Артикуляциялық жаттығулар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Артикуляциялық жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілге арналған жаттығулар
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Тәтті тосап» жаттығуы

Мақсаты: Жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету. 
Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына кіргізу. 
Әдістемелік нұсқау: 1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек

«Тіс тазалау» жаттығуы

Мақсаты: Тіл ұшын астыңғы тіске тигізіп ұстауын, тіл ұшын қимыл-қозғалыста дамыту.

Қысқаша сипаттамасы: Күлімдеу, тісін көрсету, аузын сәл қана ашып, тілдің ұшымен астыңғы және жоғарғы тісті тазалау.

Әдістемелік нұсқау: 1. Ерін қимылдамай күлкі қалпында ұстап тұру. 2. Тіл қызыл иекте қимылдауын қадағалау









«Күрекше» жаттығуы

Мақсаты: Тіл бұлшық еттерін дамыту.

Қысқаша сипаттамасы: Тілімізді күрек тәрізді жалпақ етіп шығару.





«Саңырауқұлақ» жаттығуы

Мақсаты: Тіл бұлшық еттерін дамыту.

Қысқаша сипаттамасы: Күлімдеу, ерінді сәл ғана ашу, тілді қатты таңдайға тигізіп түсірмеу. Ерін күлкі қалпында.

Әдістемелік нұсқау: Ауыз ашылғанда ерін қимылдамау керек. 2. Ауызды ашып жатқанда 3-10 сек қалыпта тұру керек.













«Әткеншек» жаттығуы

Мақсаты: Тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру. 
Қысқаша сипаттамасы: Жымиып, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді астыңғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек. 
Осылай тілдің қалпын 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау керек. 
Осылай тілдің қалпын кезекпен 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау керек. 
Әдістемелік нұсқау: Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдау керек, ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалау керек.



«Ат шауып келеді» жаттығуы



Мақсаты: Тіл бұлшық еттерін қатайтып, тілді жоғары көтеріп ұстауға үйрету.

Қысқаша сипаттамасы: Ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру- айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.

Әдістемелік нұсқау: 1. Жаттығу алдымен жай темпте одан әрі тез жасалынады. 2. Астыңғы жақ сүйек қимылдамау керек, тек тіл жұмыс істейді.



«Қоршау» жаттығуы





Мақсаты: Ерін бұлшық еттерін дамыту.

Қысқаша сипаттамасы: Ерінді жымитып, тістерімізді қатты жабамыз. Ерінді осы қалыпта 10-15 секунд ұстау.

Әдістемелік нұсқау: Ерін осы күлкі қалпында тұруын қадағалау



«Кесе» жаттығуы



Мақсаты: Тіл бұлшық еттерін дамыту.

Қысқаша сипаттамасы: Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де, кесе формасы беріледі. Тілдің шеттері тіске тимейді.











«Ине» жаттығуы

Мақсаты: Бұлшық еттеріне күш түсіру арқылы, тілдің ұшын жіңішке етіп ұстап үйрену.

Қысқаша сипаттамасы: Aуызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

Әдістемелік нұсқау: Тілдің ұшын жіңішке қалпында ұстап тұруын қадағалау.





«Түтікше» жаттығуы

Мақсаты: Ерін бұлшық еттерін дамыту.

Қысқаша сипаттамасы: Тістерімізді бекітіп, ернімізді түтікше тәрізді етіп алдыға шығару.

Әдістемелік нұсқау: Еріннің түтікше тәрізді ұстап тұруын қадағалау.











«Бақа» жаттығуы

Мақсаты: Ерін бұлшық еттерін дамыту.

Қысқаша сипаттамасы: Ерінді жымитып,үстіңгі және астыңғы тістерді қабыстыру. Ерінді осы қалыпта 10-15 секунд ұстау.

Әдістемелік нұсқау: Ерін осы күлкі қалпында тұруын қадағалау.





«Тарақ» жаттығуы

Мақсаты: Жіңішке және жалпақ етіп тілді тістің ортасымен алдыға шығару.

Қысқаша сипаттамасы: Тісімізбен тілімізді тарау. Ерніміз күлкі қалпында тісімізді қатты бекітеміз, тілдің ұшын осы тістің ортасымен шығарамыз, тіл жіңішке әрі жалпақ болады. Осы жаттығуды 3-4 рет қайталаймыз.







«Сағат» жаттығуы

Мақсаты: Тілдің қозғалысын дамыту.

Қысқаша сипаттамасы: Тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

Әдістемелік нұсқау: 1. Астыңғы жақ қимылдамай тек тіл қозғалыста болуын қадағалау. 2. Тілдің қозғалысы симметриялық болуы керек.



«Мысық ашуланады» жаттығуы

Мақсаты: Тілдің артқы бөлігінің бұлшық еттерін дамыту.

Қысқаша сипаттамасы: Күлімдеу, тілдің ұшын астыңғы тіске бүгу. Тілдің арқасын- көтеріп тілді осы қалыпта 8-10 сек ұстау. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.







«Футбол» жаттығуы

Мақсаты: Тіл қозғалысын дамыту.

Қысқаша сипаттамасы: Ерін жабық тұрады, тілдің ұшы кезекпен оң жақ бетке сол жақ бетке тиеді.

Әдістемелік нұсқау: Ауыз жабық тұруы қажет.





«Сылақшы» жаттығуы

Мақсаты: Тілдің жоғары көтеріліп қимылдауын дамыту.

Қысқаша сипаттамасы: Ауызды ашып, тілдің ұшымен қатты таңдайды жалау. Тілдің ұшын алдыға, артқа қимылдату.

Әдістемелік нұсқау: Ерін мен астыңғы жақ қимылдамауы қажет.













«Күркетауық» жаттығуы

Мақсаты: Тілдің ұшын жоғары көтеріп дамыту.

Қысқаша сипаттамасы: Ауызды сәл ғана ашып, тілдің ұшын жоғары ерінге тигізу. Алдымен жай қимылмен бастап, одан кейін тездетіп және бп-бп дыбысын қосу.

Әдістемелік нұсқау: Тілдің жалпақ болуын қадағалау.



«Параход» жаттығуы



Мақсаты: Тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағының қимыл-қозғалысын жетілдіру. 
Қысқаша сипаттамасы: Ауызды кішкене ашып ы дыбысын ұзақ айту. 
Әдістемелік нұсқау: Тілдің ұшы төмен және ауыз қуысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қарай көтеріңкі болуы керек.







«Құймақ» жаттығуы

Мақсаты: Тіл бұлшық еттерін еркін ұстап, оны жалпақ етіп алдыға шығару.

Қысқаша анықтамасы: Ауызды сәл ғана ашып тілді астыңғы ерінге тигізу. 5-10 сек осы қалыпта ұстау.

Әдістемелік ұстау: Тіл жалпақ болып, ерін бұрыштарына тигізу.





«Қамыр» жаттығуы

Мақсаты: Тілдің бұлшық еттерін босаңсытып, оны жалпақ күйде ұстауын үйрету. 
Қысқаша сипаттамасы: Ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қойып 
«пя-пя-пя ...» деп айтқызу. Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде бірден беске–онға дейін санап, ұстап тұру. 
Әдістемелік нұсқау:1. Төменгі ерінді қайырып немесе астыңғы тістерді сыртына орналастырмауын қадағалау. 2. Тіл жалпақ, шеттері ауыз бұрыштарына тиіп тұрады. 
3. Тілді ерінмен бірнеше рет ұру керек. Жаттығу жасау кезінде баланың дем шығаруы біркелкі болуын қадағалау қажет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.12.2024
163
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі