жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Артикуляциялық жаттығулар.
Күні: 07.04.2020 жыл. Қашықтықтан оқыту.
Сабақтың тақырыбы: Артикуляциялық жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік: Баланы түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейін, тындау, ойлау қабілетін дамыту.
ІІ. Түзете – дамытушылық. Арнайы логопедиялық тапсырмаларға қарай артикуляцияны дұрыс қалыптастыру, сөйлеу аппаратын жетілдіру. Көріп қабылдауын, естіп қабылдауын жетілдіру.Логикалық ойлауын, фонематикалық қабылдауын дамытып, дыбыстарды сөздерде, сөйлемдерде анық айтуға машықтандыру.
ІІІ.Тәрбиелік. Артикуляциялық жаттығулар тәсілін дұрыс жасауға қалыптастыру.
Дидактикалық материалдар: тіл, ерін қимыл жаттығуда қолданылатын, тіл қимыл суреттері, аталған заттар бейнелері.
Қажетті құралдар: тақырапқа қатысты сюжетті суреттер, мақта
Сабақ түрі: топтық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Балалармен сәлемдесу.
-Қайырлы таң көңіл күйлерің жақсы ма?
-Жақсы
Балалардың назарын сабаққа аударту;
.
ІІІ. Жаңа сабақ
Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.
Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Гигиеналық талаптарға сай, кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданатын, балаларда қол орамал болуы тиіс.
Артикуляциялық жаттығуларды өткізуге арналған нұсқау:
Логопед жұмысты төмендегідей ұйымдастырады:
- ойын тәсілдерін қолдана отырып, алдағы орындалатын жаттығу туралы әңгімелейді;
- оның орындалу ретін көрсетеді;
- жаттығуды барлық балалар орындайды;
- педагог жаттығудың дұрыс орындалуын тексереді (жаттығуды отырып орындайды).
Балаға жаттығуды дұрыс орындамағанын айтудың қажеті жоқ, оған қалай дұрыс жасау керектігін көрсетіп, жетістігін айтып, көтермелеу қажет.
- Балалар бүгін біз маймақ аюмен саяхаттайтын боламыз. Олай болса ертегіні мұқият тыңдаймыз. Қанеки кім күшті екен? Ал ертегімізді бастадық. Ертеде томпақ аю өмір сүріпті. Аю күліп жүргенді жақсы көреді. Қане бізде маймақ аю секілді жымиямыз.
1. « Қоршау» жаттығуы.
Мақсаты: Ерін бұлшық еттерін дамыту.
Сипаттамасы: Ерінді жымитып, тістерімізді қатты жабамыз. Ерінді осы қалыпта 10- 15 секунд ұстау.
Әдістемелік нұсқау: Ерін осы күлкі қалпында тұруын қадағалау. И – и-и-и-и-и-и-и. Тамаша! Тағы да қайталайықшы.
Маймақ аю қарны ашып, ұйқысынан ерте тұрды. Тұрысымен құтыдағы тәтті тосапты жеуге кірісті.
-
Қарашы, құтыдағы тәтті тосаптың барлығын жеп қойды. Аузын түгел тәтті тосаппен ластады. Ернін жалауға кірісті. Міне былай:
2. «Тәтті тосап» жаттығуы.
Мақсаты : жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.
Сипаттамасы:Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына кіргізу.
Әдістемелік нұсқау. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау керек. Ой! Қандай тәтті тосап! Тағы да қайталайықшы.
-Тәтті тосаптың бәрін тауысып, есіне дәмді құймағы бар екені түсті. . Бірақ құймағы аз болып тоймайтындықтан тағыда пісіруге кірісті. Қане құймақ пісіруге көмектесейікші. Пісіру үшін алдымен «Қамыр» жаттығуын жасаймыз.

3. «Қамыр» жаттығуы.
Мақсаты: тілдің бұлшық еттерін босансытып, оны жалпақ күйде ұстауын үйрету.
Сипаттамасы: ауызды ашып, тілді ерінге қойып, «пя-пя-пя...» деп айтқызу. Ауызды ашып тұрып, тілді жалпақ күйінде 1-7 дейін санап, ұстап тұру.
Әдістемелік нұсқау: Төменгі ерінді қайырып, немесе астығ,ы тістерді сыртына орналастырмауын қадағалау. Тіл жалпақ, шеттері ауыз бұрыштарына тиіп тұрады. Тілді ерінге бірнеше рет ұру керек. Жаттығу жасау кезінде дем шығаруын біркелкі болуын қадағалау қажет.
- Осы жаттығуды жасау барысында бірден «Құймақ» жаттығуына көшеміз.
4.«Құймақ» жаттығуы.
Мақсаты: тіл бұлшық еттерін еркін ұстап, оны жалпақ етіп алдыға шығару.
Анықтамасы: Ауызды сәл ғана ашып, тілді астыңғы ерінге тигізу. 5 – 10 секунд осы қалыпта ұстау.
Әдістемелік нұсқау: тіл жалпақ болып, ерін бұрыштарына тигізу. Тағы да қайталаймыз.
Қарны тойған аю суретті бояуға кірісті. Аюға суретті бояуға көмектесеміз.
5.«Сылақшы» жаттығуы.
Мақсаты: Тілдің жоғары көтеріліп, қимылдауын дамыту.
Сипаттамасы: Ауызды ашып, тілдің ұшымен қатты таңдайды жалау. Тілдің ұшын алдыға, артқа қимылдату.
Әдістемелік нұсқау: Ерін мен астыңғы жақ қимылдауы қажет. Бірнеше рет қайталаймыз.
-Жарайсыңдар! Өте әдемі сурет шықты. Керемет бояйды екенсіңдер! Сонымен қатар біздің маймақ аюуымыз сиқыршы болатын. Оның қолында сиқыршы таяқшасы бар. Ол кез – келген затты сиқырлай алады. Бізде сиқырлап көрейік. Маймақ сиқырлы таяқшасымен бұлт шығарды. Міне бұлт!
ІІІ. Сергіту
сәті:
Балалалр бұл жаттығуларды орындау
барысында біздің де маймақ аюдың да ауызы шаршайды, сондықтан да
терен тыныс алу жаттығуларын орындап дем алып
аламыз. Бұлтты мұрнымыөздың төбесіне
қойып , мұрнымызға үрлейміз.
-Алақай! Ұшты. Қане тағы да ұшырайық. Бұлтты мұрнымыздың төбесіне қойып, үрлейміз.Тілімізді сыртқа шығарып, мұрнымызға тартып, демімізді шығарамыз. Мұрынмен дем алып, ауызбен шығарамыз. Жарайсыңдар балалар! Ертегімізді келесі сабақта жалғастыратын боламыз.
Сабақты қорытындылау:
-
Біз сабақта қандай жаттығуларды орындадық.
-
Естерінде қандай жаттығулар қалды.
-
Соларды орындап көрсетіндерші.
Кері байланыс:
Ата – анамен бірлесе отырып, қашықтықтан аталған түзете – дамыту жұмыстары мен сабақтар видеоқоңырау арқылы жүргізіледі. Кейбір жаттығулар арнайы видеотүсірілім жасалып жолданады, үйде ата –анамен қайталау жұмыстары жүргізіледі.
Күні: 09.04.2020 жыл. Қашықтықтан оқыту.
Сабақтың тақырыбы: Артикуляциялық жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік: Баланы түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейін, тындау, ойлау қабілетін дамыту.
ІІ. Түзете – дамытушылық. Арнайы логопедиялық тапсырмаларға қарай артикуляцияны дұрыс қалыптастыру, сөйлеу аппаратын жетілдіру. Көріп қабылдауын, естіп қабылдауын жетілдіру.Логикалық ойлауын, фонематикалық қабылдауын дамытып, дыбыстарды сөздерде, сөйлемдерде анық айтуға машықтандыру.
ІІІ.Тәрбиелік. Артикуляциялық жаттығулар тәсілін дұрыс жасауға қалыптастыру.
Дидактикалық материалдар: тіл, ерін қимыл жаттығуда қолданылатын, тіл қимыл суреттері, аталған заттар бейнелері.
Қажетті құралдар: тақырапқа қатысты сюжетті суреттер, мақта
Сабақ түрі: топтық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Балалармен сәлемдесу.
-Қайырлы таң көңіл күйлерің жақсы ма?
-Жақсы
Балалардың назарын сабаққа аударту;
.
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар артикуляциқ жаттығулар дегеніміз – артикуляция аппарат мүшелерінің қимыл – қозғалысын дамытуға арналған жаттығулар. Артикуляция аппарат мүшелеріне біздің ерніміз, тіліміз, таңдайымыз, тіл ұшы жатады. Өткен сабақта айтқандай жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Гигиеналық талаптарға сай, кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданатын, балаларда қол орамал болуы тиіс.
Артикуляциялық жаттығуларды өткізуге арналған нұсқау:
1. Педагог жұмысты төмендегідей ұйымдастырады:
- ойын тәсілдерін қолдана отырып, алдағы орындалатын жаттығу туралы әңгімелейді;
- оның орындалу ретін көрсетеді;
- жаттығуды барлық балалар орындайды;
- педагог жаттығудың дұрыс орындалуын тексереді (жаттығуды отырып орындайды).
Балаға жаттығуды дұрыс орындамағанын айтудың қажеті жоқ, оған қалай дұрыс жасау керектігін көрсет іп, жетістігін айтып, көтермелеу қажет.
2. Күн сайын 2-3 жаттығуды 3-5 минуттан өткізу қажет.
3. Жеңілден күрделіге қарай жүргізіледі.
Балаға жаттығуды дұрыс орындамағанын айтудың қажеті жоқ, оған қалай дұрыс жасау керектігін көрсетіп, жетістігін айтып, көтермелеу қажет.
- Балалар мен сендерге бірнеше артикуляциялық жаттығуларды көрсетемін. Сендер мұқият қарап, жаттығуларды қайталаңдар.
1. « Тіл тұмсығы» жаттығуы.
Мақсаты: Ерін бұлшық еттерін дамыту.
Сипаттамасы: Тістерімізді бекітіп, ернімізді түтікше тәрізді ұстап тұруын қадағалау.
Әдістемелік нұсқау: Тілімізді бар мүмкіндігінше алға қарай созып, ұшын жоғарғы ерінге тигізбеу керек.
2. «Бақа жымияды» жаттығуы.
Мақсаты : Ерінді жымитып ұстауын үйрету.
Сипаттамасы: Ерінді жымитып, тістерімізді қатты жабамыз. Ерінді осы қалыпта 10 – 15 секунд ұстаймыз.
Әдістемелік нұсқау. Айнаны ал да бақамен бірге жыми.
3. «Ине» жаттығуы.
Мақсаты: тілді ине тәрізді күйде ұстауын үйрету.
Сипаттамасы: Ауыз ашық тілді бар мүмкіндігінше алға қарай созып. Ұшін үшкірлеу.
4.«Сағат » жаттығуы.
Мақсаты: тіл бұлшық еттерін еркін ұстап, оңға,
Солға сағат тілі тәрізді қозғалтуды үйрету.
Анықтамасы: тілді шығарып оңға солға кезек – кезек қозғалту..
Әдістемелік нұсқау: Балалар жіңішке тілімізді ауыз құысынан шығарып, оңға , солға қимылдату керек. Осы жаттығуды бірнеше рет қайталаңдар.
5.«Әткеншек» жаттығуы.
Мақсаты: Тілдің жоғары – төмен көтеріліп, қимылдауын дамыту.
Сипаттамасы: Ауызыды кішкене ашып , тілімізді астыңғы және үстіңгі тістерміздің артына қойып, кезек – кезек қимылдату.
Әдістемелік нұсқау: Балалар тілімізді астыңғы және үстіңгі тістеріміздің артына дұрыстап қойып, қимылдатамыз балалар. Бірнеше рет қайталаймыз.
-Жарайсыңдар! Жаттығуларды керемет орындап шықтыңдар. Үйде бірнеше рет қайталайыз. Жаттыңуларды жасау барысында міндетті түрде гигиеналық талаптарды сақтауымыз қаджет.
Сабақты қорытындылау:
-
Біз сабақта қандай жаттығуларды орындадық.
-
Естерінде қандай жаттығулар қалды.
-
Соларды орындап көрсетіндерші.
Кері байланыс:
Ата – анамен бірлесе отырып, қашықтықтан аталған түзете – дамыту жұмыстары мен сабақтар видеоқоңырау арқылы жүргізіледі. Кейбір жаттығулар арнайы видеотүсірілім жасалып жолданады, үйде ата –анамен қайталау жұмыстары жүргізіледі.
8
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген