жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Арулар –асыл жандар,шуақ боп шашылғандар
Мақсаты: 1. Білімалушыларға аналарымыздыңеңбегі мен қоғамдағы орны
туралы түсінік беру.
2. Балалардың сөз өнерін, шығармашылық өнерін дамыту.
3. Жас ұрпақты ананы қастерлеуге, қорғауға, сүюге,мақтан етуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
«Анашым
қартаймашы...»
презентациясы, қанатты сөздер,
бейнероликтер: «Тұмар Патшайым», «Әспеттер ханшайым»,
«Анам айтқан жалған сөздер», «Ата-анаңды аяла!»,
«Ана мен бала махаббаты».
Барысы:1.Ұйымдастыру
Мерекеге сай безендірілген акт залы
2.Кіріспе.(Мұғалімнің құттықтау сөзі)
-Армысыздар аяулы асыл аналар, ардақты ұлағатты ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен гүл көктемнің мерекесі - 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл бір қолымен бесікті, екінші қолы мен әлемді тербеткен аналардың, әжелердің, қыздардың төл мерекесі құтты болсын. Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз, әрдайым жүзіңізден қуаныш күлкісі кетпесін. Ұл-қыздарыңыз дайындаған «Арулар –асыл жандар,шуақ боп шашылғандар» - атты мерекелік әдеби-музыкалықкешімізге қош келдіңіздер!
Негізгі бөлім.
І Ана –өмірдің шуағы
Көрініс: «Періште мен бала»
1-жүргізуші
Армысың, ару қыздар, абзал ана!
Анаға тең келетін бар ма дана?!
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын!
Қуанышпен құшақтарға көңіл толсын!
2-жүргізуші
Жадырап тұр бүгінде берекеміз,
Бір тамшы білімді көл етеміз.
Еңбегіңіз әрдайым жемісті боп,
Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз
Ән: «Ана туралы жыр». хор
Сөзі: Ғафу Қайырбеков.
Әні: Шәмші Қалдаяқов.
Жүргізуші-1:
- Ананың тілі,ананың махаббаты,ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан қазына емес пе? Па,шіркін ,ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді .Шырылдап жерге түскен –ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың,ең бір ұстазың бар. Ол-а н а: Қара жерді баспай жатып,есіңді білмей жатып,тырмысып бауырына жабысатының ,шырылдап , уанбай,жылап іздейтінің-а н а. Сен жан болып дүниеге келдің.
Жүргізуші-2
-Сенің іздейтінің бір-ақ жан Ол-а н а. Ол саған бәрінен де қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің.
Ол- а н а!
-Ана деген сөздің өзі ыстық.Ана десе толқымайтын жүрек,тасымайтықан,сезбейтін сезім болуға мүмкін емес! Мен білетін қазақ әйелі –қазақпын дейтін қара көз ,қара баланың анасы,сенің жүрегің нәзік,сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік
(Б.Бұлқышев «Ана»)
№ 1 Ана
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай үүл бақтың.
Мен өзіңмін қайда барсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жарқырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым!
(Мұзафар Әлімбаев).
№2 Ана.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,
Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,
Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды.
Еркелесем бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
( Қадыр Мырзалиев).
№3 Ана дейміз -бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді- жас сәби де аңқылдап.
Ана деген- бәйтерегі өмірдің,
Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О , адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
№4 Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Өмірде ана – бұлақ, ана – пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ана! Ол – біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанына
Ана деп біздің халық текке айтпаған.
№5 Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Ана деген- адамзаттың анасы,
Ана деген – сәбилердің панасы.
Ана деген – жарық жұлдыз, шырағың,
Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген - өмірдегі қамқорың,
Ана деген – сүйенерің, жан құрбың.
Ән:»Анашым қартаймашы»
ІІ. . Тарих толқынына саяхат. «Сен білесің бе?»
1. Бейнеролик «Тұмар Патшайым».
2. Бейнеролик «Әспеттер ханшайым».
Би. «Сақ патшайымы» орындайтын бишілер тобы
Жүргізуші-1:
-Ана, Ана, Ана... Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді! Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?! Дүниеге келіп, көзіңді ашып көретінің – Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтын да – Ана. Тек жақсылық тілейтін де – Ана. Ана – біз үшін пана, дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ.
Жүргізуші-2:
Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының өшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екнін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.
№6 Аналардың ғұмыр жасын ұзақ қыл
Қауіп-қатер қасіретке тұзақ құр
Бала үшін жыламасын бір ана
Онсызда ол сан азапқа шыдап тұр
Ана,бала көздің ақ пен қарасы
Бір-бірінсіз таусылмайтын шарасы
Әр ананы арманына жеткізер
Әр баланың ақылы , ары санасы
Ана-бала,бала-ана бір ұғым
Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің бірге өтсін уақыты
ІІІ . Балалар парызы. «Анаға құрмет».
1. Бейнеролик «Анам айтқан жалған сөздер».
2. Бейнеролик «Ата-анаңды аяла!».
Ән: : «Сенің анаң алтын»
Би :»Қара жорға»
ІІІ.Ана деп ән салам
1-жүргізуші.
Аналардың ғұмыр жасын ұзақ қыл
Қауіп -қатер қасіретке тұзақ құр
Бала үшін жыламасын бір ана
Онсызда ол сан азапқа шыдап тұр
2-жүргізуші
Ана-бала,бала-ана бір ұғым
Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің бірге өтсін уақыты
1-жүргізуші.
Қиыннан қиысады сөз сарасы
Адамзаттың бар болар көз қарасы
Әзіл-қалжың, көрініспен тамсандырып
Ұл-қызымыз шырқатып ән салады
2-жүргізуші:
Бұл мереке,бұл тойға
Ақ сандықты ашайық
Аналарды құттықтап
Әннен шашу шашайық!
(Білім алушылардың өнерін тамашалау. Аналарына құттықтау жолдау)
ІҮ. Қорытынды:
1-жүргізуші
-Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының өшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екнін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.
2-үргізуші. Әуезі ән, жаны раушан, күй жүрегі,
Шел басқан сезімді де идіреді.
Келгенде арулардың мерекесі,
Гүл майысып, аспанымды күн күледі.
1-жүргізуші Той тойлап дала менен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтап жатыр міне балаларың.
2-жүргізуші:Аналарымыздың адал пейілі мен әз махабатынан бастау алған ізгі істердің барлығы қуаныш пен шаттыққа апарады. Сол бақытты шақтар мен баянды тірліктердің дем берушісі - Аналардың мейрамы қырдың гүлін ашып, жырдың тиегін ағытсын. Мерекелеріңіз құтты болсын, Аналар!
Жүргізушілер
Орасақ та жәннәт ішік, құндызға,
Баласақ та айға, күнге, жұлдызға, бірге
Ана соның бәрінен де ардақты,
Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға
-Барша аналарымызға,ару қыздарымызға мың алғыс!!!
Хор: «Мама»әні

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген