400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әртүрлі есептер шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
1 класс мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: _________________



Күні: 20.03.2017ж

Сынып: 1В

Пәні: Математика

Мұғалімі:Куандыкова Б.А.

Мектеп:№56 ЖОББМ

Сабақтың тақырыбы

Әртүрлі есеп шығару

Математикалық Наурыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.5.екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табу дағдысын қалыптастырады;

1.4.1.2.жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру дағдысын бекітеді;

1.2.2.2.таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу дағдысын қалыптастырады;

Сабақтың мақсаттары

3-тоқсанда алған білімдерін жүйелейді және бекітеді.

Ресурстар

сыныптағы оқушы санына сәйкес даярланған қызыл, көк, сары және жасыл түсті киіз үй суреттері;

қызыл, көк, сары, жасыл түсті қалың қатты қағаз парақтары;


кілем аппликациясын жасауға арналған қазақ оюларының элементтері;


әр топқа арналған желім;


әр топқа қызыл, сары түсті қағаздан жасалған қызғалдақ. Қызғалдақтардың әр түсінен 10 дана болу керек;


дастарқанның макеті және әр топқа қатты қағаздан жасалған төрт батырдың суреті;

оқушылардың дұрыс жауабына берілетін бауырсақ түріндегі фишкалар;


маркерлер.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Тірек сөздер

Математикалық Наурыз

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Шаттық шеңбер

Көтеріліп шаңырақ

Уықтары шаншылар

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз болып көрінер

-Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?

Олай болса ,біздер осы киіз үйдің бөлігі бойынша топқа бөлінеміз

Шаңырақ

Кереге

Уық

Есік


Шаттық шебері









Мозайка құру арқылы

Сабақтың ортасы

8 минут




  1. тапсырма. “Кілем” деп аталады

Әр ауыл мерекеге арнап кілем тоқуы тиіс. Топтарға қатты қағаздан ойылған қазақ оюларының бес элементін таратып беру. Оюлардың екінші жағында тақырыптарға­ байланысты тапсырмалар жазылады. Мысалы, бұл тапсырмалар санды өрнектердің мәнін табуға, шамаларды салыстыруға, теңдеуді шешуге берілуі мүмкін. Тапсырманың астында кілем тоқығанда сүйенетін жауап нұсқалары жазылады.


Мысалы, “Өрнектердің мәнін тап: 14 – 8 + 3 = ?” тапсырмасы.

Жауабы:

а) 8 — оюды оң жақтағы жоғары бұрышқа жапсырыңдар;

ә) 9 — оюды сол жақтағы жоғары бұрышқа жапсырыңдар;

б) 10 — оюды оң жақтағы төменгі бұрышқа жапсырыңдар;

в) 7 — оюды сол жақтағы төменгі бұрышқа жапсырыңдар;

г) 6 — оюды ортаға жапсырыңдар.

Тапсырманы ерте орындаған оқушылар тобы ойында жеңімпаз атанады­. Жеңісі үшін әр топқа “бауырсақ” түріндегі фишка мен ұпайлар беріледі.


2-тапсырма. “Бәйгені”

Бұйрық бойынша барлық топ бір уақытта тапсырманы орындауға көшеді. Әр топтан тапсырманы қатесіз, басқалардан бұрын орындап бітетін бір оқушы шығуы мүмкін. Осы оқушы топқа қосымша ұпай әкеледі.

Жауабы:

а) 20 – 9 + 4 = 15; в) 16 – 4 + 7 = 19;

ә) 12 + 3 – 4 = 11; г) 10 + 5 – 2 = 13;

б) 2 + 8 + 5 = 15; ғ) 6 + 4 – 0 = 10.


3-тапсырма.Арқан тарту.

Екі “ауыл” арасында жарыс өткізу­. Ауыл жұптары санды өрнектерді және шамаларды салыстырады. Бірінші орындаған ауылдың оқушылар тобына ұпай беріледі.

Жауабы:

а) 5 + 12 > 18 – 3; ә) 19 – 9 < 17 + 2;

б) 6 + 3 – 1 < 5 – 4 + 8; в) 10 – 2 + 2 > 15 + 0 – 7;

г) 15 см + 4 см > 20 cм – 3 см; ғ) 5 кг +5 кг + 2 кг = 20 кг – 8 кг.





Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут

Қызықты тапсырма

8 минут

4-тапсырмаАлтыбақан.

Бұл тапсырманы оқушыларға жеке орындату Теңдеуді сызбаға сүйеніп орындайды. Тапсырманы қатесіз бірінші болып орындаған оқушы өз тобына ұпай әкеледі.


Жауабы:

а) х + 7 = 19; ә) у – 16 = 4;

х = 19 – 7; у = 16 + 4;

х = 12 . у = 20.


5-тапсырмаШығарып көр.

Логикалық тапсырманы тәжірибе түрінде орындауды ұсыныңыз. Осы мақсатта оқу шылар топтарының әрқайсысына қағаздан жасалған он сары және он қызыл гүлден таратып беріңіз. Осы гүлдерден тапсырманың шарты бойынша түрлі әдіспен гүлшоқ жинау керек.


Жауабы:

сарғалдақтың саны 2-ге артық.


Орындап көр. Әр топтағы оқушыларға үстелдің макеті мен төрт батырдың үлгісін таратып беріңіз. Оқушылар батырларды тапсырмада берілгендей отырғызу керек. Бұл тапсырманы тәжірибе түрінде орындауды ұсыныңыз. Оқушы жауаптарының барлық нұсқасын тыңдаңыз.


Жауабы:

батырларды тіктөртбұрыш пішіндес үстелдің бұрыштарына отырғызу керек.

Мерекелік кілем.

Тапсырманы орындау барысын да оқушылар бірнеше амалмен берілген өрнектердің мәнін табады. Егер олар берілген тапсырманы дұрыс орындаса, кілемді тиісті түстермен бояп өрнектейді. Оқушыларды бағалаңыз.


Теңдеуді шеш.

Оқушылар ұсынылған теңдеулерді шешеді және өзара тексеру жүргізеді. Осыдан кейін олар киіз үйді жауаптарының кодымен сәйкестендіріп бояйтын болады.


Жауабы:


а) 4 сары; ә) 4 жасыл; б) 5 қызыл; в) 6 көк.


Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Кері байланыс


“Аяқталмаған сөйлемдер”әдісі

* Бүгін мен .....білдім

* ......... қызықты болды.

* .........тапсырманы мен орындадым.

* ........менің қолымнан келді

* Менің ........... жасағым келеді.



Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
3884
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі