400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Арулар асыл жандар "

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-анамен балабақша арасындағы байланысты нығайту, олардың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру. Ата-аналарды мерекелік шараларға тарту. Балалардың үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Арулар асыл жандар»

Мақсаты: Ата-анамен балабақша арасындағы байланысты нығайту, олардың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру. Ата-аналарды мерекелік шараларға тарту. Балалардың үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Жүру барысы:

Жүргізуші: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналарда небір туған балалар Ана деген тіршіліктің тірегі Армысыздар, қасиетті аналар!

Бар тіршілік әйелдерден жаралған

Бақыт, байлық тек солардан тараған

Ей, адамдар, алдыменен ендеше Барлығымыз бас иейік анаға.

Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.

Құрметті аналар, қонақтар! Қазақ даласында көктемнің жайма шуақ, жайдары күндерімен бірге келетін 8- наурыз мерекесі құтты болсын! Бүгінгі біздің аналар арасында өткелі отырған «Арулар асыл жандар » атты аналар сайысына қош келдіңіздер. Сәбилеріміздің бұлақтай таза пәк көңілдерін ешқашан кір шалмасын- деген мерекелік тіліктермен , еліміздің болашағын өмірге әкеліп, оны жақсы азамат етіп тәрбиелеп, тал бесігін тербетіп жүрген аналарымызды ортаға қошеметпен шақырамыз.

(Сайысқа қатынасушыларды таныстыру. )

Сайыстың бөлімдерімен таныс болыңыздар

  1. «Сәлем сөздің атасы» Өзін таныстыру.

  2. Өз өнері.

  3. «Ана көрген –тон пішер» (Үй тапсырмасы .Қол өнер)

  4. Сән үлгісі. ( Балаларын киіндіру)

  5. «Салт – дәстүрді білесің бе? (Сұрақтар)



Әділдікті бұл сайыста байқайтын

Туралықтан ешқашанда қайтпайтын

– деп осы аналарымызға әділ баға беретін әділқазылар мүшесімен таныстырайын

  1. Балабақша меңгерушісі: Сарсенғалиева.С.

  2. Балабақша әдіскері: Құрманшина .Г.

( Жеребе бойынша аналарымыз реттік номері анықталады. )

1-бөлім. Өзін таныстыру.

Аналар аман сау жүріңіздер

Ғұмырда бақытты өмір сүріңіздер

Жар салып таныстырып өзіңізді

Арнаумен бастаңызшы сөзіңізді – дей отырып 1- ші бөлімге кезекті береміз.



  1. Бөлім. Өз өнері.

Шалқытып мерекеде ән салайық

Өнерпаз аналармен тамсанайық

Өнердің аспанында асқақтасын

Күміскөмей, әнші, биші аналарды қарсы алайық. Өздерінің өнерлерін көрсетуге аналарымызды қарсы алайық.

3-бөлім. « Ана көрген топ пішер»

Ақ жаулықты аналар Ақылы теңіз дария Қолдарымен өнарді Текемет, киіз, құрақ құрайды.

Аналарымыз өздері дайындаған бұйымдарын қазылар алқасына көрсетеді.

4-бөлім Сән үлгісі.

Көйлек киіп әдемі

Тамсандырам елімді

Түрлі-түсті сән көйлек

Көз тартады не керек - демекші келесі кезекті сән үлгісіне береміз.



  1. бөлім. «Салт- дәстүрді білесің бе?» - бұл бөлімде аналарымыз сұрақтарға жауап береді.

Қазылар алқасының шешімімен аналарымызға «Биші ана» , «Әнші ана», «Сұлу ана», « Шебер ана » «Ең жас ана » номинациялары бойынша марапатталды.

Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау - саламат болыңыздар!

Аналарымызға өмірде де толағай табыстар тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!







































































3. Ал келіңдер, келіңдер,
Мұндағы қызықты көріңдер.
Бір - біріне дес бермес
Тапқырларды көріңдер.
Мұнда бір парақ қағазда неше түрлі сөз берілген. Осы сөздерді ым - ишарамен түсіндіру.(уақытқа)
А) Айна, кітап, есік, домбыра, жұлдыз, алма, кастроль, көйлек, түйме, құс, пакет, сөмке, Мен сенімен доспын.
Ә) Сабын, желім, төсек, скрипка, түн, сарымсақ, пышақ, аяқ киім, ине, камаз, жұмыртқа, теледидар, Сен мені күтесің бе?
Б) Тарақ, қалам, терезе, гитара, бұлт, арбуз, қайшы, бас киім, замок, тікұшақ, көз әйнек, компьютер, Мен сенімен дос емеспін.
В) Су, қарындаш, орындық, барабан, күн, картоп, қасық, куртка, жіп, трактор, түйе, сақина, Екеуміз бірге қайтайық.

Жиенқұрық (салт)- Қыздан туған балалар «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын, яғни «жиенқұрық» алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай үш рет беруге міндетті. Халық жиенді ренжітпей «жиен назары жаман» деп еркелетіп ұстаған.



Сауын салу(салт)- Малы жоқ адамдар ауқатты адамдардың малының сүтін пайдалану үшін «сауынға» деп белгілі бір мерзімге дейін сауа тұратын бие немесе сиыр сұрап алады. Сауын алушы өзі алған малының төлімен аман әкеліп тапсыратын болған.



Бәсіре - қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп аталатын , ен салынған мал.



Тоқымқағар- жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүр. Мұндайда арнаулы мал сойылып немесе сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады.



Сыралғы- олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан , саятшыдан кездескенде сұралатын жоралғы. Мәрт аңшылар мұндайда сұрағанның сөзін жерге тастамайды.



Бастаңғы- Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналады. Бостаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын-сауық жасап бас қосуы.



Ерулік- Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі