Материалдар / Әртүрлі жанрдағы табиғат құбылыстарының көрінісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әртүрлі жанрдағы табиғат құбылыстарының көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
4сынып Көркем еңбек қысқа мерзімді жоспар үлгісі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5тарау: Табиғат құбылыстары

Мектеп: Б.Соқпақбаев ЖББМ

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Айдарова Ж

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әртүрлі жанрдағы табиғат құбылыстарының көрінісі


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

4.2.3.1 – тиімді тәсілдермен анықталған материалдарды және компоненттерді нақтылықты сақтай отырып, өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

Сабақтың мақсаты:

Бейне материалдар мен фотосуреттерді көріп, өз жұмысында пейзажды әртүрлі тәсілмен бейнелеуді қолдану;
• Монотипия –баспа техникасының түрі арқылы табиғат құбылысын бейнелеу.

Бағалау критерийі

Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркемматериалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.

Идеяны дамытуға арналған видео фрагментті және фотосуреттерді қарайды;

Монотипия –баспа техникасында шығармашылық жұмыстарды орындайды.

Ойлау дағдысының деңгейі

Білу,қолдану

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Педагогтің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

8 минут


1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесемін,түгелдеп,сабаққа зейінін шоғырландырамын.

«Жылулық сыйлаймын» әдісімен бір-біріне жылы лебіз айтып, психологиялық жағымды ахуал қалыптастырамын.

Санамақ арқылы 3топқа бөлемін.


«Иә, жоқ»әдісімен үй тапсырмасына шолу жасау:

(Өткен материал бойынша сұрақтар оқушының қажеттілігін ескере отырып, саралап дайындалды)

Оқушылармен оқу мақсатын талқылаймын.

Оқушылар сабаққа назарын аударады.


«Жылулық сыйлаймын» психологиялық жағымды ахуал қалыптастырады.

Бірден үшке дейін санау арқылы топқа бөлініп отырады.



Интерактивті тақтадан сұрақтарды оқып,қабілетіне қарай жауап береді.





«Жақсы», «Жарайсың!», «Ғажап» сияқты

сөздерімен ынталандырамын.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар


Сабақтың ортасы

30 минут


Әртүрлі жанрдағы табиғат құбылыстарының көрінісі

Оқулықпен жұмыс.

1.Суреттегі табиғат құбылысы қалай аталады?

2.Ол қандай мезгілге тән?

3.Кемпірқосақ аспанда қандай табиғат құбылысынан кейін пайда болады? Сен оны көрдің бе?

4. Бұл туындыны қай жанрға жатқызасың?

Қандай табиғат құбылысын, оны қай жанрмен бейнелейтініңді шешіп ал.Таңдаған жанрың пейзаж, портрет, нотюрморт, (мысалы, қар, жаңбыр не күзгі жапырақтар бейнеленген нотюрморт), тұрмыстық жанр немесе анималистік жанр болуы мүмкін

Композиция жасау үшін қандай материалдар таңдайтындарыңды ойланып алыңдар.

Суретшілер туындыларымен жұмыс

82-83 бет

Бүгін сендер «Монотипия » тәсілін қолданып жұмыс жасайсыңдар. • Монотипия –баспа техникасының түрі арқылы табиғат құбылысын бейнелеу әдісі.

Бұл жұмысқа назар аударыңдар. Бұл суретте не көрсетілген?

- Табиғат көрінісі, дұрыс. Менің ойымша, бұл әдіс Кемпірқосақ сұлулығын жақсы жеткізе алады. Балалар, енді өздерің табиғат құбылыстарын тағы қандай жанрда бейнелеуге болатын ойланыңдар.


Ширату тапсырмасы (Жұптық, ұжымдық жұмыс)

(Т)Сұраққа жауап беріңдер?

- Суретшілер әр түрлі табиғи құбылыстарды бейнелеу үшін қандай визуалды элементтерді қолданды?

- Табиғи құбылыстарды сендер қалай бейнелер едіңдер? табиғатты ма, әлде өрнек түрінде оның жеке элементтерін бе?

-Тапсырмада не қиын болды?

Дескрипторы:

Тапсырманы дұрыс ережеге сай орындайды.

(Ұ)(Қ)«Сауалнама» құрастыр.

Оқушылар сауалнама сұрақтарын құрастырады.Бір –бірінен сауалнама алады.

(Г)Кері байланыс. «Шеңбердегі доп»

Оқушылар дөңгелене отырып, бір-біріне доп лақтырады. Доп қолына тиген бала сабақ жайлы бір сөз айтады

- Сендердің алдарыңда дайын парақтар жатыр.

Алдымен парақты акварель бояумен жабыңдар, бояу кепсін, содан кейін қағазға балауыз жағыңдар.

Көк гуашь бояуына немесе тушьқа сәл сұйық сабын немесе шампунь қосыңыз, жақсылап араластырыңыз және дайындалған парақты осы қоспамен жабыңыздар. Бояуды жақсылап кептіріңдер.

 Енді, ен қызықтысы! Кез келген өткір затпен тырнап сурет саламыз. Көк фонда түсті Кемпірқосақ суреті пайда болады.

Граттаж техникасында табиғат құбылысын орындау.

Жұмысқа кіріспес бұрын, асықпаңдар, ойланыңдар қандай сурет саласыңдар, өйткені қайтадан өшіре алмайсыңдар.

Жұпта, топта Әртүрлі жанрдағы табиғат құбылыстарының көрінісі


А3 форматындағы қағазда жұпта және кішігірім топта Монотипия техникасында пейзаж жасаңдар. Таңдалған обьектінің бейнесін көріңдер.





Жұмыстарыңа атау қойып, сыныптастарыңа шығармашылық жұмыстарыңның идеясы жайында әңгімелеңдер.

Кері байланыс:

Қандай қиындықтар кездесті?

Қалай ойлайсыңдар бұл қолдарыңнан келе ме?

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар


Гуашь, тушь,

сұйық сабын, шампунь




қарапайым қарындаш,

қара гель қалам, түрлі түсті қарындаштар







А3 формат қағаз






Сабақтың соңы

7 минут

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану,

(Ж) Кері байланыс«Аяқталмаған ой» әдісі

Мен .....................білдім.

Маған.................... қызықты болды.

Маған...................... қиындық тудырды.

Мен мынандай тапсырмаларды орындай алдым..............

Мен ................. түсінбедім.

Мен енді ............. білдім.

Мен ......................сезіндім.


Үй жұмысы: келесі сабаққа қажетті түрлі көркемдік және қолда бар материалдарды алып келіңдер.

Жұмыс орнын жинау.


Тапсырма орындауға қажетті құралдар






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!