Материалдар / Арыстан мен тышқан ертегісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Арыстан мен тышқан ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегіні оқып таныстыру, ертегі мазмұнын түсініп, өз ойларын жеткізе білуге қамқор болуға, арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың бір-біріне шыншылдыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2023
387
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «Дария Марс»Мектеп бөбекжай бақша кешені.

Тәрбиеші: Исаева Бибаиша Намылевна

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта  

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Арыстан мен тышқан ертегісі. Авторы: Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Мақсаты: үйрету. Балаларға ертегіні оқып таныстыру, ертегі мазмұнын түсініп, өз ойларын жеткізе білуге қамқор болуға, арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың бір-біріне шыншылдыққа тәрбиелеу.        

Сөздік жұмыс: қайырым, кәдеге жарармын.

Жеке жұмыс: Нұрасылғы ертегі сөздерін байланыстырып айта білуге үйрету.

Керекті құралдар: Арыстанмен тышқанның суреті,слайд.

Әрекет  кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

  Мотивациялық

 қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Кел, балалар ендеше
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме!

 Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы тілектер айтады.

Іздену ұйымдастырушы

Ұйымдастыру.

Балалардан жыл мезгілін, ай, апта күндерін сұрау.

Күз мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелетіп, тақпақтар сұрау.

- Балаларға күз туралы көркем сөз оқу.

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

- Балалар айтыңдаршы, бұл өлеңде қай мезгіл туралы айтылған?

Дұрыс балалар күз мезгілінде неше ай бар?

- Қазір қайсы ай?

- Күз мезгілі туралы ерекшеліктерді кім айтады?

- Күзде ауа райы қандай болады?

- Ағаштардың жапырақтары қандай түсте болады?

- Құстар қайда ұшып кетті?

- Күз мезгілі туралы тақпақ білесіңдерме?

Күз мезгілі туралы слайд көрсету

Өткен тақырыпты қайталап, еске түсіру, сұрақтар қою. Тақырыбы: Менің елімнің рәміздері.

- Қазақстан республикасының қандай рәміздері бар?

- Жалаудың түсі қандай?

- Елтаңбада ненің суреттері бейнеленген?

- Гимнді орындағанда қолымызды қай жаққа қоямыз?


 Балалар жыл мезгілдерін,ай аттарын, апта күндерін, күз туралы тақпақтарды қайталап айтады.

 

 

Күз

 

3 ай

Күн салқындай бастайды, жаңбыр жауып, ағаштардың жапырақтары сарғайып түсе бастайды.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

 

 

Ту, Елтаңба, Гимн

Көк түс

Шаңырақ,Тұлпар.

Оң қолымызды сол жақ кеудеге қоямыз.

 

Жаңа тақырыппен таныстыру

- Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдерме?

- Қандай ертегілерді білесіңдер?

Дидактикалық ойын: «Ненің даусы?»

Мақсаты: Балалар әр түрлі аңдардың дауыстарын тыңдап, қандай жануар екенін табады.

Жұмбақ айту.

Айбарлы түсі бар,
Қанжардай сұсы бар.
Күжірейген жалды
Білсең айт бұл аңды?

Дұрыс балалар: Арыстан-азулы аң патшасы .Ол орманда өмір сүреді. Арыстан ашуланғанда күркіреген дыбыс шығарады.

- Біз бүгін Арыстан туралы қызықты ертегі, «Арыстанмен тышқан»-деген ертегсімен танысамыз. Ендеше мұқият тыңдаймыз.

                        Арыстан мен тышқан

Ерте, ерте, ертеде, орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. 

Арыстан ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:

-Тақсыр, мені өлтірмеңізші,бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні менде бір кәдеңізге жарармын-депті.

Арыстан оның сөзіне күліп,

- Сен кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың-деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс   қуанып, «арыстан досым»-деп жүгіріп ойнап кете барыпты.

Күндердің күнінде арыстан жортып, ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты.

- Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.

Арыстан оның сөзіне күліп:
- Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты.

Балалар жаңа тақырыппен танысады.

иа

Балалар аңдардың дауысын ажыратады.

 

 

Жауабы:арыстан

Рефлексті коррекциялаушы

Шарқ ұрып, тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:

- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің.

- Міне, сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.

Сергіту сәті

Орманға біз барамыз
Ағаштарды аралап
Арыстан болып ақырып,
Тышқанша біз жүреміз.

Ертегіні көлеңкелі театр арқылы көрсету.

Арыстан қандай екен?

Тышқан қандай?

Қорытынды:

Балалар ертегі сендерге ұнадыма?

- қандай ертегімен таныстық?

- сендер тышқанның орнында болғанда не істер едіңдер?

Балалар сергіту сәтін жасап, берілген сұрақтарға толық жауап бере білді.

 

Жыртқыш, мақтаншақ, ашушаң, ызаланғыш, тышқанды өлтірмекші болды.

 

 

 

Тапқыр, ақылды, арыстанмен ойнады, арыстанға жалынды, арыстанды құтқарды, торды тісімен қиды.

 

Ия

Арыстан мен тышқан ертегісі

 

Қандай жағдай болсада көмек беруге тырысамыз.

Иа ұнады

Арыстанмен тышқан ертегісі

Қандай жағдайда болсада біз бір-бірімізге көмектесуіміз керек

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегіні тыңдай отырып, түсінгендерін әңгімелей біледі.

Игереді: арыстанның тышқанды менсінбегенін,кейін тышқанның көмек бергенін түсінді.

Меңгереді: балалар өз ойларын еркін жеткізе білді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!