15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Арт-терапия
Тақырыбы: Арт-терапия
Мақсаты: Арт-терапия туралы түсініктік беру. Сабақта арт-терапияны қолдану арқылы оқушының ішкі ойын, эмоциясын басқаруды үйрету.
Сөздің кіші мағынасында арт-терапия деп психоэмоциялық көңіл-күйге әсер ету мақсатындағы бейнелеу өнері терапиясынтүсінуге болады.Арт-терапия әдістері заманауи сауықтыру жүйелерінің,дербес және рухани дамыту жөніндегі авторлық әдістемелердің бір бөлігіне айналып отыр.Олар түрлі жастағы және әлеуметтік санаттағы адамдармен жұмыыс кезінде белсенді түрде қолданылады.Қазіргі кезде әдістің мынадай пайдалы қасиеттері анықталған:
Мүсіндеуді сурет (қарындашпен,бояулармен) салуды пайдалану агрессияны және жиналып қалғантеріс эмоцияны қайтарудың қауіпсіз және әлеуметтік қолайлы тәсілі.
Ішкі күйзелістер мен соқыр сезімнің шиеленісуі көру бейнелерінің орасан зор ақпарт саны терапия үдерісі кезінде барлық диагностикалау жұмысын түсінуге негіз болып табылады.
Адам өзі аңғара бермейтін ең терең сезімдерді білдіруге мүмкіндік береді өйткені соқыр сезім шығармашылық үдеріске белсене қатысады.
Эмпатияның топтануына,дамуына және терапиялық өзара әсердің нығаюына ықпал етеді.
Шығармашылық үдеріс кезінде түрді,түсті және текстураны таңдау және пайдалану қажеттілігі белгілі бір шоғырлануыды және ұйымдастырушылықты талап етеді және ішкі бақылауды қалыптастыруға көмектеседі.
Осы уақытқа дейін жасырын болып келген дағдылармен дамуды анықтау үдерісі кезінде пайда болатын қанағаттанушылық сезімі арт-терапияның жанама тиімділігі болып табылады.Бұл адамға өзінің дербес құндылығын сезіну әсерін күшейтуге сезімдермен жұмыс істеуге кедергі де келтіреді.Өйткені балаға кейде,дәрігерден қорқудың қажет еместігін,ересек монстрлардың шын мәнінде жоқ екендігін,ал ата-аналардың ешқайда кетпейтінін айтып түсіндіру өте қиын.
Бұндай «алынбас» күйзелістермен жұмыс істеу үшін,қорғау механизмін жұмсақ және биязы ойын түрінде жеңіл айналып өтетін,баланың боййында қандай күйзеліс бар екенін түсінуге және байқатпастан оларды түзетуге мүмкіндік беретін арт-терапия қажет.Арт-терапиялық сабақтар кезінде бала өзін байсалды,қолайлы сезіне бастайды.Агрессия мен мазасыздық артта қалады,бала өз іс-қимылынан ләззат алады.Табыстылық үшін қажетті құрамдас бөлік-педагог тарапынан толық түсіністік пен қолдау.Табысқа қол жеткізу үшін,мынадай жағдайлар қанағаттанушылық сезім арт-терапияның жанама тиімділігі болып табылады.Бұл адамға өзінің дербес құндылығын сезіну әсерін күйшейтуге мүмкіндік береді.
Балалармен жұмыс кезінде арт-терапияны дұрыс қолдану жақсы нәтижелер беруі мүмкін.Өйткені,адам психикасы,оның ішінде балалар психикасы саналы және санасыз болып бөлінеді.Барлық күйзелістер,қатты әсер ететін оқиғалар,жайсыз эмоциялар,егер олар бастан үйлесімді түрде өтпеген болса біраз уақыт өткеннен кейін саналы күйден санасыз күйге ауысады.Ол жақта олар қорқыныш,үрей,бастырылу,шектен тыс қыңырлық немесе әсіреленгіштік түрінде пайда болады.
Арт-терапия түрлері:бейнетерапия;музыкотерапия;ертегітерапия;құм терапиясы,ойын терапиясы;би –қозғалыс терапиясы;мультитерапия.
Балалармен жұмыс істеуде арт-терапияны қолдануды,заңды түрде басқа психологиялық және әлеуметтік жұмыстармен қатар ішкі себептермен пайда болған шығармашылық әдістемесінің жүйесі арқылы көрініс табатын денсаулық сақтаушы инновациялық технология ретінде ұстануға болады.
Шын мәнінде бұл даму деңгейі аралас топтардағы қабілеттері әртүрлі балалармен жұмыс істеудің тамаша әдісі болып шықты,өйткені ол әр баланың өз деңгейінде әрекет етуіне,оның солай қабылдануына мүмкіндік береді.Бұл әдіс қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін де қолданылуы мүмкін және өзін-өзі бағалауды арттырудың және өзіне деген сенімін нығайтудың (бұлардың екеуі де оқу барысында балалардың қателіктер жасауы топтардағы қателіктер әртүрлі балалармен жұмыс істеудің тамаша әдісі болып шықты,өйткені ол әр баланың өз денгейінде әрекет етуіне,оның солай қабылдануына мүмкіндік береді.Бұл әдіс қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін де қолданылуы мүмкін және өзін-өзі бағалауды арттырудың эәне өзіне деген сенімін нығайтудың (бұлардың екеуі де оқу барысында балалардың қателіктер жасау,және жаңаны байқап көру «тәуекеліне» ниет етуінің негізінде жатыр) тамаша құралы болып табылады.Бұгны топтық ынтымақтастықты дамытуда қолдануға болады,ол балаға өзі сөзбен жеткізе алмайтын немесе дауыстап айта алмайтын нәрсесін білдіруіне көмектесе алады.
Тренингтың тақырыбы: «Балалық шаққа саяхат»
Ерте кездегі еске түсірулердің суреттері автордың оны қоршаған ортамен өзара байланысының өзінше бір метафорасы ретінде қарастырылады. Балалық еске түсірулер тұлға аралық қатынастардың символикалық моделі ретінде өзара әрекеттесудің индивидуалды ерекшеліктерін, коммуникативті қиындықтарды және оларды шешудің тәсілдерін, бұрынғы және қазіргі кездегі жауап қайтарудың сипатын бейнелейді деп есептелінеді. Аталған финомен бейнелеу өнерінің табиғатымен тығыз байланысты және арт-терапиялық диогностика контексінде үлкен маңызға ие. Балалық еске түсірулердің сөздері мен суреттері субъектінің ішкі өмірімен байланысты сезімдерді шығармашылық тұрғыдан айқындауға үлкен түрткі болып табылады. Сондықтан бірнеше терапиялық сабақтардың тақырыбы мынадай болуы мүмкін: «Өзіме бала сияқты ойнауды рұқсат ете аламын». Тапсырмалардың бірі: жазбайтын қолмен балалық шақтан ең сүйікті ойынды салып суретке атау беру керек. Мақсатқа байланысты нұсқау балалық еске түсіруді эмоциялық бояуын таңдауға еркіндік қалдырады. Дәлілер айтқанда:
-жазбайтын қолмен балалық шақтың белгілі оқиғасын салу;
-жазбайтын қолмен балалық шақтың ең жарқын еске түсіруін салу.
Жұмыста жұмсақ бейнелеу құралдарын(балауыздан жасалған борлар, пастель)және форматы үлкен қағаздарды(А3 және оданда үлкен) қолданған дұрыс. Оң қолымен жазатын адамдар сол қолмен сурет салу кезінде өздерінің қабілеттерінің шекарасын кеңейтеді, сана бақылауын азайтып, сезімдерге қарайды,яғни спонтаны бола бастайды.Ол өз суретінің көркемділігі туралы ойлама жай сурет сала бастайды.Осындай кезде күш қайғырулардың,балалық қорқыныштың көрініс табуы және шығармашылық бейнелердің пайда болуы мүмкін.Неліктен осы балалық ойда пайда болғанын талқылаған дұрыс.Адам бейнелермен жұмыс істеу кезінде өзін қалай сезінді және өзін қазір қалай сезініп жатыр.Еске түскен оқиғаның автордың «өмірлік сценарийімен» мінез құлықтың басым жақтарымен қандай байланысы бар?Оның қазіргі өмірінде қалай көрініс табып жатыр?.Келесі терапиялардағы балалық еске түсірулердін тақырыбы мынадай белгілі Қорқыныш сезімі (эмоциялық компонент) міндетті түрде қимылдық мазасыздықты (моторлық компонент),адамның ойының өзгеруін тудыратыны жалпыға белгілі.Демек жағымды бейнені суреттеп қиялдаған кезде мимика,жест қимылдар өзіне және басқаларға деген қарым-қатынаста көрініс табатын рахаттану сезімін өткізуге өзара қарым-қатынас тағы жағымды өзгерістер және басқа да белгілер дәлелдейді.Арттерапияның тиімділігін жалпыланған белгісі болып қатысушылардың көңіл-күйінің әлеуметтік және психологиялық динамикасының көрсеткіші есептеледі.
Тренинг сабақ «Серуендеу»
Мысалы,дәптер бетіндегі «серуендеу» қатысушыларға өздерін жалғыз әріппен белгілеп парақтың аумағы мен шекарасынан шығып кетпей белгіленген территорияда «серуендеу» ұсынылады.Арттерапевттің белгісімен барлық қатысушылар тоқтап қалады.Осыдан кейім кім қай парақтың қай жерінде орналасқаны талқыланады.Кейбіреулер кеңістікті жақсы сезбейді және олардың «әрпі» тқай жерде парақтың басында ма,әлде соңында немесе шетінде орналасып тұр деген сұраққа жауап берген кезде қателеседі.Мұндай құбылыс дисграфиямен ауыратын балаларға тән.Жаттығуларды қайталаған кезде қатысушыларғағяғни «әріптерге» сөзге,есімге бірігуді ұсынуға болады.Сонымен қатар,оларға сапқа тұруды,дөңгелек төртбұрыш,т,б фигураларды жасауды ұсынуға болады.Осы арқылы арт-терапиялық кеңістік дұрыс игеріліп,кеңістікте қиялдау жетіледі. «Серуендеу» ерік болуы мүмкін.Жаттығудын ерік болуы мүмкін.Жаттығудың мақсаты-бөлменің белгілі-бір аумағындағы түрлі қимылдар (бірқалыпты және кенет,ақырын және тез) кезінде өзіне көңіл аударып,өз денесін сезіну.Ақырындап жаттығу күрделене береді.Мысалы,серуендеп жүріп қатысушылар вербальды емес тәсілдерді (жест,мимика,күлімдеу) қолдана отырып кездесуді имитациялау.Келесі тапсырмада әр кездесу ден кейін қозғалыстың бағытын шұғыл өзгерту керек.Мысалы арттерапевттің нұсқауымен 90 немесе 180 градусқа бұрыла отырып тұру,секіру, т,б.Осылайша дайындаушы жаттығулардың барлығын сезімдерге,эмоциялық күйге назарды шоғырландыруды жүзеге асырады.Джейн Райнның сөзі бойынша бұл әрбір қатысушыға өзін айқындауды бағытын өзі анықтауға мүмкіндік береді.Бастапқы кезде жетекші сурет салу немесе басқа да шығармашылық іс-әрекетпен айналысу арқылы қатысушылардың өзін айқындаудың еркіндігіне қол жеткізуге көмектесуі керекАвтордың көрсетуі бойынша тапсырмалар қорқынышты туырмауға,сананың бақылауын әлсіретуге және қатысушыларға өздерінің ішкі күйін көрсетуге көмектеседі.Көңіл күйді,өз қиялынан бір нәрсені немесе махаббат,жек көру,сұлулық,еркіндік туралы өздерінің түсініктерін бейнелеуді сұрауға болады.Тапсырманы орындап болған соң қатысушыларға өздерінің қайғыруларын айтып беру ұсынылады,қиялдағы ойларды бейнелеу кезінде басып отырылған эмоциялар көрініс табуы мүмкін.Осындай жағдайда топ болып жұмыс істеуге болады.
Тренинг сабақ «Көңіл-күй бейнесі мен пластикасы»
Пластелинмен және түсті қамырмен жасалатын жұмыс.Қамыр кішкентай балалар үшін қолайлы әрі қауіпсіз материал болып табылады.Осы жаттығуды агрессивті эмоциялар,деструктивті мінез-құлық,қорқыныш терапиясында қолданған пайдалы.Бастапқы кезде белгілі бір түсі бар қамыр немесе пластелиннен келісті форма жасау ұсынылады.Кейін көңіл-күй түсіне сәйкес қатысушылар топқа бірігеді.Әркім өз оқиғасын айтып береді.Кейін индивидуалды жұмыстардан бір түсті ұжымдық композиция жасалады.(Тақырыптар: «Менің әлемім» , «Менің жан дүнием», «Пластелиннен жасалған қала», «Пластелинді жұмақ», т.б.) қатысушылар өнімінің тақырыбы мен сюжетін,атын өздері ойлап тапса дұрыс болады.Материалдардың иілімділігі жұмысқа көптеген өзгерістер енгізуге,сәйкесінше эмоциялық көңіл-күйді түзетіп жақсартуға жағдай жасайды.Жағымсыз эмоциялар топтын жағымды,тілектестік атмосферасында еріп,жоғалып кетуі мүмкін.Осындай мақсатта терапия ұжымдық форма жасаумен аяқталады,яғни жеке пластилинді фрагменттерден бір түсті «Көңіл күй шарын» жасау.Осы жаттығудан басқа түріндегі нұсқау нақтырақ болуы мүмкін:
1.белгілі бір көңіл-күйді (немесе өзініздін қиялдарыңызды; бақыт,сұлулық,махаббат,еркіндік сезім,т.б. туралы түсініктеріңізді)
2.өзіңіздің «мен» бейнесін жасаңыз (сұбтұлғаны,метафора қолдану арқылы пластелиннен өзіңіздің ұнайтын және ұнамайтын қасиеттеріңізді бейнелеңіз презентациялаудың кез келгентүрін қолдана отырып пластикалық бейнелі көрініс табатын өзіңіздің қайғыруларынызды бейнелеп беріңіз.Пластелиннен,қамырдан,саз балшықтан форма жасау көркемдік бейнені символдық мәні мен түрін өзгерту!Мүмкін,сондықтан да өзге координат жүйесінде жаңа «Мен» бейнесін,өнімді қарым-қатынасты,тұлғаның құндылықтарын модельдеуге көмектесетін тиімді арттерапиялық тәсіл болып табылады.
Тренинг сабақ «Сезімдерді бояу»
Осы жаттығуды екі кезең бойынша өткізген дұрыс.Бастапқыдан қатысушылар А4 парағына абстракты түрде сызықтар мен формалар арқылы өз тәжірбиесінен белгілі ен жақын сезімдерді жай қаламмен бейнелеуі керек.Мазасыз және тұйық балалармен жұмыс жасаған кезде А3 форматын,көркемдік көмірді немесе сангинаны қолданған дұрыс.Бейнеленген сезімдердің атауы суреттердің екінші бетіне жазылады.Кейін әр бейнеге сәйкес түсті таңдай отырып суреттерді бояу қажет.Бұл жаттығу көркем түрде теренде жатқан сезімдерді бейнелеуге,яғни іштей серпіліске жетуге көмектеседі.Бұл өздерінің эмоцияларын ұстай алмайтын және агрессия немесе деструкивті мінез-құлыққа бейім субьектілер мен жұмыс жасағанда пайдалы.Психологтың міндеті өздерінің сезімдерін шынайы білдіруге және басқаларға қатысты сыйластықпен қарауға түрткі болу.Балаларға сезімдер мен моральді байланыстыра білуді үйрену керек.Біртіндеп өзінің басым сезімдерін зерттеуге және анализдеуге қажет құнды тәжірбие мен батылдық жиналады.Осында сезімдерді ұғынуға көмектесу арттерапиялық ойындар мен жаттығулардың психотерапиялық қорын құрайды.Себебі ұғынылған және ұғынылмаған эмоциялардың арасындағы конфликті невроздардың негізі болып табылады.
«5 қимыл биі»жаттығуы
Әуендер: «Су ағысы», «Барабан соғысы», «Қуыршақ қимылы», «Көбелектің ұшуы», «Тыныштық».Бес түрлі әуенге әрқайсысына сәйкес қимылдар жасап билейді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген