400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арт-терапия балалардың психологиялық денсаулығын сақтау әдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Арт-терапияның көмегімен мектепке дейінгі жастағы балалардың негативті эмоциялық жағдайын түзету жолдарын көрсету, педагогтарды арт-терапия элементтерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Семинар-практикум тақырыбы:

«Арт-терапия балалардың психологиялық денсаулығын сақтау әдісі»


Мақсаты: арт-терапияның көмегімен мектепке дейінгі жастағы балалардың негативті эмоциялық жағдайын түзету жолдарын көрсету, педагогтарды арт-терапия элементтерімен таныстыру.

Теориялық бөлім

- Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі семинар-практикумымыздың тақырыбы «Арт-терапия балалардың психологиялық денсаулығын сақтау әдісі».

Балаларда әр түрлі негативті эмоциялар және психологиялық мәселелер болады. Ал адамның денсаулығы дегеніміз – бұл тек физиологиялық қана емес, психикалық қасиеттердің де жиынтығы болып табылады.

Арт-терапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу. «Өнер – бұл уақыт және кеңістік, адамзат жанының сұлулығы». Гимнастиканың денені түзеткеніндей, өнер адамның жанын түзейді (В.А. Сухомлинский).

Арт-терапия – өнердің адамның эмоциялық және тұлғалық-мағыналық өрісіне, қатынастар жүйесіне күшті әсеріне негізделген психотерапияның мамандандырылған түрі. Арт-терапия вербалды түрде жеткізу қиын, терең проблемалық материалдың ашылуына және емделуіне көмектеседі. Арт-терапевтік техникалар эмоциялық қолдауға бағытталған.

Арт-терапиялық техникалар мақсаты – баланы сурет салуға үйрету емес, сурет салу арқылы балада белгілі бір эмоциялар тудырып, сөзбен жеткізе алмайтын проблемаларды жеңуге, шығармашылық энергияның шығуына көмектесу. Бала үшін маңыздысы нәтиже емес, сурет салу үрдісі. Сондықтан, арт-терапия балалармен жұмыс жасауда аса тиімді.

Мектеп жасына дейінгі балалармен суреттік сессиялар әдеттегі бейнелеу құралдарымен (қағаз, қыл қалам, бояулар т.б.) және оларды қолданудың әдеттегі тәсілдерімен шектелмеуі қажет. Бала үйреншікті үрдістен ерекшеленетін айрықша іс-әрекетке қызығушылықпен, құлшына кіріседі. Балалармен арт-терапиялық үрдіс табыстылығын қамтамасыз ететін бейнелер жасау техникалары мен тәсілдеріне толығырақ тоқталайық.

Арт-терапия (өнермен, шығармашылықпен емдеу) – шығармашылық пен ойынға негізделген психологиялық көмектің қарапайым және тиімді тәсілі. Бұл тәсіл балаларға ұнайды, оларды негативті эмоциядан арылтып, өзіндік бағалауын жоғарылатуға көмектеседі.

Әдетте, баланың ашылуына ұялшақтық, қарым-қатынасқа түсе алмау, агрессия, қақтығысқа түсу, мазасыздық (алаңдаушылық) кедергі болады. Мұндай жағдайды түзету үшін сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, фотосурет, құм және ертегі терапиясы, музыкатерапия, түс терапиясы, ойынтерапиясы және т.б. сияқты арттерапия түрлерін қолдануға болады.

Арт-терапияны жүргізу кезінде белгілі бір ережелерді ұстанған жөн. Мәселен, арт-терапевтік үрдісте әмір беру, нұсқау, талап қою, мәжбүрлеуге жол берілмейді. Бала шығармашылық іс-әрекет түрлері мен мазмұнын, бейнелеу материалдарын таңдауға, сондай-ақ өз қарқынымен жұмыс жасауға құқылы.

Ал енді біраз арт-терапияның түрлері туралы айта кетсек:

Изотерапия – арт-терапия бағыттарының бірі; бейнелеу өнері әдісі қолданылатын психотерапиялық жұмыс. Изотерапия шығармашылық психологиясына сүйенеді де, сурет салуда психотерапиялық мақсатта жағымды әсер ету үшін қолданылады. Изотерапияның мақсаты – жағымды эмоция туғызу, баланың дамуына жағымды жағдай жасау.

Ертегі терапиясы – практикалық психология әдісі, ертегіні қолданып кеңес беру. Ертегі терапиясы ертегі потенциалын әр түрлі түрде қолданады, өмірлік сценарийлерді метафоралық түрде көрсетуге көмектеседі, қиялды дамытады. Ертегі терапиясына әр түрлі ертегілер таңдап алынады: халық ертегілері, авторлық ертегілер, сондай-ақ арнайы құрастырылған ертегілер, түзету ертегілері және т.б. Баланың құрастырған ертегісі мен балаға арнап құрастырылған ертегі – бұл ертегі терапиясының негізі. Ертегі арқылы бала өзі біле бермейтін немесе ересек адамдарға айта алмайтын мәселелерін біле аламыз.

Музыкотерапия – психотерапияны музыка арқылы іске асыратын арт-терапия бағыттарының бірі. Музыканы қолдану белсенді және белсенді емес болу мүмкін. Белсенді музыкотерапия кезінде бала музыкалық құралдарда ойнау мүмкіндігіне ие болады. Белсенді емес музыкотерапияда – арнайы таңдап алынған музыканы тыңдау арқылы қажетті психотерапиялық әсер алады. Музыкотерапия ішкі қақтығыстарды жеңіп, ішкі үйлесімділікке жетеді.

Ойын терапиясы - балаға тұлғалық және эмоциялық дамуына кедергі келтіретін, баланың психологиялық және әлеуметтік мәселелерді жеңе алуына көмектесу үшін ойынның терапиялық әсері қолданылатын психотерапия түрі.

Түс терапиясы – түстердің көмегі арқылы психологиялық түзету әдісі. Дәстүрлі психология аясында қандай да бір түстің психологиялық күйге әсер етуі туралы бірнеше зерттеулер жүргізілді. Түс терапиясы оқу қызметі барысында түс терапиясымен индивидтің үйлесімді жағдайын қалыптастыру үшін, осы зерттеулерді практикалық мақсатта пайдаланады.

Педагогикалық арт-терапия – бұл сиқырлы әлем. Ол жерде бала өзімен өзі болып, басқалардың сезімін түсініп, эмоцияларын қарым-қатынас тәсілі ретінде пайдалануға үйренеді. Қиындықтарды жеңуге ертегіде кездесетін сиқыр, әзіл және жамандық пен жақсылыққа деген дұрыс көзқарас, әр түрлі музыка дыбыстары, сондай-ақ ұлы суретшілердің және балалардың өздерінің шығармашылықтары көмектеседі. Әрбір баланың жүрегіне ерекше кілт таба білу қажет. Балалардың барлығы сурет салғанды өте жақсы көреді. Олар өздерінің шығармашылықтарымен өздерінің әлемге деген қатынастарын көрсетіп, өзінің «Мендерінің» сыртқа шығуына мүмкіндік береді.

Осы әдістерді жақсырақ түсіну үшін мен сіздерге ойындарға қатысуларыңызды ұсраймын.

Арт-терапияның барлық түрлерінің зияны жоқ және өте пайдалы. Менің сіздерге ұсынатын әдістемелерімнің теріс әсері жоқ.

  • Құрметті әріптестер, бүгін біз кейбір әдіс-тәсілдерді өз тәжірибемізде қолданып көрейік.

Практикалық бөлім

  • - Енді сіздердің эмоциялық күйлеріңізді анықтау үшін түрлі-түсті тамшылардың ішінен өзіңізге ұнаған, сіздің қазіргі көңіл-күйіңізге сәйкес түсті таңдаңыздар да, «Сиқырлы бұлт» атты панноға орналастырамыз.

Қатысушылар көңіл-күйлеріне байланысты тамшыларды таңдайды да, оларды панноға жапсырады (музыка ойнап тұрады). Люшер тесті бойынша барлық түстердің сипаттамасы (қызыл, сары, көк, жасыл – жақсы көңіл-күй, сұр – немқұрайлылық, қара – негативті, қоңыр – мазасыздық, алаңдау, күлгін – сезімдерінің басым болуы).

Жаман көңіл-күйден арылудың ең тиімді тәсілі изотерапия болып табылады.

Он жас, жеті жас, бес жас болса да, барлық балалар сурет салғанды жақсы көреді.

  • Бала қолына қылқалам, ермексаз алған кезде, ол өз санасын босатады. Изотерапия іс-әрекет түрі, сюжеті бойынша ешқандай шектеу қоймайды. Мұндағы ең маңыздысы адамның көңіл-күйі мен ойын объективті бейнелеу шығармашылық өнімі болып табылады.

  • Қазір мен сіздерге баланың қарым-қатынас жасау кезіндегі кедергіні жеңу тәсілін көрсетемін.

  • Қолдарыңызға өздеріңізге ұнаған қарындаш пен қағаз алыңыздар. Бұл әдістің мақсаты бала өзіне ұнаған, өзінің салғысы келген суретін салуы керек. Біраз уақыттан кейін суретті жанында отырған басқа балаға береді. Осылай жалғаса береді. Содан кейін салынған суретті талқылайды. Ал, ендеше, бастайық.

  • Педагогтар суретті салып, бір-біріне береді.

  • Бұл тәсілге сурет салудың барлық дәстүрлі емес әдістерін қолдануға болады: кляксография, монотипия, саусақпен сурет салу, алақанмен сурет салу, жапырақты бастырып сурет салу және т.б.

  • Сурет салудың дәстүрлі емес әдістері балаға нағыз еркіндікті сезінуге көмектеседі. Сурет салған кезде балада қолдың ұсақ моторикасы дамиды. Демек, балада сөйлеу аппараты, еске сақтауы да жақсы дамиды.

  • Бұл әдіс қарым-қатынастағы кедергілерді жеңуге көмектеседі, балаларға өз сезімдерін, көңіл-күйін түсінуге көмектеседі, өз-өздеріне деген сенімділіктерін арттырады.

  • - Қане, суреттерімізді көрейікші.

  • - Енді суреттеріңіз қалай болды? Жақсы ма, әлде жаман болды ма?

  • - Одан да жақсы болу үшін, тағы нені қосуға болады?

  • Музыкотерапияға арналған жаттығу:

  • «Тонирование»

  • Балаларға дыбыстарды әндетіп айту ұсынылады:

  • - «м-м-м» стрессті азайтады, босаңсуға көмектеседі,

  • - «а-а-а» жылдам босаңсытады,

  • - «и-и-и» - «дыбыстық кофеин», 3-5 минут ішінде мидың жұмысын жақсартып, ағзаның белсенділігін жоғарылатады,

  • - «о-о-о» ағзаның тез арада қалпына келтіру тәсілі.

  • Ертегі терапиясына арналған жаттығу:

  • «Шеңбер бойынша ертегі құрастыру»

  • Балалар өздерінің ертегісінің негізгі тақырыбын таңдайды. Содан кейін шеңберге отырып, кезекпен, қолдарына сиқырлы таяқша ұстап, ертегі құрастырады. Бірінші бала бірінші сөйлемді айтып бастайды, екіншісі жалғастырады және т.с.с Жаттығу соңында талқыланады: балалар қандай сезімде болды, не істеді, басқа баланы түзеткісі келді ме деп сұралады.

  • - Енді сіздерді келесі әдіспен таныстырғым келеді, ол ойын терапиясы деп аталады. Күнделікті өмірде сіздер, педагогтар, көптеген қимыл-қозғалыс, дидактикалық, дамытушы ойын түрлерін қолданасыздар. Бірақ, ойынды баланың негативті мінез-құлқын түзету тәсілі ретінде қолдануға болады.

  • Ойын терапиясына арналған жаттығулар:

  • Балаларға өз сезімдерін, ойларын айту қиындық туғызады, бірақ олар ойын кезінде өз ойларын, уайымдарын, тілектері мен қорқыныштарын көрсете алады.

  • «Байланыстырғыш жіп»

  • Балалар бір-біріне жіп орамын беріп, бір-біріне деген жақсы тілектерін айтады. Тілек айтқан кезде саусаққа жіпті орайсыздар.

  • (Сендердің барлық тілектеріңді мен сиқырлы жіпке орап қоямын, ол осы тілектеріңнің орындалуына көмектеседі)

  • «Спагетти»

  • Шеңберге тұрып, спагеттиге айналыңыздар. Мына шеңбер – кастрюля. Спагетти қатты болып тұрған кезде аяқтарыңызға, қолдарыңызға қатты қысым келтіресіздер, созылыңыздар. Біртіндеп су жылынды, спагетти жұмсара бастады. Аяқтарыңызды, денелеріңізді, қолдарыңызды біртіндеп босаңсытыңыздар. Мүлдем жұмсарамыз. Тағы да қайталаймыз.

  • Арт-терапияның тағы бір түрі түс терапиясы болып табылады. Бұл әдіс соңғы кезде өте көп қолданылатын болды.

  • Ерте кезден бастап түстердің сиқырлы әсері бар деп есептелген, ол адамға жағымды да, жағымсыз да әсер ете алады, адамға көру ең маңызды сезім мүшелерінің бірі болып есептеледі. Біз барлығын көру арқылы қабылдаймыз, бірақ санасыз түрде біз оны теріміз арқылы, бұлшықет арқылы, тіпті сүйектеріміз арқылы сіңіріп аламыз.

  • Мына суреттерді қарап, біз көңіл-күйіміздің өзгергенін байқаймыз.

  • Қажетті түстегі көкеністер мен жемістерді қолдану, белгілі бір түстегі киімдерді кию де жағымды терапиялық әсер береді.

  • - Ал, қазір, осы ойындардан кейін өз көңіл-күйлеріңізді бағалауларыңызды сұраймын. Сиқырлы бұлтқа өз көңіл-күйлеріңізге сәйкес түстегі тамшыларды таңдап жапсырсаңыздар.

  • Қатысушылар көңіл-күйлеріне байланысты тамшыларды таңдайды да, оларды панноға жапсырады (музыка ойнап тұрады). Люшер тесті бойынша барлық түстердің сипаттамасы (қызыл, сары, көк, жасыл – жақсы көңіл-күй, сұр – немқұрайлылық, қара – негативті, қоңыр – мазасыздық, алаңдау, күлгін – сезімдерінің басым болуы).

Қорытынды:

Арт-терапия элементтері бар оқу қызметтері балаларға таным, шығармашылық қуанышын сыйлайды.

Мұндай сезімде болған бала, бір күні өз суретінде, аппликацияларында, ойындарында көрген, білгендерін, сезінгендерін, басынан өткізгендерін көрсетуге тырысатын болады.

Қатысқандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
1487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі