400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Арт терапия.

Материал туралы қысқаша түсінік
Арт терапия.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі

«Құлан шағын орталықты орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Бекітемін

«Құлан шағын орталықты

орта мектебі» КММ-нің директоры

А.У.Ембердиева

________________

«___» ______ 2016ж



Тақырыбы: «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда арт-терапияны қолдану»

(Мұғалімдер және 11 сынып оқушыларымен жұмыс)













Мектеп психологтары: А.Шарибаева

Б.Ахылбекова











Арт терапия.

Тақырыбы: «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда арт терапияны қолдану».

Сабақтың мақсаты: 1. Арт терапия арқылы тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, энергиясын қалпына келтіру.

2. Жүйкелік-психикалық стресті экспресс- диагностау.

3. Психикалық реттелу, психологиялық кеңестер беру, жаттығулар жасау.

Сабақтың типі: Семинар-тренинг сабақ.

Сабақтың әдісі: Психологиялық жаттығулар, ойындар, тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест және әдістемеге арналған бланкілер, А4 форматты ақ қағаздар, сурет салуға арналған бояу, қаламдар.

Қатысатындар: Мұғалімдер және 11 сынып оқушылары.

  1. Жаттығулардың түрімен таныстыру (саусақ ұштарына, құлаққа, бет-әлпетті қимылдату, дем алып дем шығару, күлу және күлімдеу)т.б. жаттығулар жасау керек.

1 тапсырама. «Әлемде жоқ жануар».

Нұсқау: бір-бір ақ қағаз алып, әлемде жоқ жануардың суретін салып, бояңыздар. Жеке-жеке салыңыздар және топпен біріктіріп, салып қорғаңыздар. Қайда өмір сүреді? Не істейді? Не жейді? Қалай өмір сүреді?

2 тапсырма. «Мандалатерапия».

Нұсқау: оқушыларға дайын мандала беріледі, сол мандаланың ішінен өзіне әркім ұнағанын алып, қалаған түсімен бояу керек. Әркім өзі мандала болып, таза параққа өзінің ойынша мандала салады.

Талдау: әркім өзінің ішкі сезімін сипаттап берді. Өзіңізді зерттедіңіз, мандала болдыңыз. Өзіңіздің ішкі шығармашылық энергияңызды босаттыңыз.

Шекарасы бар қорқыныш

Шекара жоқ алыс қарым-қатынас жасау

Ортасы бар өзін тапқандар

Ортасы жоқ өзін-өзі іздеп жүргендер

3 тапсырма. «Маска»

Нұсқау: әркім өзінің қорқыныш маскасын салады, қорқыныштарымызды ішімізге сақтамай шығарып тастаймыз. Оқушылар актер, актриса болып қорғайды.

4 тапсырма. «Өзіңді-өзің мақтау»

Нұсқау: Өзіңді-өзің мақтау керек, өзіне мақтау таба білу керек.

5 тапсырма. «Фрактальді сурет салу»

Нұсқау: Көзді жұмып, қолды еркінге жіберіп сызықтар сызамыз. Сызықтың басы мен соңын міндетті түрде сызып, қиылысу аймағының ең жақын нүктесін дөңгелектейміз. Әртүрлі түспен бояу керек.

Талдау: анық сызылған сызық- сенімді, берік мінезді, сызықты басып салудағы әркелкілік- икемді, шығармашыл, әлсіз сызылған- ауыр жағдай, озіне деген аса сенімсіздік, қатты дөрекі салынған сызық- эмоциалық қысым, стресс күйін білдіреді.

6 тапсырма «Суретті аяқтау».

Нұсқау: бір-бір ақ қағаз алып, өзіңе ең ұнамды қарындаш түрін таңдап, мен қолымды соққанда ойыңа алған кез-келген суретті салыңдар. Қол соғысымен қарындашыңмен қағазыңды көршіңе бересің. Ал, ол суретті аяқтайды. Қол келесі рет соғылғанда, суреттерің келесі оқушыға қарай иесіне қайта айналып келгенше жылжи беруі қажет. Мүмкін өз суретіне тағы бір нәрсе қосқысы немесе бір жерін өзгерткісі келетін шығар.

Талдау: Әркім өзінің суреті аяқталғанын, өзінің ойын көршісі түсінгенін, болмаса түсінбегенін айтып қорғайды.

7 тапсырма. «Көзді жұмып тұрып қағазды жырту»

Нұсқау: әркім әртүрлі жыртса болады, жыртпасада болады. Барлық жаман қасиетімізден арылдық. Жыртылған ақ параққа жыртылған түрлі-түсті парақты жабыстырамыз. Бұл жеке жұмыс, әркім қорғайды. Топпен улкен параққа жыртылған қағаздарды жабыстырып, ертегі құрастырамыз. Топтың бір мүшесі қорғайды.

8 тапсырма. «Зентангл»

Нұсқау: сіздерге төртбұрыш парақ беріледі, сол параққа ою-өрнектің суретін саламыз. Өріммен, сызықтармен, иректермен байланыстырып саламыз.

Талдау: Қағаз бетіне өз ойыңызды түсірдіңіз. Бұл сіздің ішкі жан дүниеңіз, бар зейініңізді жұмсадыңыз. Сізді мазалайтын барлық мәселелермен күйзелістерден тазардыңыз

9 тапсырма. «ҰБТ-ғы көңіл- күй»

Нұсқау: кішкентай параққа өзіміздің ҰБТ-ға баратын кездегі көңіл-күйімізді саламыз. Содан соң үлкен параққа жабыстырып, суретті ары-қарай жалғастырамыз.

Талдау: Үлкен өмірде ҰБТ- деген кішкентай ғана кедергі екенін түсіндіру.

10 тапсырма. Архангельский «Ұлы сурет салушы»

Нұсқау: Бір адам көзін жұмып тұрады, қалғаны бағыт бере отырып, сурет немесе жазу жазғызады. Сонда бала қасындағыларға сенім білдіре отырып, ҰБТ тапсырады.

11 тапсырма. Медитация «Өмір жолы»

12 тапсырма. «Рефлекция»





























































ХАБАРЛАНДЫРУ

Семинар-тренинг

Тақырыбы: «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда

арт терапияны қолдану».

(Мұғалімдер және 11 сынып оқушыларымен жұмыс)







Өтетін орны: Мәжіліс залы

Өтетін уақыты:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.12.2018
1073
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі