Артқы бойдың өңделуі. Артқы бой иінішін өңдеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Артқы бойдың өңделуі. Артқы бой иінішін өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Артқы бойдың өңделуі. Артқы иінішін өңдеу Мақсаты: Иінішті өңдеуді үйрету, киімнің бөлшектерін өңдеуде оқушылардың ісмерлігін, шеберлігін арттыру , бұйым бөліктерін өңдеу барысында тәжірибе жүзінде көрсету. Тәжірибиелік сабаққа керекті құрал жабдықдар, материалдар: Нұсқаулық карта, лекало, негізгі бұйым, мата, флизелин, тігін машинасы, үтік, ине-жіп, түйреуіштер, бор. Сабақ барысы: Иініш кесінді және негізгі бөлшекпен тұтас пішілген болып кездеседі. Олар қосылған, бастырылған және қосарланған болады. Иініштің негізгі бөлшекпен қосылған сызықтары әр түрлі болады, мысалы, олардың тік кесіндіжәне күрделі қисық сызықты түрлері бар. Иініштің негізгі бөлшекпен қосылған сызығы күрделенсе, бұйымнның сыйымдылығы және технологиялық өңделуі күрделене түседі. Иінішті өңдеу алдында үлгіге қарай негізгі белшектің қатпарлары, бедер тігістері, бүкпелер немесе бүрмелер өңделеді. Тез созылатын материалдардан тігілетін бұйымдарда сопақ иінішті қиыдтарын алдымен желімді немесе әдіп
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАҚТААРАЛ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

2023-2024 оқу жылы

Сабақ жоспары №4

Модуль/пән атауы

ОН 2.2. Бұйымның бөлшектері мен тораптарын түйіндік өңдеу бойынша операцияларын орындау.

Сабақтың тақырыбы

Артқы бойдың өңделуі. Артқы бой иінішін өңдеу

Педагог

Ерханова К

  1. Жалпы мәліметтер

1.1 Курс

2 курс

1.2 Топ

Тг-23-2




1.3 Сабақтың өткізілетін күні





  1. Мақсаты, міндеттері

2.1 Сабақтың түрі

Тәжірибелік

2.2 Сабақтың мақсаты немесе міндеттері

  • Инішті(кокетканы) өңдеудің технологиялық бірізділігін меңгерту;

  • Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеп, технологиялық қабілеттерін, икемдіктерін дамыту;

  • Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, бастаған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

2.3 Оқу-жаттығу процесіндегі күтілетін нәтижелер

  • Оқушылар жеке, топта бірлесіп жұмыс жасай алады;

  • Иініш(кокетка) және оның түрлерін біледі.

  • Әрлеуіш бөлшектермен иінішті өңдеуді меңгереді.

  • Өңделген бөлшекке технологиялық карта жасайды.

2.4 Техникалық құралдар және қажетті ресурстар

1.Таблицалар

2. Сызбалар

3. Схемалар

4. Өнделген бөлшектер

5.Киім үлгілері.

Тігін машиналары, ылғалды-жылулық өндеу құралдары, манекен, ине,жіп,қайшы және масштабты сызғыш, лекало сызғышы т.б.

  1. Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

3.1 Сабақты ұйымдастыру кезеңі:

3-5 минут

  • Студенттермен амандасу, түгендеу.

  • Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;

  • Топқа бөлу;

  • б) Оқушыларды жұмыс орына отырғызу, кезекші тағайындау;

  • Техника қауіпсіздігін еске салу;

Психологиялық дайындығын қалыптастыру. Сабаққа зейін аудару.


Психологиялық ахуал

3.2 Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі

(15 минут) 25-30 минут

1.Алдыңғы және артқы бойдың өңделу тәсілдері.

2.Алдыңғы және артқы бойдың өңделу ерекшелігі.

3.Иініш және оның түрлері

4. Артқы бойдағы қос қабатты иінішті өңдеу

Нұсқаулық

3.3 Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі (35-40 минут)

Алдыңғы және артқы бойдың өңделуі:

  • Иініштерді өңдеу;

  • Бөліктерді біріктіру;

Студенттердің өзіндік жұмысы.

Артқы бой иінішін өңдеу.


Ағымдағы нұсқау: студенттердің жұмыс орнын ұйымдастыруды тексеру, қауіпсіздік ережелерін сақтау, орындаудың дұрыстығы мен дәлдігі,тапсырмалар беру, қажет болған жағдайда көмек көрсету, оқу уақытын бақылау.

Соңғы нұсқаулар:

Студенттердің өзіндік жұмыстарын талдау, типтік қателерді талдау, қателерді жою жолдарын түсіндіру.


нұсқау карта

Ине, жіп, түйреуіштер, қайшы.ЫЖӨ

Лекало, пішілген бұйым бөлшектері

3.4 Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі

(8-10 минут)

Бұйымды технологиялық қалдықтардан тазалау.

Бұйым сапасын тексеру.

Өңделген бұйым, қайшы, четка.

Соңғы ЫЖӨ

3.5 Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі. (3-5 минут)

Иініші өңдеу технологиялық картасын жасау.


6. Сабақты қорытындылау және рефлексия

(8-минут)

Жұмыс орындарын тазалау.

Сабақ мақсатына жету туралы хабарлау, оқушы жұмысын бағалау,келесі сабақтың тақырыптары, келесі сабаққа дайындалуға арналған тапсырмалар беру.





Педагог:____________________________





Нұсқаулық карта

Пәні: Жұмыс орынындағы өндірістік тәжірибе

Сабақтың тақырыбы: Артқы бойдың өңделуі. Артқы иінішін өңдеу

Мақсаты: Иінішті өңдеуді үйрету, киімнің бөлшектерін өңдеуде оқушылардың ісмерлігін, шеберлігін арттыру , бұйым бөліктерін өңдеу барысында тәжірибе жүзінде көрсету.

Тәжірибиелік сабаққа керекті құрал жабдықдар, материалдар:

Нұсқаулық карта, лекало, негізгі бұйым, мата, флизелин, тігін машинасы, үтік, ине-жіп, түйреуіштер, бор.


Сабақ барысы:

Иініш кесінді және негізгі бөлшекпен тұтас пішілген болып кездеседі. Олар қосылған, бастырылған және қосарланған болады. Иініштің негізгі бөлшекпен қосылған сызықтары әр түрлі болады, мысалы, олардың тік кесіндіжәне күрделі қисық сызықты түрлері бар. Иініштің негізгі бөлшекпен қосылған сызығы күрделенсе, бұйымнның сыйымдылығы және технологиялық өңделуі күрделене түседі. Иінішті өңдеу алдында үлгіге қарай негізгі белшектің қатпарлары, бедер тігістері, бүкпелер немесе бүрмелер өңделеді. Тез созылатын материалдардан тігілетін бұйымдарда сопақ иінішті қиыдтарын алдымен желімді немесе әдіпті жиекпен бекітеді: әдіпті жиектерді әмбебап машиналар көмегімен өңдейді.Тұтас пішілген иініштерді негізгі бөлшекпен бірге пішеді, иінішті бөлшекпен қосатын имитациялық тігістің кеңдігін ескеріп отырадыиінішті алдыңғы боймен біріктіретін тігісті тұтас бөлшектегі бедерлік тігіс сияқты өңдейді.

Кесінді иініштерді астыңғы қиықтары тік және сопақша келген түрлерінде негізгі бөлшекпен сырып немесе бастырма тігістерімен біріктіреді.Иініштерді иініш жағынан ені 1,0 смтігіспен тігеді. Тігісті иініш жағына жатқызып немесе айырып үтіктейді.Кесінді иініштерді алдынғы боймен бастырма тігіспенбіріктіргенде бір жаққа айырып үтіктеп, үлгіге қарай әшекейлі тігістерді үстінен бастырып жүргізеді

Иініштің түрлері

Иініш – иықтық және белдік бұйымның жоғарғы бөлігінде орналасқан бөлшек.

1. Иініш пішініне қарай түзу, сопақ және фигуралы.

2. Иінішті бұйыммен қайып тігу, бастыра тігу, жапсырма және бедер

тігіспен біріктіреді.

3. Иініштер қиылған және бұйыммен тұтас пішілген болады.

Бедер тігістері немесе күрделі қатпар тұтас бөлшекте орындалғандай, тұтас пішілген бұйымдағы иінішті өңдеуде солай атқарылады.

4. Иініштер қырсыз және қырлы болады. Қырсыз иінішті бұйыммен

біріктермес бұрын, негізгі бөлшектерде бүкпе, бедер, қатпар, бүрме және т.б. өңделеді. Қырлы иініштер астармен бірге және астарсыз болады.


Тапсырма: Артқы бой иінішін өңдеу.

Артқы бойдағы қос қабатты иінішті өңдеу бұйымның бүйір тігістерін өңдегенге дейін жасалады! Егер модельде иық тігістерінде cәндік тігіс болса, олар жабық болуы керек.

Жұмыс барысы:

Қажетті заттар:

  • Алдыңғы бойдың екі бөлігі

  • негізгі матадан жасалған иініштің бөлшегі

  • қосымша матадан жасалған иініштің бөлшегі

  • артқы бөлік

  • түйреуіштер, жіптер, қайшылар

Біздің мысалда ақ иініш ішкі, ал негізгі түсті матадан жасалған иініш сыртқы, алды болады.


Операция атауы

Операцияны орындаудағы техникалық шарттар

Сурет

  1. Түзу және сопақ иінішті бұйыммен біріктіру 1.1. Қайып тігісімен біріктіру 1.1.1. Негізгі бөлшекке иінішті көктеу    

  Иініштің бөлшегін және негізгі бөлшекті бет жағымен ішке қаттап салады. Қиықтарды теңетіреді. Иініште тіке көктеу инешаншымдарымен көктейді   = 1,5 – 2,0 см6 тігістің ені - 0,9 см.

  

  1.1.2. Иініштің сыруы

  Ені 1 см тігіспен иінішті иінішпен сыру


1.1.3. Сыру тігісінің өңделуі  

  Тігісті біртіре, айыра үтіктеу, бастыра тігу, айыра тігу

 

  1.2. Бастыра тігу тігісімен біріктіру

  Иінішті қайып және сырып тігеді. Тігісті иінішке біріктіре үтіктеп, бастыра тігеді. Кеңдіктің ені бастыра тігу тігіснің түріне байланысты болады: ашық немесе жабық қиық. Өңдеу жолағының ені тең 0,5- 0,7 см қосымша.  

Суретте көрсетілгендей иінішті жайыңыз. Артқы бөлікті орамға ораңыз.



Алдыңғы екі бөлігін төмен қаратып салыңыз да, әрқайсысын ораммен бұраңыз


Алдыңғы бой бөліктерін иық тігістерін туралап, сыртқы иінішке салыңыз. Алдыңғы бой мен сыртқы иініш бір-біріне қаратып жатуы керек.


Ішкі иінішті жоғары көтеріп, оралған алдыңғы бой мен арқаны жауып, ішкі иініштің иық тігісін алдыңғы бй иық тігістерімен және сыртқы иініш иық тігісімен бекітіңіз.


Екінші иық тігісімен қайталаңыз.


Бұйымның иық тігістерін тігіңіз.



Алдыңғы бойды мойын сызығынан шығарыңыз.



Бүкіл бөлітер шығарып жайыңыз.



Иық тігістерін үтіктеп, әрлеу және бекіту тігісін жасаңыз.



Бекіту сұрақтары:

1.Иініштің түрлері? 2. Иініштерді сырып тігу? 3.Бастырмалы иінішті өңдеу тәсілі?

4. Шеттігі бар иінішті өңдеу?

5.Жапсырмалы иінішті өңдеу?

Кері байланыс:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2024
409
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі