мин.

Жеке жұмыс: Тапсырмаларды орындау.

  • Оқушыларға тапсырмалар жазылған парақтар таратылады;

  • Оқушылар жеке орындап шығады;

  • Мұғалім оқушыларды бақылап, қажет жерінде бағыт-бағдар береді;

  • Тапсырманы уақытынан бұрын орындап болған оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі;


Тапсырмаларды оқушылар толық орындап болғаннан кейін сыныппен талқыланады.



Топтық жұмыс

6 мин

Массасы 192 г кальций карбидінің сумен әрекеттесуінен алынған газды 600°С температурада активтелген көмірі бар трубка арқылы өткізілді. Нәтижесінде 64 г бензол алынды. Соңғы өнімнің шығымын (процент бойынша) анықтаңыз.

(Жауабы: 82%)


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


Жеке жұмыс

5 мин

Егер шығымы 80% болатын, 20 гр ацетиленнен қанша бензол алуға болады?



7,8 гр бензолдың толық жануы үшін қанша көлем (қ.ж.) оттек жұмсалады?



Сабақтың соңы

7 мин.

Сабақтың соңында оқушыларға белсенді қатысқаны үшін рақмет айтылып, олардан кері байланыс қағаздарын толтырып берулері сұралады.

Оның алдағы сабақтарда ескерілетіні айтылады.

- Маған ой салды........

- Сабақта сіз қандай жаңалықпен таныстыңыз?

- Сіз сабақта нені есте сақтау қажет деп ойлайсыз?

- Немен жұмысты жалғастыру қажет...
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29.04.2026
7
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі