Ұйымдастырылған ашық оқу
қызметі
Білім беру
саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді
дамыту
Тақырыбы: «Артикуляциялық
жаттығуар»
Мақсаты: Артикуляциялық жаттығулар
жасау арқылы балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттері
қалыптасады.
Шаттық
шеңбер!
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
-Қыс
мезгілі.
-Қыс мезгілінде неше ай
бар?
-Қыс мезгілінде үш ай бар.
(желтоқсан, қаңтар, ақпан)
-Қазір бізде қай
ай?
-Дұрыс айтасыңдар, қазір бізде
ақпан айы.
-Балалар бүгінгі ауа райы
қандай болып тұр?
-Аспан бұлтты, күннің көзін
бұлт жауып тұр!
Балалар біз күннің көзін ашуға
көмекесеміз ба?
-Иә, күн көзіне
көмектесеміз!
Ол үшін біз орнымыздан тұрып,
қолымызды жоғары көтеріп бұлтты қолымызбен қозғаймыз. Терең тыныс
алу арқылы бұлтты үрлейміз.
Құрылымдалған
ойын: «Күннің көзін
ашайық»
Мақсаты: қолдарын жоғары көтеріп,
бұлттарды қозғады. Балалар мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен үрлеп
шығару арқылы күннің көзін ашты.
Жарайсыңдар балалар, күн бізге
нұрын шашып тұр. (видео)
Балалар қолдарын жоғары
көтеріп күннен алған нәрін қонақтарға шашады. (тәрбешілер
қолдарындағы күлегенштерді көтеріп
көрсетеді)
Балалар біз кішкентаймыз,
біздің тіліміз енді шығып келе жатыр. Біз анық, түсінікті, дұрыс
сөйлеуіміз үшін артикульяциялық жаттығуларды жиі жасап тұруымыз
керек екен. Артикуляциялық
жаттығу дегеніміз – жақ, ерін, тілдің
қозғалыстары.
Айнамен
танысады.
Біздің анамыз күнделікті
пайдаланатын құрал.
Педагог топтан спикер сайлап,
өзіне көмек көрсетуін өтінеді. (айна
таратуға)
Балалар видеода көрсетілген
әрекетті тәрбиешінің нұсқауы бойынша қайталап, орындады. (видео,
артикульяциялық жаттығулар) бірнеше рет
қайталады.
Сергіту
сәті!
Балалар сендер білесіңдер ме?!
Кеше қатты жел соғып «Көпіршікті қалашық» мекеніндегі
көпіршіктердің барлығын жел ұшырып, көпіршіктердің көбі жарылып
қалыпты. «Көпіршікті қалашықтың» тұрғын балалары бізден көмек сұрап
тұр екен?! Біз көмек көрсетеміз бе?!
-Әрине, көмек
көрсетеміз!
Ол үшін бәріміз қолымыздағы
заттарды үрлеу арқылы көптеген көпіршіктер шығарып, «Көпіршіктер
қалашығына» жібереміз
Педагогтің
жетекшілігімен ойын: «Көпіршікті
үрлеу»
Мақсаты: демді ішке тартып, ерінді
алдыға шығару арқылы көпіршікті бірнеше рет
үрлейді.
Жарайсыңдар балалар!
Қараңдаршы «Көпіршікті қалашықтың» тұрғындары қуанып, бізге
рахметтерін білдіріп жатыр.
Бұл қорапшаның ішінде не бар
екен?! Қанекей бірге ашып көрейікші.
Бұл тәтті кәмпиттер ғой. Біз
бұл тәтті кәмпиттердің дәмін жәй ғана татып көрмей артикульяциялық
жаттығулар жасап дәмін көрсек одан да дәмдірек бола түседі
екен.
Еркін
ойын: «Тәтті
кәмпит»
Мақсаты: чупа-чупсты ауызға салмас
бұрын еріннің оң-сол, жоғары-төмен жағына қойып тілдің ұшын
жеткізеді. Тәттіні ауызға салып, доп сияқты тілдің ұшымен екі
ұртына кезек-кезек тебеді (фудбол
жаттығуы)
Қорытынды: балалар ашық оқу қызметін
еркін ойынмен қорытындылайды.