400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ару ғұмыр!!!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға 8 – наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ару ғұмыр!!!»

Сабақтың мақсаты:

Танымдылық: Оқушыларға 8 – наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушыларды қыздарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға

баулу.

Тәрбиелілік: Оқушылардың логикалық ойлау өрісін, тіл байлығын, сөздік

қорын, ойлау қабілеттерін дамыту. Эстетика – этика

әдептерін үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, концерттік бағдарлама бойынша құрылған.

Сабақтың әдістері: Баяндау, сұрақ – жауап, әңгімелесу.

Көрнекілік:

1. Сабақтың тақырыбы безендірілген плакатқа жазылып, тақтаға ілінеді.

2. Мерекелік слайд.

3. Түрлі түсті шарлар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Оқушыларды тыныштандарып, бар назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбы таныстырылады.

Мұғалім:


Сәлеметсіздерме ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгінгі «Ару – ғұмыр» деп аталатын ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Сіздерді келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын! Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін елімізде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8 – наурыз мерекесі.

Қазіргі қалаларымыздың көптеген жерінде қар жатса да, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл көктемнің алғашқы мерекесі «8 – наурыз халықаралық әйелдер күні». Бұл мерекенің өзін көктемде болатындай сай етіп құйып қойғандай. Өйткені, көктем секілді әйелдердіңде мінезі жайдарлы және адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе? Бұл күнді барша халықта әйел – ананың, отбасының сақтаушысының даңқын шығарушы үлкен мереке ретінде атап өтеді! Бұл мерекенің шығу тарихына шолу жасап өтетін болсақ, 1908 жылдың 8 – наурызында өздерінің ауыр жағдайларына төзе алмаған Нью – Иорк қаласының еңбекші әйелдері шеруге шықты. Осы оқиғаны еске қалдыру мақсатында 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ Халықаралық конференциясында «8 наурыз - әйелдер күні» деп белгіленді. Сондықтанда ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, рухтандырады.

1 – жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және патша көңіл көрермендер! Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

2 – жүгізуші:

Еркелесем күнім дейтін,

Ұрысқанды білмейтін.

Маңдайымнан иіскеп мені,

Құлыншағым күнім дейтін – дей келе бүгінгі мейрамға тікелей ықпал ететін – ана! Сондықтанда барша аналарға мол бақыт шаттық өмір тілейміз!

1 – жүргізуші:

Уа, халайық халайық!

Мұнда назар салайық.

Мерекеге арналған,

Сайысты біз бастайық – дей келе бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтелік.

2 – жүргізуші:

Бұл сайыстың шарттары мынадай:

1 – тур: «Келіңіз танысайық!» - бұл турдың шарты әрбір топ өздерінің топ аттарымен таныстырады.


1 – жүргізуші:

2 – тур: «Кім көп біледі?» - бұл турдың шарты тақтада берілген ұяшықтарды таңдау арқылы, берілген сұрақтарға жауап беру.

2 – жүргізуші:

3 – тур: «Түсін мені» - бұл турдың шарты парта үстіндегі тапсырмаларды таңдау арқылы, қарсыластарыңа көрсетпей «мимикамен» түсіндіру.

1 – жүргізуші:

4 – тур: «Бәйге» - бұл турдың шарты экрандағы сөзден жаңа сөздер құрау!

2 – жүргізуші:

5 – тур: «Ал, сөйлеп көр!» - бұл турдың шарты әр топтан бір адамнан шығып, ауызға чупа – чупс салу арқылы таңдап алған жаңылтпашты оқу. Оны сөйлей алмағанша оқисыздар!

1 – жүргізуші: «Келіңіз танысайық!»

Бақ сынап кеште жарысар,

Білікті көппен табысар.

Әр тобымыз бір дастан,

Ерекше келіп танысар – демекші келе сайысымыздың алғашқы шарты – «Келіңіз танысайық!» турын бастайық.

Әрбір топ өздерін таныстырады.

2 – жүргізуші: «Кім көп біледі?»

Ал, енді танысып болсақ сайысымыздың келесі бөлімі «Кім көп біледі?» деп аталады. Бұл турдың шартын жоғарыда түсіндіріп кеткен болатынбыз. Сондықтанда әрбір топ кезектесіп экрандағы ұяшықтарды таңдау арқылы, оларда берілген сұрақтарға жауап беріңіздер!

Экрандағы сұрақтар:


1 – ұяшық:

Бұл қай өлеңнің шумағы?

Арулар әрбір үйдің шаңырағы,

От болып әрбір үйге жағылады.

Таң болып әрбір үйде аттыдағы

Сәуле боп әрбір үйге жамырады.

(Арулар – асыл жандар!)

1 – жүргізуші:

2 – ұяшық:

Наурыз айында қандай мейрамдар бар?

(«8 наурыз халықаралық әйелдер күні», «22 наурыз ұлыстың ұлы күні»)

2 – жүргізуші:

3 – ұяшық:

8 – наурыз «халықаралық әйелдер күні» деп қай жылы қабылданды?

(«1910 жылы»)

1 – жүргізуші:

4 – ұяшық:

Қыздарға байланысты мақал айтыңыз!

(«Қыз өссе - елдің көркі»)

2 – жүргізуші:

5 – ұяшық:

Апаңның анасының әкесі сізге кім болады?

(«Нағашы ата»)

1 – жүргізуші:

6 – ұяшық:

Нағашы атаңның қызы яғни анаңның сіңілісінің баласы сізге кім болады?

(«Бөле»)

2 – жүргізуші:

7 – ұяшық:

Екі ағайынды,

Екеуіде бір үйде

Бірін бірі көрмейді?

(«Көз»)

1 – жүргізуші:

8 – ұяшық:

Аналар мерекесі қашан?

(«8 – наурыз»)

2 – жүргізуші:

9 – ұяшық:

Музыкалық жолдау.

(«Жан ана»)


1 – жүргізуші:

(Жеңілген топ мүшелері өз өнерлерін көрсетеді)

2 – жүргізуші: «Түсін мені»

Жеңілген топ мүшелерінен бастайық, мына партадағы үлестірмелерді таңдап қарсыластарыңызға мимикамен түсіндіріңіздер. Жеңілген топ бірігіп өнер көрсетеді.

1 – жүргізуші: «Ал, сөйлеп көр»

Думан қызды,көрсетті ел өнерін

Жатыр небір айтылып сөз де керім,

Жаңылтпаш бұлағынан қанып ішкен

Көрсетсінші сайыскерлер өз өнерін.

Біздің сайысымыздың ең соңғы бөлімі «Ал, сөйлеп көр» деп аталады. Шартын түсінген боларсыздар. Сондықтанда мына үлестірмедегі жаңылтпашты таңдап, ең алдымен оқып шығып алыңыздар. Содан кейін ауызға чупа – чупс салып оқисыздар, сөйлей алмағанша.

2 – жүргізуші:

Міне сайысымыздың соңғы туры да аяқталды.

1 – жүргізуші:

Иә, шынымен аяқталғанына өзімде сенбей тұрмын. Күндерімізді жырласақ, баркүші мен білімін бізге арнаған, бар уақытын бізге бөлген аналар мен ұстаздардың еңбегі қаншама десеңші!

2 – жүргізуші:

Олай болса, оқушыларға арналған жүрек жарды тілегін сынып жетекшісі Гүлзира апайымызға береміз.

Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәріде арманына қолын созар.

Армандарың орындалсын нәзік жандар,

Бұйырса бақыт құсы сіздерге қонар. – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды.

1 - жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға

2 - жүргізуші: Ат салысып қатысқандарыңызға

Бірге: Көп-көп рахмет. Сау-сәлеметте болыңыздар!

3


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
355
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі