№24
«Алма» бөбекжай-бақшасы МКҚК
Тақырыбы:
«Артикуляциялық
жаттығулар арқылы бала тілін дамыту»
Ашық
оқу қызметі
Мұғалім
– логопед: Жолшина П.Б.
Шымкент
қаласы
Тақырыбы:
«Артикуляциялық жаттығулар арқылы бала
тілін дамыту».
Мақсаты:
Балалардың артикуляциялық мүшелерінің
қозғалыс белсенділігін арттыру. Дұрыс
тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін
жетілдіру. Қолдың ұсақ моторикасын
саусақ жаттығуларын жасау арқылы
дамыту.
Тәрбиелік: балаларды
ұйымшылдыққа, сыйластыққа
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Айна, салфетка, стакан,
сиқырлы
қорапша, суреттер, тыныс алу мен үрлеу
жаттығуларына арналған көрнекі
құралдар.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру,
сұрақ - жауап.
Оқу
қызметінің барысы:
-
Сәлеметсіңдер ме балалар?!
- Көңіл –
күйлерің қалай?
- Ендеше, оқу іс -
әрекетімізге жақсы қатысып, дыбыстарды
қалай айтатынымызды көрсетейік.
Бүгін
біз сендермен суықты мұз айдынына
барамыз, біздің досымыз аю бізді көмекке
шақырып жатыр екен, барамыз ба балалар?
Қазір
жылдың қай мезгілі?
Қыста
далада суық па, жылы ма?
Қане
жолға дайындалайық, қыс ауасы болған
соң ба далада күннің көзі көрінбейді
ғой қане күннің көңілін көтерейік. Қане
түтікшемізді қолымызға аламыз, тыныс
алу жаттығуын жасаймыз. Мұрнымызбен
дем аламыз, аузымызбен дем шығарамыз.
-
Жарайсыңдар балалар.
Қане
жан жағымызға қарап алайық та жолға
аттанайық. (ернімізді шығарып оңға,
солға жылжытамыз). Біз сондай алыс
сапарға көлікпен барамыз ба?
-Жарайды
көлікпен барамыз. Плакатта кедергілермен
салынған ирелек жолмен сапарға аттанамыз.
(кедергілер артикуляциялық жаттығулар).
Бірінші жабық сурет тарақ суреті.«Тарақ
жаттығуы»:
Күлімсіреп
тілді
астыңғы және үстіңгі тістер арасынан
өткіземіз. Жоғарғы
тістер тілді «тарайды».
(парта бетінде алақанымызды қойып жоғары
төмен қозғаймыз)
Екінші
сурет
«Шарбақ жаттығуы»:
тістерімізді көрсете ернімізді барынша
созып күлімдейміз.
Үшінші
сурет
«Піл
жаттығуы»:
еріндерімізді
бір-бірімен жанастыра пілдің тұмсығы
секілді алға созамыз.
Жарайсыңдар,енді
екі жаттығуды кезектестіріп саусақ
жаттығуымен қатар орындаймыз. (парта
бетінде алақан,жұдырық, алақан, жұдырық...)
Төртінші
сурет «Ат
шауып келеді»:
ауызды
кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру
немесе таңдай қағу. (парта
бетінде алақан,жұдырық, алақан, жұдырық
тігінен)
Бесінші
сурет Дәмді
тосап»:
жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін
және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта
ұстауын үйрету. Жалпақ тілмен жоғары
ерінді
және төменгі ерінді
жалап, ауыз қуысына кіргізу.
(сұқ саусақпен алақанды дөгелете
айналдырып шығамыз).
Алтыншы сурет
«Әткеншек
жаттығуы»:
тілді
ауыз қуысынан шығарып жоғарғы және
төменгі ерінге жеткізу. (парта бетіне
қолымыздың сыртқы беті мен алақан бетін
кезектестіре қоямыз)
Жетінші
сурет
«Сағат»
- тілді ауыз қуысынан шығарып жіңішкертіп
ұстап, оңға, солға қимылдату керек.
(жұдырығымызды
түйіп бас бармағымызды көрсетмеиіз де
тіліміз оңға бұрылғанда оңға, солға
бұрылғанда солға қимылдатамыз)
Сегізінші
сурет
«Футбол» -
ауызды жауып, оңға - солға тілдің ұшымен
беттің бұлшық етін итеру.
Жарайсыңдар
балалар! Міне суық, мұзды өңірге де
келдік.
Қанша
суық болса да,
Сары
шұнақ аязда,
Суықтан
біз тоңбаймыз.
Суықтан
біз қорықпаймыз.
Аю
достарын күтіп алып «Сәлем менің
достарым, маған көмекке келгендеріңе
рахмет мен сондай қуанып тұрмын. Біз
жақта суық білем бірақ мен гүлді жақсы
көрем ал менің гүлдерім көңілсіз неге
көңілсіз? Оларды қалай қуантуға
болады?
Тыныс
алу жаттығулары.
-
Мұрынымызбен дем алып, ауыздан дем
шығарамыз. Мына гүлдердің көңіл күйлері
жоқ екен олардың көңілдерін көтерейік
(тыныс алу жаттығуы мен үрлеу жаттығуларын
орындаймыз).
-
Жарайсыңдар, балалар!
«Сергіту
сәті»
саусақ жаттығуы су джок терапиясы
Қуыр
қуыр қуырмаш
Балапанға
бидай шаш(допты алақанымызды айналдыра
домалатамыз)
Қуыр
қуыр қуырмаш
Апам
келсе есік аш(допты әр саусақ бойымен
домалатамыз)
Қуыр
қуыр қуырмаш
Қасқыр
келсе мықтап бас (допты алақанда мықтап
қысамыз)
«Сиқырлы
сыйлық» ойыны.
Аю:
«Балалар
мен мұнда қай сыйлықты қай қорапқа
салғанымды шатастырып алдым маған
көмектесіп жіберіңдерші».
Рахмет
балалар.
Балалар
біз мұнда ұзақ жүрген сияқтымыз бізді
іздеп жатқан болар қане зымырандарға
отырып тез бақшамызға барайық.
Қорыту:
Балалар,сендерге
бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекеті
ұнады ма?
Бүгін
біз ойындар ойнау, сергіту жұмысын
жасау барысында көптеген қажетті
жаттығулар жасап, бетбұлшықеттеріміз,
артикуляциялық аппарат мүшелеріңнің
құрылысы, дауыс ырғағы мен тыныс жолы,
сөйлеу тілі мен сөйлеу қабілеті, ұсақ
моторикамыз, саусақ бұлшықетіңнің
қимыл-қозғалысы мен зейініміз, ойлауымыз,
қабылдауымыз жақсарды.
Біледі: жаттығулардың
орындалу ретін
Түсінеді: жаттығу
түрлерін ажыратады
Қолданады: логопедиялық,
саусақ, тыныс алу мен үрлеу жаттығуларын
қолдана алады.