400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

ару аналар сұлу қыздар тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
ару аналар сұлу қыздар тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы : Ару аналар ,сұлу қыздар

Сабақтың мақсаты : Ана ұғымының мән мағынасын ашу аналарына деген сүйіспеншілігін арттыру,өнерлерін көрсету арқылы ардақтауға ,құрметтеуге үйрету.

Көрнекілігі : гүлдер ,шарлар ,нақыл сөздер,фотостенд


Мұғалім:Армысыздар ,ардақты әжелер мен әпке –сіңілі ,ұстаздар ! 8 –наурыз –халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отыра «Ару аналар ,сұлу қыздар» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер

1-жүргізуші Әли

Б үгін бізде жаңа жоба «Ару аналар ,сұлу қыздар » кешіне қош келдіңіздер . Кешіміздің шымылдығын «Қазақ биімен » «Айгөлек » бишілер тобы ашады


2- жүргізуші Шұға

Құрметі асыл аналар ,қадірлі ұстаздар ,қыз – қызғалдақтар ! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көрсеткенде көктемнің алғашқы хабаршысы болып Аналар мерекесі келеді .

1-жүргізуші Әли Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады .Біз асыл аналарымыз да бәйшешектей барлық қиындыққа төзімді .Аналар ,көктемгі күндей жарқырып ,гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын !

Хор . «Апа туған күнінмен »

1-оқушы Жаннұр

Т ой пердесін ашайық ,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп ,

Ән маржан шашайық .

2-оқушы Еділ

Құлпырған көктем келді ,

Жылу тарап бойымда .

Ұстаз ана кеменгерді ,

Құттықтау тұр ойымда

3-оқушы Жанель

Біз ғана емес ,

Қадір тұтқан балалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген –тіршіліктің тірегі

Армысыздар ,қасиетті аналар !

4 –оқушы Аида

Сендерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен ,

Құрметті аналар !


2-жүргізуші Шұға

Менің айтайын дегенім ,бүгінгі кешімізді асыл аналарға арнасақ қайтеді?Сен осыған қалай қарайсың? Әли

1-жүргізуші Әли

Неге арнамасқа ! бүгінгі кешіміздің аты «Ару аналар ,сұлу қыздар» емеспе

2-жүргізуші Шұға

Сәлем ,сәлем,сәлем достар ! Бүгін сіздер аналарыңды ,ұстаздарыңды ,құрбы –құрдастарынды – бәрін құттықтай аласыздар ! Біздің байланыс телефонымыз : 55-55-55 .Біздің байланысымыз ақысыз екенін ұмытпаңыздар .Құттықтай отырып әндеріңізді жолдай аласыздар .

1-жүргізуші Әли Достар ,хабарласыңыздар ,біздің телефонымыз сіздердің телефон шалуларыңызды асыға күту үстінде .

1 –тыңдаушы Жанель Алло,алло сәлемесіздер ме? Мен өзімнің Ағия әжемді 8 –наурыз туған күнімен құттықтайын деп едім ,көңіл көтеретін бір жақсы ән қойып берсеңіздер .2-жүргізуші Шұға Әрине бар ,дәл қазір Әкімбек Жаннұрдың орындауында «Анашым » әнің қабыл алыңыздар

2-тыңдаушы Аруанна Алло ,алло сәлеметсіздер ме ? мен сыныптас құрбыларымды ,ұстаздарымды ,аналарды мерекелерімен құттықтап сәлем жолдайын деп едім . «Ал давай » тобының бір әнін қойып берсеңіздер

  1. Жүргізуші Әли Өкінішке қарай ол топтың орындауында әзірше бізде ән жоқ ,бірақ болған кезде қойып береміз деген уәде береміз .Ал қазір « Анажан » әнін қабыл алыңыздар орындайтын Айтбек Аруанна

  2. Жүргізуші Шұға

Халқымызға билік айтар даналар .

Даналардың өзі анадан жаралар

Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма ,аналар ?

Балаға ең жақыны сіз ғой ана ,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір –ақ нәрсе –Отан ғана .

1 –жүргізуші Әли

Өте тамаша жазылған өлең,бізде өзіміздің анамызға арнап өлең жолдарымызды арнайық

5-оқушы Әли

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап ,

Ана деген бәйтерегі өмірдің ,

Ана деген алтын қазық алтын бақ

6-оқушы Шұға Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

3 –тыңдаушы Әділет

Алло ,алло ,сәлеметсіздер ме? Сіздердің хабарларыңыз арқылы Ләйлә мұғалімді 5 наурыз туған күнімен құттықтайын деп едім .бір жақсы ән жолдауларыңызды сұраймын

2-жүргізуші әрине бар келесі әніміз Ләйлә ұстазымызға арналады қабыл алыңыздар хор « Мектеп вальсы »

4-тыңдаушы Аида

Сәлемтсіздер ме ? Мен өзіміздің даярлық сыныпта сабақ берген мұғалімім Сандуғаш мұғалімді 1 –наурызда болған туған күнімен шын жүректен құттықтаймын .Соған көңілді бір ән қойып берсеңіздер.

1-жүргізші Әли Әрине келесі әніміз аяулы ұстазымызға арналады

Ән : « Жарқын жүзді ұстазым » орындайтын Бекболат Шұға


7-оқушы Әділет

Жанымызды жайнатқан

Сіздер ғой ол аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар

8 – оқушы Арманай

Ақ арман –аппақ анам ,

Өзіңсің бақ та маған

Шығармын ақ сүтіңді ,

Қалайда ақтап анам


9-оқушы Аруанна Ерлікте біздер үшін

Еңбекте біз үшін

Еркелеткен біздерді

Еркіндеткен біздерді

Аналарға мың алғыс

10 –оқушы Нұрдан

Ана десем ,алғыс алам халқымнан ,

Ана десем ,теңіз болам шалқыған .

Ана десем ,ашылады қабағым

Ана десем ,әділдікті ұғамын .

5- тыңдаушы Жаннұр Сәлеметсіздер ме ? мен өзімнің сіңілім туған күнімен құттықтайын деп едім бір ән жолдауларыңызды сұраймын

2-жүргізуші Шұға әрине бар келесі әнім аяулы сіңілімізге арналады қабыл алыңыздар

Ән: « Бала тілегі» орындайтын Сабырбай Жанель

6 -Тыңдаушы : Сәлемсіздер ме? Мен барша аналарды мерекесімен құттықтаймын ! Тамаша бір билеріңіз болса жолдасаңыздар .

  1. Жүргізуші Әли

Әрине ,сізді де мерекеңізбен құттықтап «Айгөлек » бишілер тобының биін жолдаймыз қабыл алыңыздарОйын «Ертегі терапия » ойынның шарты Әрбір ата-анаға сөздер жиынтығы беріледі .Осы сөздерді пайдалана отырып ертегі құрастыру керек.Ертегі былай басталу керек «Ерте,ерте ,ертеде »

  1. Әсел тәте ,көл,орман,домбыра,пойыз,гүл,тау

  2. Серік ағай,өзен ,айран,ағаш ,жаңалық,ит,трактор

  3. О лжас ағай,мұхит,сиыр,теледидар,сүт,үй,кірпіш

Жүргізуші : Шұға

Бізге берілген уақыт өз мәресіне жетті ,уақыттарыңызды бөліп келегендеріңізге көп –көп рахмет


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
586
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі