Тәуелсіз елімнің жол
басшысы –мұғалім
Мақсаты: Ұлағатты ұстаздармен сұхбат
жүргізе отырып, олардың озық тәжірибесіндегі ерекшеліктерін ,
бойындағы ізгі қасиеттерін жастарға үлгі ретінде
насихаттау.
Бағдарлама
қонақтары:
1.Асқар Сейсенұлы –№ 5 мектеп
–гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі, облыстық «Ұлттық
дәстүрді үздік насихаттаушы -2021»
2.Бақтыбай Пиралыұлы -№11
жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі,
республикалық «Үздік жыл педагогы -2021»
3.Майжан Жеткізгенқызы –ҚББ-де
қалалық оқу –әдістемелік орталығының директоры, республикалық
«Үздік педагог -2021»
4.Айнұр Аманжолқызы - №24
мектеп –лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
облыстық «Үздік сынып жетекші -2021»
Барысы:
Жақсы адамдардың ғибратты
ғұмыры, жақсы адамдардың текті болмысы, жақсы адамдардың жақсы жолы
менімен шай үстінде айтылады.Ал, мен бүгін шайға ұлы мамандық
иелерін –ұлағатты ұстаздарды шақырдым. Уақытсыз мезгілде уақыт
тауып, «Ару қызбен шай» бағдарламасының шақыртуын қабыл
алғандарыңызға алғысым шексіз.Шай демекші, шайды талғап ішпейтін
қазақ жоқ шығар. Соның бірі өзіміз, әрине. Сондықтан да бүгінгі
бағдарламамызда мен ұсынған кеседен шай іше отырып, әдемі бір
өнегелі әңгіме өрбітейік.
Әрбір оқу жылында сапалы білім
, саналы тәрбие беру жолындағы ұстаздың еңбегі өлшеусіз.Ол
еңбектерін елеу, ұстаз мәртебесін көтеру жыл сайын елімізде Білім
және ғылым министрлігі тарапынан қарастырылған. Сондықтан да әр
жылдың қорытындысы есебінде «Үздік педагог», «Үздік ұстаз», «Жыл
педагогы» деген сияқты атақ –даңқты номинациялар тағайындалады. Ол
номинацияға ие болу үшін ұстаздың еңбегі көріну керек.Міне, сондай
үлкен еңбектің иегерлері өздерінің үлкен істерінің нәтижесін көрген
, биік шыңға шыққан үздік ұстаздар алдымызда
отыр.
Бүгінгі біздің әңгімеміз
«Тәуелсіз елімнің жол басшысы –мұғалім» тақырыбында
болмақ.
Экранға назар аударайық.
(өмірдерек)
-Ортақ сұрақ болсын. Осы
ұстаздық ұлы жолды таңдауларыңызға не түрткі
болды?
-
Майжан
Жеткізгенқызы, алғашқы сұрағым сізге болсын,
сіз қазіргі таңда Қалалық оқу-әдістемелік орталығының директорысыз.
Менің түсінігім бойынша – мұғалім мамандығы жасандылықты қаламайды,
уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Оны барлық ұстаздар қауымы
біледі. Бірақ осыншама істі атқара жүріп, өзіңіздің бағындырып
жүрген биіктеріңізбен қоса, отбасылық өмірде де, тіпті көпбалалы
ана екенсіз, осының барлығын қалай ұштастырып
жүрсіз?
- Бақтыбай
Пиралыұлы , сіз қаламыздағы №11 жалпы
білім беретін мектептің физика пәнінің
мұғалімісіз.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстанның болашағы -
мектептен басталады» деген. Тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын
қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпаққа тиянақты білім беру
–бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет.Осы міндетті
жауапкершілікпен атқарып жүргеніңізді білеміз.Осы орайда, сізден
алған білімін дамытып, қоғамға араласып , елімізге үлесін қосып
жүрген шәкірттеріңіз бар ма?
-
Уақытыңмен санаспай,
бағытыңнан адаспай ұстаздық ете білу – бір
ерлік. Майжан
Жеткізгенқызы ,осы пікірді өзіңіздің
өрбіткеніңізді қалап отырмын.
-Асқар
Сейсенұлы , сіз қаламыздағы №5 мектеп
-гимназиясында көркем еңбек пәнінен сабақ бересіз. Сізге сұрақ
қоймастан бұрын экранға назар салайық. Осындай керемет туындылардың
шебері арамызда отыр. Кез –келгеннің қолынан келе бермейтін
шеберлік сіздің бойыңызға кімнен
дарыды?
-Сіздің әңгімеңізді тыңдай
отырып, мұндай шеберліктің аталарыңыздан бойыңызға дарығандығын
білдік. Ұстаз ретінде осы шеберлікті , осындай бұйымдар жасауды
шәкірттеріңізге үйрете алдыңыз ба? Әлде, туабітті қасиет керек пе
екен?
- Айнұр
Аманжолқызы , сіз №24 мектеп –лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімісіз. 2021жылдың «Үздік
сынып жетекші» атағын алуыңызбен құттықтаймын. Шығармашылық табыс
тілеймін. Бұндай марапатқа ие болу үшін қаншама еңбегіңіздің бар
екенін біліп отырмыз. Себебі, дегенге көне қоймайтын , өзіндік
пікірі бар балалармен жұмыс жасау, оларды бағындыру үшін белгілі
бір шеберлік керек. Өз сыныбыңызға сипаттама бере отырып,
тәжірибеңізбен бөліссеңіз.
-Жалпылама сұрақ болсын , осы
сәтте үздік ұстаздармен сұхбаттаса отырып, сіздердің озық
тәжірибелеріңіз көрермен жастарға қызық әрі маңызды екенін байқап
отырмын. Сіздердің биік белестерге жетулеріңіз әрине, шәкіртпен
бірге жүзеге асады. Оны жүзеге асыру үшін , шәкіртпен жұмыс жасау
үшін мұғалім мінезіндегі қаталдық керек
пе?
-Тосынсыйға қалай қарайсыздар?
Олай болса, сіздер үшін тосынсый болсын , экранға назар
аударайық.
-Әріптестеріңіздің жылы
лебіздерін тыңдап марқайып қалған боларсыздар. Ұстаз үшін еткен
еңбегің бағаланып жатса –бір бақыт, тәрбиелеген шәкіртің үлкен
белестерді бағындырып жатса –бір бақыт.
Сөзімнің
жалғасы іспеттес болсын , бақыт жайлы ойды біздің мектептің
шығармашыл оқушылары жалғастырсын. 10 –сынып оқушылары Оразбек
Нұрлыбай мен Тұрдықожаева Айзаданы ортаға
шақырайық.
Қадір Мырза
–Әлі «Бақыт» , Күләш
Ахметова « Бақыт
жайлы»
-Құрметті мамандықтың иесі
болып,ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсетіп жүрген, талай шәкірттердің
жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ұстаздар, сіздерге мың
алғыс!
-Сіздердің өнегелі , ғибратты
әңгімелеріңізді тыңдау арқылы көрермендеріміз рухани азық алды деп
есептеймін.Бүгінгі еркін сұхбаттарыңызға рахмет.Алдағы уақытта
жұмыстарыңызға сәттілік, шаңырағыңызға береке
тілейміз.
Осындай тамаша көңіл күймен
үйге барып, отбастарыңызбен осы бағдарламадан алған әсерлеріңізбен
бөлісіп,мен ұсынған тосаппен тәтті шай ішерсіздер. Келесі
кездескенше аман болыңыздар.
Бағдарлама қонақтарымен
естелік суретке түсу.
Қалалық көлемдегі «Ару
қызбен шай» бағдарламасы
«Тәуелсіз елімнің жол
басшысы –мұғалім»
Дайындаған:
бағдарлама
жүргізушісі
Жаукенова
Г.Ж
2021 -2022 оқу
жылы