400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Артикуляциялық жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы
Күні :17.12.2018ж.18.12.2018ж.Мектеп :.124 жом КММҚатысқандар :7
Сынып: 2 «Арнайы-топ»Мұғалім :Назарова Ж.С.Қатыспағандар :0
Сабақ тақырыбы:Артикуляциялық жаттығу.

Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың бойларындағы қабілетін аша білу,бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру.Жан-жақтылыққа үйретіп,өздігінен еңбектеніге үйрету.

Көрнекілігі:Суреттер .Слайд.Бейнероликтер.

Міндеттері:
  • Оқушының танымдық қабілетін дамытып,қызығушылығын арттыру.
  • Сөйлеу туралы түсініктерін кеңейтіп,өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
  • Грамматикалық білім,білік дағдыларын игерту,көркем,сауатты жазуын қалыптастыру.




  • Күтілетін нәтижелер:
  • Ауызша және жазбаша тілін дамытып,ой-өрісін жетілдіру.
  • Сауатты,көркем жазуын қалыптастыру.
  • Өз ана тілінің қыр-сырын меңгерту,ақыл-ойы,сөйлеу дағдысын дамыту.


  • Пәнаралық байланыс:Аралас сабақРесурстар
    Сабақ барысы



























    Жаңа сабақ





































































































    Сабақ ортасы































































































































































    Сабақ аяғы
    І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Сәлемдесу 3 тілде.Түгендеу.Бүгінгі сабаққа зейіндерін аудару.Мұғалімнің сөзі: Қайырлы күн,құрметті оқушылар! Көңіл-күйлеріңіз қалай?Шаршап отырған жоқсыздар ма?Қазір сіздерге әртүрлі ойындар жүргіземін.Қалай ойнағыларыңыз келе ме?

    ІІ.Шаттық шеңбер.

    Қуанамыз ,күлеміз,Бар әлемді сүйеміз.Қол ұстасып,қуанып,Достарымен бір жүреміз.

    ІҮ.Педагог - Логопедтік жұмыс.











    №1 «Күрекше»Тіл босаңсытылады,жалпақ күйге енгізіледі де,төменгі ерін үстіне қойылады.Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұру керек.



    №2 «Чашечка» «Шәшке».Ауыз кең ашылады,жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де,шәшке формасы беріледі.Тілдің шеттері тіске тимейді.

    №3 «Инеше» «Иголочка»Ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.







    №4 «Горка» «Төбешік».Ауызыңды жартылай ашып,тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып,тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

    №5 «Трубочка» «Түтікше».Тіл ауыздан шығарылады да,түтікше түріне енгізіледі.Жаттығуларды алдымен жайлап,айна алдында жасалады,сонан соң біртіндеп жоғарырақ ырғаққа көшу керек.Әрбір жаттығу 10 секундтан 6-8 рет орындалады.

    №6 «Часы» «Сағат»Тілді жіңішкертіп ұстап оңға,солға жайлап қозғау керек.Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.







    №7 «Грибок». «Саңырауқұлақ»Ауызды кең ашып,тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.









    №8 «Дәмді тосап»Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілдіКесе «ожау» тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.





    Қысқаша сипаттамасы:Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына кіргізу.

    Әдістемелік нұсқауы:1.Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмысын істеуін,иектің қимылдауымен қадағалау керек.2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрышына тиіп тұруы керек.3.Тіл оңға-солға емес тек төмен және жоғары қозғалу керек.4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.

    Бала тілін жалпақ қалпына келтірген соң шпательмен тілді жоғары еріннің үстіне қайыру керек.

    №9. «Ат шауып келеді»Ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру –айыру немесе таңдай қағу.Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.







    №10. «Әткеншек»Мақсаты:Тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.Қысқаша сипаттамасы:Жымиіп,тістерін көрсетіп аузын ашып,жалпақ тілді астыңғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру.Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.Осылай тілдің қалпын 4 – 6 рет өзгертіп,жаттығуды қайталау керек.Осылай тілдің қалпын кезекпен 4-6 рет өзгертіп,жаттығуды қайталау керек.Әдістемелік нұсқаулық1.Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдау керек,ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалау керек.



    Суретке қарап жаттығуларды жаса.



    Ү.«Жапырақтар» ойыны.Мақсаты: Бір қалыпты,ерікті дем шығаруға үйрету.Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар.Ойын барысы:Мұғалім оқушыға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді.Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады.Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді.Бала жапырақтар ұшатындай,оларға үрлейді.Жаттығу 2-3 рет орындалады.

    Алтын ,сары,қызыл,көк,Алуан –алуан жапырақ.Күзгі бақта күлімдеп,Көз тартады атырап.





    ҮІ.«Жұмсақ» ойын. (Жұмсақ ойыншақтар арқылы баланың немесе тұлғаның сол ойыншықты өзіне ыңғайлы түрде қолданып.Қандай сезімде болғандығын жеткізіп айту).

    ҮІІ.«Менің қабілетім еңбегім»(оқушылардың қолына әртүрлі ермексаз,түрлі-түсті қағаздар,бояу,жұмсақ маталар т.б. қолдан жасайтын құралдар беріледі.Әр оқушы өзінің қолынан не келетінін,не істей алатынын көрсетуі керек).

    ҮІІІ. Мәтінді шапшаң оқу.

    Жидек. Балалар мектеп бағынан жидек жинады.Биыл жидек мол шығыпты.Шие мен қарақат тұнып тұр.Балалар жидекті көп жинады. (18 сөз).

    Тазы мен Елік. (ертегі) Күндердің күнінде бір тазы жайылып жүрген елікті көріп,қуа жөнеледі.Тазыдан қашып келе жатқан елік:
  • Тазым,әуре болма.Сен маған ешқашан жете алмайсың!-дейді.




  • Елік:
  • Себебі мен өз өмірімді сақтау үшін қашып келемін.Ал сен өзіңнің иеңе жағыну үшін қуып келесің! – деген екен.
  • ( 49 сөз)

    ІХ.Жеке жұмыс. Жұмбақ.

    Ал керемет бұл қандай?Төгіледі төбеден.Көк теңізден құйғандай,Көл –көсір су не деген? (Жаңбыр)

    Х.Мақал-мәтелдің үйлесін тауып,салыстыр.







    ІІІ.Топқа бөлу1-топ«Шапшаң»2-топ«Жылдам»











































































    Үй тапсырмасы

    Өткен сабақты қайталау.







    Қорытынды


    Оқушылар бүгінгі артикуляциялық жаттығуды ерікті,көңілді түрде орындады.Берілген тапсырмаларды белсене отырып орындады.Ертегі кейіпкерлерін рөлдік ойынын түсініп,орындай алды.Жұмбақтың шешуін тез шапшаңдықпен жауап берді.



    Бағалау «Шапалақ», «От шашу» әдісітері арқылы бағалады.







    Оқу ісің меңгерушісі Шеримбетова К.А.

    Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    2 ұстаз жүктеп алған
    16 ақпан
    2273
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі