400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері

Материал туралы қысқаша түсінік
7.2.1.7 Бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау:
Материалдың қысқаша нұсқасы

7-сынып физика пәнінен қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2

«Кинематика негіздері »

Мектеп: «Д. Қонаев атындағы орта мектеп» КММ


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Мистемирова М

Сынып:

7 «а», «ә», «б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың

тақырыбы

Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері

Оқу мақсаты

7.2.1.7 Бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа

тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау:

Сабақ мақсаттары

  • Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигін салып жылдамдықтың мәнін анықтауды біледі;

  • Бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын табады:

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

  • Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігік графигі бойынша дененің

орын ауыстыруын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты терминдер мен сөзтіркестерді диалог жүргізу үшін,

сұрақтарға жауап беру қолданады: қозғалыс, жылдамдық, координат жүйе.

Құндылықтар

Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіл әлемдік, өңірлік мәселелерді

шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы қазіргі кезде транспорттың

жылдамдығының артуына байланысты оқыс оқиғаларды шешуге жаһандық

тұрғыдан қатысуына баулу

Пәнаралық байланыс

Математика (тура пропорционалдық графигін сызу әдісін біледі)

Алдынғы білім

  • Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигін салу біледі;

  • Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдық мәнін анықтауды біледі;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы (12 минут)

(1 минут)

Екі жартышарлар әдісі арқылы оқушылардың зейінін

шоғырландыру

  1. Кеңістікте екі қолмен шексіздікті сызу:

Оң қолмен горизонталь жазықтықта

Сол қолмен вертикаль жазықтықта

  1. Оң қолың ашық алақаныңмен басыңа жақындату

Сол қолыңды алдыңа бас бармағыңды жоғары көтеріп, алдыңа созу, кезектестіріп қайталау


(5 минут)


Өткен тақырыпты қайталау

Жалпы сыныптық жұмыс

«Сәйкестендір» әдісі арқылы оқушылардың өткен

тақырыпқа байланысты білімдері тексеріледі:

«механикалық қозғалыс», «орын ауыстыру», «жол»,

«координат салу жүйесі», «қозғалыс теңдеуі»

терминдермен олардың анықтамалары жазылған кеспе

қағаздарын сәйкестендіреді

Кеспе қағаздар


(1 минут)

Өз-өзін бағалау

«Қатені тап» Слайдта көрсетілген дайын кестемен

салыстырып, оқушы өзінің қателерін табады,

қорытынды жасайды

Слайд

(5 минут)

«Ойлар ағыны» әдісі мұғалім сұрақтар қою арқылы

оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын

тұжырымдауға жетелейді.

  1. Қозғалыс теңдеуіндегі екі айнымалысы арысындағы тәуелділік түрі қандай?

  2. Бұл тәуелділіктің графигі қандай фигура?

  3. Жылдамдықтың өзгеруіне байланысты график қалай өзгереді?

  4. Ендеше сабақтың тақырыбы қандай болады?

  5. Бұл сабақта нені үйренуіміз керек?


Сабақтың ортасы (26 минут)


Жұптарға бөлу

(1 минут)

Сандар бойынша оқушыларды жұптарға бөлу

Парақтар

(12 минут)

3.Берілген график бойынша тапсырмаларды «жұппен» орындау

Суретте бірқалыпты қозғалған автобустың қозғалыс графигі көрсетілген. Сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріп, көліктің қозғалысын сипаттаңдар:

А) Автобус қанша уақыт координата осі бағытында қозғалды?

В) Қанша уақыт тоқтап тұрды?

С) Ол қанша уақыт координата осі бағытына қарсы бағытта қозғалды?

Д) Оның аялдамаға келгенде координатасы қандай болды?

S (м)

t (мин)

Қозғалыс графигі салынған А4 парақ қағаздар

(3 минут)

«Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі бойынша жұптар жұмыстарымен алмасып толықтырады, ескертулер жазады, қателерін түзетеді, ауызша сипаттама береді.



(10 минут)

Жекелей жұмыс.

График бойынша тапсырманы орында

Әр оқушыға тапсырма беріледі.

График бойынша дененің алғашқы 10 с-тағы қозғалысын анықтаңыз. Оның келесі 20 с-тағы айырмашылығы қандай? Дененің алғашқы 50 с-та жүрген жолын анықтаңыз.

А деңгейлі тапсырма:

Критерий

Дескрипторлар

Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділігінің графигін түсінеді

1. Графиктен уақытттың 10с-тағы, 20 с-ғы, 50 с-ғы мәндерін табады.

2. Графиктен орын ауыстырудың шамаларын анықтайды


Кеспе қағаздар


В деңгейлі тапсырма:

Критерий

Дескрипторлар

Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділігінің графигін түсінеді

1. Графиктен уақытттың 10с-тағы, 20 с-ғы, 50 с-ғы мәндерін табады.

2. Графиктен орын ауыстырудың шамаларын анықтайды

3. Бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын табады:



С деңгейлі тапсырма:Екі дененің қозғалысы х1 =5t, х2=150-10t теңдеулерімен берілген. Олардың кездесетін жері мен уақытын аналитикалық және графиктік тәсілін анықтайды.

Критерий

Дескрипторлар

Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділігінің графигін түсінеді

1. Денелердің кездесу орынын анықтайды.

2.Екі дененің қозғалыс графигін салады

3. График бойнша денелердің кездесу орны мен уақытын анықтайды.



Сабақтың соны


«Рефлексивті нысана» парағына сабақ соңындағы

3 табыс критерий бойынша өз деңгейлерін белгілейді. Сабақтағы іс-әрекетіне, біліміне талдау жасайды.



(2 минут)

Рефлексия

«Бір сөйлемдік қорытынды» әдісі бойынша сабақты қорыту мақсатындағы кері байланыс: мұғалім оқушылардан ең ұнағаны және ұнамағын сұрайды, сабақ бойынша оқушылар ұсыныстарын жинайды, игерген білімді әрі қарай тереңдетуге бағыттайды.


Саралау

Бағалау


Денсаулық сақтау

Оқушыларды қалыптастырушы бағалау арқылы әр деңгейлі оқушыға жеке-жеке қолдау көрсетемін.

1.Сен бүгін өте жақсы білім көрсеттің.

2.Сен жақсы жұмыс істедің, бірақ саған тағы да кейбір сұрақтарды қайталау керек.

«Қатені тап»

«Рефлексивті нысана»- стратегиялар арқылы өз-өздерін бағалайды



Екі жартышарлы әдіс – оқушылардың зейінін шоғырландыру

Тексерген:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі