жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Арзан қымбат
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: математика Бағдарламаға сілтеме «Тағам және сусын» 1.2 Сандармен амалдарды орындау Ақшаны қолдану
|
№69 мектеп/ гимназия 1-сабақ Тақырып: Ақша.Теңге
|
||
|
1 сынып ІІІ тоқсан |
Мұғалім |
||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты Оқулық 80,81-беттер. Жұмыс дәптері: 75-ж. п,77-бет.76-ж. п,78 -бет. |
1.1.2.11 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды таниды, белгілі бір соманы монеталармен төлейді және айыра біледі.
|
||
|
Сабақ мақсаты |
Қазақстанның ұлттық валютасы– теңге жайында түсінік қалыптастыру. «Ақша», «монета» ұғымының мағынасын ашу. Теңгелік монеталарды бір-бірінен ажырата отырып сипаттау. Ақшаның адам өміріндегі орнын түсіну. |
||
|
Жетістік критерийлері |
«ақша», «монета» жайлы түсінеді; теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратып сипаттауды; ақшаның адам өміріндегі орнын түсініп, меңгереді. |
||
|
Тілдік мақсат |
ақша; теңге; монета |
||
|
Алдыңғы сабақта |
Әртүрлі есептерді шығару |
||
|
Сабақтың барысы |
|||
|
Белгіленген уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Дереккөздер |
|
|
Сабақтың басы ҚР-ның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08:00-ден бастап ҚР-ның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілді. Теңгенің дизайні Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді. Әрбір монетаның үстіңгі бетінде ортада бедерлішеңбер ішінде монетаның құнын білдіретін сан және теңге сөзі жазылады. Мысалы: жүз теңгелік монетада “100 ТЕҢГЕ” деген жазу екі жолға орналастырылған. Айналдыра үстіңгі бөлігінде сегіз бұрышты өрнекпен, сол жақта “ҚҰБ” деген жазумен, оң жақта Қазақстан теңге сарайының тауар белгісімен бөлінген ұлттық оюөрнектің үш элементі бейнеленген.Айналдыра бедерлеп жиектелген. Монетаның сырт жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін уақыты көрсетілген“2002”. Айналдыра мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ” деген жазу орналастырылған. Жазу мен бедерленген жылы бедерлі нүктелермен бөлінген Сабақтың ортасы |
Ішінде теңге монеталары (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг) бар сөмкені алып, монеталар дыбыс шығаратындай сөмкені қозғап қағу. Сөмкенің ішінде не бар? Ақшаның не үшін керек?Сөмкенің ішінде ақшаның қандай түрлері жатқанын білгілері келе ме ? Оқушылардың әрқайсысына сөмкеден бір монетадан ал. Қолдарындағы монета көмегімен топтарға бөлінуді сұраңыз. Олар монеталарды тани ма және олармен не істеуге болатынын сұру. (Жауаптарын тыңдау.) Оқушыларға өздерінің топтарына «ақшаның» атын бергізу. Топтарға өздерінің аттарын дауыстап айтқызып, қалғанына қандай монета тигенін тапқызу. Қалған уақытта оларға осы монеталарымен не істеуге болатыны жайлы бір-біріне айтқызып талдату Монеталар. Монеталардың түрлерін, өлшемін және пішінін әртүрлі етіп шығаратыны туралы оқушылардың болжамдарын тыңдау. Ең кіші монета қайсы және онда қай сан жазылған? Және сол сияқты ең үлкен монета қайсы екені туралы сөйлесу. 1 мен 20 сандарын салыстыртыңыз. Монеталардың арасындағы айырмашылықты түсі мен пішіні арқылы қалай көрсетілгені туралы талдату. Олармен эксперимент жүргізу. Көздерін байлап, қолдарына алған монетаның қай монета екенін тапқызу Монеталарды салыстыр. Оқулықта салыстыруға берілген монеталар түрін оқушыларға монеталардың ішінен тауып, оларды қатар қойып, салыстыру. Оқушылардан не байқағандарын сұрау. -Барлық монеталар бірдей ме? (Жоқ, олар әртүрлі.) Монеталарды қандай белгілеріне қарап салыстыруға болады? (Түсіне, жасалған материалына, өлшеміне және пішініне, монетадағы жазылған санына қарай.) – Қай монета өлшемі бойынша ең кіші? (1 теңгелік) – Монеталарды қандай топтарға бөлуге болады? Қандай белгілері бойынша? (Түсі және жасалған материалы бойынша.) Әрбір монетаны көрсетіп талқылағаннан кейін, оларды құнына қарай рет-ретімен қойып шығыңдар. Не байқадыңдар? 1 тг мен 10 тг, 5 тг мен 20 теңгелік монеталардың көлеміне, ондағы жазылған цифрына, суретіне назар аударайық. Қай монетаға көп зат сатып алуға болады? Шығарып көр. Қосымша 7 теңге 6 теңгеден қаншаға артық екенін және 8 теңге 6 теңгеден қаншаға артық екенін 1 теңгелік монеталар көмегімен анықтау. Жауабы: б) 3 тг + 1 тг + 4 тг = 8 тг; в) 4 тг + 1 тг + 1 тг = 6 тг; г) 2 тг + 3 тг + 2 тг = 7 тг. Орындап көр. Жұп сандарды монеталардың құнын көрсету үшін қолдана ма? Сондай монеталарды табу керек? 2 тг, 10 тг, 20 теңгенің жұп сандар. Ал жұп сандардың жартысын оның сандар қатарындағы орнына қарай анықтайтындарын еске түсірейік Мысалы: 10 бесінші жұп сан, сондықтан оның жартысы 5, олай болса 10 тг-нің жартысы 5 тг болады т.с.с. Сен білесің бе? Теңгеміздің туған күні – 15 қараша екеніне оқушылардың назарын аудартыңыз. Теңгенің шығу тарихына қысқаша тоқталып өту. Әр мемлекеттің өз валютасы барын айту. Ол жайында не білесіңдер?
«Сөйлемді аяқта» ойынын ұйымдастыру. Жүргізуші ақшаны біз не үшін қолданамыз деп сөйлемді бастайды, ал оқушылар оны жалғастырады. Мысалы -Азық-түлік сатып алу үшін, бізге ... керек. (ақша) – Қымбат емес заттарды сатып алу үшін, біз ... қолданамыз. (монеталарды) -Ресейдің ақшасы «рубль» деп аталады, ал Қазақстанның ақшасы «...» деп аталады. (теңге) |
Оқулық
1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг номиналды монеталар; • монеталары бар әмиян.
Жұмыс дәптері |
|
|
Сабақтың соңы Рефлексия
|
Қосымша тапсырмалар Монеталарды тап. Оқушылар суреттен әртүрлі номиналды құндылықтағы монеталарды таба алады. Одан ары олар әр номиналды құндылықтағы монеталар санын санады да, олардың санын сәйкес келетін бос торкөздерге жазады. Заңдылықты сақтап, монеталарды орналастыр. Бірінші қатарда монеталар өсу ретімен, екінші қатарда кему ретімен орналасады. Монеталар. Теңгелерді тани отырып, өсу ретімен сызықтармен жалғастырып қосады |
|
|
|
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз? Оқушылар сабақтың соңында: -Теңгелік монеталарды өсу ретімен айт (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг). -Теңгелік монталарды кему ретімен айт (20 тг 10 тг, 2 тг, 5 тг, 1 тг). -10 теңге мен 20 теңгені бірге алса, қанша ақша болады? -Қазақстан теңгелерін қандай белгілері бойынша салыстыруға болады? Жұмыс дәптеріндегі «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау |
Пәнаралық байланыстар Дүниетану. Ғылымға кіріспе: «Ақша, монеталар» жайлы таныстыру. |
|
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: математика Бағдарламаға сілтеме «Тағам және сусын» |
№69 мектеп/ гимназия 3-сабақ Тақырып: Баға 4.1 Математикалық тіл және математикалық модель |
|
|
1 сынып ІІІ тоқсан |
Мұғалім |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты Оқулық 84,85-беттер. Жұмыс дәптері: 79-80-ж. п,79 -80 бет. |
1.4.1.12 «Баға», «мөлшер» ұғымдары туралы түсінігі болу
|
|
|
Сабақ мақсаты |
Монеталармен белгілі бір соманы құрастыру. Монеталардан белгілі соманы түрлі әдістермен құрастыруға жаттығу. |
|
|
Жетістік критерийлері |
|
|
|
Тілдік мақсат |
Сома,ақша, теңге, монета |
|
|
Алдыңғы сабақта |
Монеталар |
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Белгіленген уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Дереккөздер |
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Ойын Жұмыс дәптері |
Психологиялық дайындық Заттардың бағасын сұрау. -Бәліш неше теңге тұрады? -Пица қанша тг тұрады? -Сусын неше теңге тұрады?
Т.Ойын. «Дәмхана». Дәмханадағы үстелдің үстіне ас мәзірін қою. Тағамдардың пластмасса модельдері мен суреттеріне бағалары жазылған кеспеқағаздар жапсырылып тұрады. - Бүгінгі сабақта дәмханада болады. Дәмханадан алған белгілі бір тағам түріне ақысын монеталармен төлейміз. –
- Бағасы «68 тг» тұратын самсаға қандай монеталарды пайдаланып, даяшымен қалай есептесесің?
Жауаптарын сыныпта талқылау барысында белгілі соманы әртүрлі әдіспен алуға болатынына көздерін жеткізу. Мысалы, 30 теңгені алу үшін монеталардан мынадай комбинациялар жасауға болатынын құрастырып көрсетулері тиіс: 20 теңге, 10 теңге. Немесе 10 теңгелік – 3 монета және т.с.с. -Берілген соманы әртүрлі монеталар арқылы бірнеше тәсілмен жинауға болады. Ө.Белгісіз монеталар. Жауаптарын ламинатталған қағаздарда жазу. Өзара тексереді . Тапсырманы орындауда қиындыққа кездескен оқушыларға нақты монеталар немесе муляждарды қолданып орындауды ұсыНУ. Жауабы: а) 11 тг = 10 тг + 1 тг; 11 тг = 1 тг + 10 тг; 11 тг = 5 тг + 1 тг + 5 тг; 11 тг = 5 тг + 5 тг + 1 тг; б) 15 тг = 10 тг + 5 тг; 15 тг = 5 тг + 5 тг + 5 тг; 15 тг = 5 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг. Ж.Орындап көр. - Шырын қанша тұрады? -Шырынды сатып алу үшін, қандай монеталарды қолдану керек? -Ол үшін монеталардың қандай комбинациясын қолдануға болады? Бір-бірінің жауаптарын салыстыру.
Жауабы: 80 тг = 20 тг + 20 тг + 20 тг + 20 тг. 80 тг = 10 тг + 10 тг + 20 тг + 20 тг + 20 тг т.с.с.. Ауызша орындау.Ойлан. Алдын ала «қымбатырақ» немесе «арзанырақ» дегеннің не екенін талдату. Есепте суреттелген жағдайды ойнату. Жауабы: Жандос сурет салатын альбом сатып алмақшы. Дүкендегі бір альбом 90тг, ал екіншісі 80 теңге тұрады. Альбомдардың қайсысы арзан тұрады? Неге? «Аукцион» Барлық оқушыларға тауар сатып алу үшін ақша тарату. Әр оқушыға беретін ақшаның сомасы әртүрлі. Мысалы біреуіне сомасы 15 тг, екіншісіне 23 тг, үшіншісіне 26 тг т. с. с. болатын монеталар жиыны. Оқушыларға аукционда (аукцион туралы алдын ала түсінік беріп кету) әдемі ойыншық қонжық сатылатынын хабарлау. Оның алғашқы бағасы – 1 тг. Қонжықты кім сатып алғысы келеді. Оқушылардың ұсынысына қарай бағаны өсіру. Қонжықты жоғары баға берген балаға «сату». Осылайша саудалау. Ең жоғары бағаны айтып, затты сатып алатын оқушы өзінің қолындағы ақшаның жиынын айтады. Мысалы: менің қолымдағы монетаның сомасы – 12 тг.Ол мынадай теңгелердің сомасын құрайды.Мыс:1тг-ден 10 және 2 теңге т.с.с Қанша тұрады? Оқушылар монеталардың сомасын санау арқылы әр заттың бағасы қанша тұратынын анықтай алады. Олар шыққан соманың мәнін баға жазатын қағазға жазады. ЖАУАБЫ : Пенальдің бағасы-90тг. Циркульдің бағасы – 50 тг Ойыншық мәшиненің бағасы-20тг. Ө.Дүкенде. Оқушылар жұмыс парақтарындағы кескінделген заттардың бағасына сүйене отырып, тапсырмадағы сұрақтарға жауап бере алады. Мәшиненің бағасы – 50 теңге, қарындаштың бағасы – 5 теңге, дәптердің бағасы – 20 теңге, шоколадтың бағасы – 10 теңге, қоянның бағасы – 90 теңге.Бағасы бірдей заттар мен бағасы ең төмен затты анықтайды. |
Оқулық «Дәмхана» деген жазуы бар үстел; орындықтар; асхана жабдықтары; сүлгі; тағамдардың пластмасса модельдері және суреттері; бағалары жазылған кеспеқағаздар; әртүрлі номиналды монеталардың бірнешеуі (монеталар көшірмесі қатырма қағаздан қиылып дайындап қойылады).
Жұмыс дәптері |
|
Сабақтың соңы Рефлексия |
-Маған сабақта............ ұнады -Маған сабақта............. қиын болды |
|
|
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексеремізх? -Белгілі бір соманы жинау дегенді қалай түсінесің? – Баға деген нені көрсетеді? -Бағасы 16 тг тұратын затты сатып алу үшін, қандай монеталарды пайдаланар едіңдер? -Әмияныңда 80 теңгең бар болсын. Осы ақшаны пайдаланып, мына заттардың ішінен қайсысын сатып алар едің? -Заттар: кітап 90 тг, қалам 50 тг, қарындаш 10 тг. (Жауабы: қалам – 50 тг, қарындаш – 10 тг) Жұмыс дәптеріндегі «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау |
Пәнаралық байланыстар Дүниетану. Ғылымға кіріспе: «Ақша, монеталар» жайлы таныстыру. |
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: математика Бағдарламаға сілтеме «Тағам және сусын» 4.1 Математикалық тіл және математикалық модель |
№69 мектеп/ гимназия 2-сабақ Тақырып: Монеталар |
||
|
1 сынып ІІІ тоқсан |
Мұғалім |
||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты Монеталар,82,83беттерЖұмыс д Монеталар, 77-78 жұмыс парағы, 79-80 бет. |
1.1.2.11 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды тану, белгілі бір соманы монеталармен төлеу, және айыра білу. |
||
|
Сабақ мақсаты |
Теңгелік монеталардың құнын түсіну, бір-бірімен салыстыру арқылы номиналы қымбатырақ монетаны номиналы арзан монетадан ажырата білу. |
||
|
Жетістік критерийлері |
• теңгелік монеталарды номиналдық құны бойынша бір-бірінен ажырата білуді меңгереді |
||
|
Тілдік мақсат |
Сома,ақша; теңге; монета |
||
|
Алдыңғы сабақта |
Ақша.Теңге |
||
|
Сабақтың барысы |
|||
|
Белгіленген уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Дереккөздер |
|
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы |
Ақшаның металдық теориясы – капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде әлемдік ақша ретінде таныды. Монетаның отаны болып Лидия мемлекеті есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.з.д.VII ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон-Монета храмы атымен байланысты, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы болған. Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалған монеталар жатады. Металл ақшалар әртүрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады. Т.Кіріспе тапсырма. Әр топқа ішінде номиналы әртүрлі монеталары бар қапшықты беру. Монеталарды қапшықтан алып, номиналы бойынша ең кішісінен үлкеніне қарай орналастырыңдар. Олардың орналасуына қарай құндары бойынша қандай айырмашылығы бар?. «Монеталар пойызы» ойыны. Әр топқа құндары әртүрлі жеті монетаны алыңдар. (Мысалы: 1тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг, 50 тг, 100 тг) Алдарына пойыздың вагондары сияқты 1-ден 7-ге дейінгі сандармен нөмірленген тіктөртбұрыш пішінді конверттер таратып беру. Теңгелерді құны үлкенінен кішісіне қарай конверттердің ішіне салыңдар. (Топтардың арасында тексеру жұмысын жүргізу, дұрыс орналастыра алмаған оқушыларға жеке түсіндіру.) Одан кейін теңгелерді вагондарға номиналдары бойынша кему ретімен орналастырыңдар. Кему ретімен санаңдар. (20 тг, 10тг, 5тг, 2 тг, 1 тг.) Ең соңғы вагондағы монетаны айт. Яғни номиналы 1 тг болатын монета құны бойынша ең кішісі . -5 тг мен 20 тг орналасқан вагонның ортасында номиналы қандай монета орналасқан? 10теңгелік монета -Номиналы 5 теңгелік монетаның екі жағында неше теңгелік монеталар бар? (2 теңгелік және 10теңгелік монеталар) -1 теңге мен 10 тг орналасқан вагондардың ортасында қандай монеталар бар? (2 теңгелік және 5 теңгелік монеталар) Cұрақтар арқылы талдау жасаған соң, мынадай қорытынды жасатыңыз: «Номиналы кіші монетаның құны – төмен, ал номиналы үлкен монетаның құны – жоғары болады.» Ө.Әмияндағы монеталар. Монеталардың номиналды құнына қарап салыстыру керектігін ұсыну. Оқушыларды әмияндағы монеталар саны тең болғанменен, ондағы ақшаның саны тең емес . Нәтиже қандай номиналды монеталар салыстырылуына байланысты болады. Жауабы: 5теңге < 10теңге; 10теңге < 20 теңге; 1тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг < 2 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг, олай болса 5 тг < 10 тг. Ж.Монета қанша? «1 теңгелік он монетаның құны 10 теңгелік бір монетаға тең болады» деген тұжырымға да тәжірибелік жолмен келуін ұйымдастыру. Осы тұжырымды басшылыққа алып, келесі тапсырманы орындатыңыз. Неше 2 теңгелік монета 10 тг болатынын алдарында жатқан монеталарды пайдаланып, орындатыңыз. Жауабы:2 теңгелік 5 монетаның құны-10 тг; 10 теңгелік екі монета-20тг;5теңгелік екі монета-10 тг. Ө.Орындап көр. Бірінші қатардағы монеталар өсу ретімен орналасқан, ал екінші қатардағы – кему ретімен. Оқушылар қатардағы заңдылықтың бұзылуын тауып, монеталарды дұрыс заңдылықпен орналастыруы керек. Т.Шығарып көр. Берілген тапсырмада 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг монеталарының бір түрінен неше рет алып, 20 теңге Ойын.«Менің орным қайда?» Әр оқушының қолында монетаның бір түрі ғана болады. Нұсқау бойынша оқушылар өз тобын және өз орнын табуы керек. Сыныптың әр жеріне 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг деп жазылған кеспеқағаздар ілінеді. Шарты: «Құны ең кіші монета» дегенде оқушылар 1 тг деп жазылған кеспеқағаз ілінген жерге барып тұрады. «20 тг мен 5 тг-нің арасында орналасатын монета» дегенде 10 тг деп жазылған кеспеқағаз тұсына барып тұрады. «Құны ең үлкен монета», «10 теңгенің жартысы болатын монета», «жартысы 10 теңге болатын монета» т. с. с. нұсқаулар бойынша оқушылар орындарын тауып тұрады. Монеталардың номиналды құнын анықта. Монеталар мен олардың номиналдық құны жазылған сөздерді сәйкестендіру арқылы монеталарды ажырату дағдыларын бекітеді. Суретте берілген монеталарды салыстыр. Номиналдық құны кіші болып келген монеталардың бір түрінен бірнешеу алып, номиналдық құны үлкен бір монетамен салыстырады. Монеталардың суретін сал. Тапсырма логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Қатар бойынша және баған бойынша номиналдық құны бірдей монеталар қайталанбауы керек. Жауабы: 5тг 10тг 20тг 10тг 20тг 10тг 20тг 5тг 5тг |
Оқулық теңгелік монеталар; монеталардың қатырма қағаздан қиылған көшірмесі; 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг түрлерінің әрқайсысынан бірнеше дана.
Жұмыс дәптері |
|
|
Сабақтың соңы Рефлексия
|
-Номиналдық құны бойынша ең кіші монета қандай? -Номиналдық құны бойынша ең үлкен монетаны ата. -Монеталарды номиналдық құны бойынша кему ретімен айт. -Номиналдық құны бойынша 20 теңгелік монета қандай монеталардан артық, қандай монеталардан кем болады? -20 тг алу үшін неше 1 теңгелік монета керек? -10 тг алу үшін неше 5 теңгелік монета керек? |
|
|
|
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Жұмыс дәптеріндегі «Жетістік баспалдағы»бойынша өзін-өзі бағалау |
Пәнаралық байланыстар Дүниетану. Ғылымға кіріспе: «Ақша, монеталар» жайлы таныстыру.
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: математика Бағдарламаға сілтеме «Тағам және сусын» 4.1 Математикалық тіл және математикалық модель |
№69 мектеп/ гимназия 4-сабақ Тақырып: Ақшаны ұсақтау |
|
|
1 сынып ІІІ тоқсан |
Мұғалім |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты Ақша ұсақтау, 86, 87-беттер. Жұмыс дәптері: 81-жұмыс парағы, 83-бет. 82-жұмыс парағы, 84-бет. |
1.1.2.11 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды тану, белгілі бір соманы монеталармен төлеу, және айыра білу. |
|
|
Сабақ мақсаты |
-1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды таниды, белгілі бір соманы монеталармен төлейді және айыра біледі; артық, кем, тең, сонша, бірнеше бірлікке артық/ кем, ұзын, қысқа, ауыр, жеңіл, қымбат, арзан ұғымдарын қолданады. Теңгелік монеталардың құнын түсіну, бір-бірімен салыстыру арқылы номиналы қымбатырақ монетаны номиналы арзан монетадан ажырата білу. |
|
|
Жетістік критерийлері |
• теңгелік монеталарды номиналдық құны бойынша бір-бірінен ажырата білуді меңгереді |
|
|
Тілдік мақсат |
Сома,ақша; теңге; монета |
|
|
Алдыңғы сабақта |
Ақша.Теңге |
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Белгіленген уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Дереккөздер |
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы |
-Кім дүкенге барып көрді? -Сендер дүкенге барғанда не істедіңер? (сатушыдан тауар алдыңдар, ақша бердіңдер, сатушы тауарды берді және артық ақшаны қайтарды.) -Біз сатып алатын заттың бағасы қанша тұратынын көбінесе қайдан білеміз? -Қолыңдағы ақшамен заттың құны қанша болса, тура сонша монетамен дәлме-дәл төлеуге бола ма? (үнемі төлеуге бола бермейді) Осындай сұрақтар қоя отырып, заттың құны қанша болса, сонша ақшамен дәлме-дәл төлеу үшін құны үлкен монеталарды құны өзінен кіші монеталармен ұсақтауға болатыны туралы айтыңыз. Оқушылар жұбының біреуіне 10 теңгеліктермен үш монета, екінші оқушыға бірнеше 1 теңгелік монеталар таратып беріңіз. Қолында 10 теңгелік монеталары бар оқушылардан құны 17 теңге тұратын затты затып алу үшін, сатушыға 17 теңгені қолындағы монеталармен тура қалай санап беретінін сұраңыз. Оқушылардың ойын тыңдаңыз. Оларға бір 10 теңгелік монетаны көршісінің 1 теңгелік монеталарымен айырбастап алуды ұсыныңыз. Бір 10 теңгелік монетаны он 1 теңгелік монеталармен айыпбастап алу дегеніміздің ұсақтау екеніне назарларын аудартыңыз. Ұсақталған монеталардың нешеуін алып қалған екі 10 теңгелік монеталармен қосып, 17 теңгені қалай алуға болатынын сұраңыз. Оқушыларды он 1 теңгеліктен жетеу санап алып, 10 теңгелік монетаға қосып, тура 17 тг төлеуге болады деген қорытынды жасауға жетелеңіз. Оқулықтағы суреттермен берілген 2 теңгелік, 5 теңгелік, 10 теңгелік монеталардың ұсақталу тәсілімен таныстырыңыз. Суретті талдатыңыз, түсінгендерін сұраңыз. Он теңгелік монетаның ұсақтау тәсілдерін сұраңыз. 1 теңгеліктерден басқа тағы қандай монеталармен ұсақтауға болатынын тиындармен тәжірибе жүзінде көрсетіңіз. Сурет бойынша түсіндір. 13 теңгені тура қалай төлеуге болатынын суретке қарап, талдатыңыз. Яғни екі 10 теңгеліктің біреуін 1 теңгеліктермен ұсақтап, одан үш монета санап алып, қалған 10 теңгелік монетаға қосып санап, 13 теңгені төлеуге болатынын сурет бойынша талдатыңыз. 30 теңге, егер екі 20 теңгелік монеталар болса. Осы мысалға сүйене отырып, екі 20 теңгелік монеталардан 30 теңгені қалай алуға болатынын айтып бер. Өзара тексеруді жұппен орындатыңыз. Шығарып көр. Бес 10 теңгелік монетаның көмегімен бір 10 теңгеліктерді ұсақтау арқылы 47 теңгені төлеудің бірнеше тәсілін көрсету ұсынылады. Алдымен 10 теңгені ұсақтаудың бірнеше түрін тапқызыңыз. Тапсырманы топпен орындатыңыз. Әр топтың 10 теңгеліктерді қандай монеталар түрлерімен ұсақтағанын тексеріңіз. 43 теңгені төлеудің жолдарын сыныпта талқылаңыз. 47 теңгені төлеу жолдарының бірнеше түрін оқушылардың көмегімен табыңыз. Орындап көр. Мектеп асханасында тамақтың бағасы қандай? 10 теңгеліктермен заттың нақты құнымен қалай есептесуге болады? Ойын. Сыртына тірек сөздер жазылған кеспеқағаздар салуға арналған үш қорап немесе себет . Тағы сол сияқты бағалар жазылған және тауарлар саны жазылған кеспеқағаздар, тауарлардың құнын құрайтын әртүрлі номиналды монеталардың суреті салынған кеспеқағаздар. Оқушылар кезекпен шығып, кеспеқағаздардың біреуін қораптан немесе себеттен суырып алып, не ұғым туралы айтылғанын болжап білу керек. Егер алған қағазы баға жазылған қағаз болса, онда “баға” деген тірек сөзді айтып, сәйкес келетін қорапқа салады. Басқа бірнеше заттың суреті көрсетілген және монеталардың сомасы жазылған кеспеқағаздармен де осылайша орындайды.
Монеталардың сомасын тап. Оқушылар бірнеше монетадан тұратын және оны кестедегі тиісті жолға жазатын санды анықтай алады. Жауабы: 40 тг, 15 тг, 18 тг, 30 тг. Шар сатып ал. Оқушылар шардың бағасын құрайтын қажетті соманы монеталар қатарынан таңдап алады. Олар өз таңдауларын белгілеу үшін қажетті монеталарды дөңгелекпен айналдыра сызады. Жауабы: 10 тг және 2 тг. Монеталардың суретін сал. Оқушылар монеталардан сомасы 19 теңгеге тең болатын комбинацияларды жасай отырып, номиналды құны әртүрлі монеталарды кескіндей алады. |
Оқулық номиналдық құны әртүрлі монеталар жиыны; “баға”, “саны”, “құны” – деген тірек сөздер жазылған кеспеқағаздар бар қорап немесе себет; ойын үшін тірек сөздер жазылған кеспеқағаздар; тағамдардың, сусындардың бағасы жазылған ас мәзірі
Жұмыс дәптері |
|
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Жұмыс дәптеріндегі «Жетістік баспалдағы»бойынша өзін-өзі бағалау Бағалау Оқушылар сабақтың соңында: • 10 теңгелік монеталарды ұсақтау арқылы берілген заттың құнын тура төлеп жаттығады. Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:
Ақшаны не үшін ұсақтаймыз
|
Пәнаралық байланыстар Дүниетану. Ғылымға кіріспе: «Ақша, монеталар» жайлы таныстыру. |
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: математика Бағдарламаға сілтеме «Тағам және сусын» 4.1 Математикалық тіл және математикалық модель |
№69 мектеп/ гимназия 5-сабақ Тақырып: Есепті шығару. Ақша қалай төлейміз
|
|||||
|
1 сынып ІІІ тоқсан |
Мұғалім |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 90, 91-беттер. Жұмыс дәптері: 85-86 ж.п 87-88 бет.
|
Оқу мақсаты: бір санның екінші саннан қанша бірлік артық немесе кем екенін анықтауға берілген есептерді талдайды, шығарады және кері есеп құрастыра біледі; 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды таниды, белгілі бір соманы монеталармен төлейді және айыра біледі; артық, кем, тең, сонша, бірнеше бірлікке артық/ кем, ұзын, қысқа, ауыр, жеңіл, қымбат, арзан ұғымдарын қолданады. |
|||||
|
Сабақ мақсаты |
«Есеп» ұғымын монеталарды қолдану негізінде және «есеп» ұғымымен байланысты терминдерді бекітуге бағытталған. Саралау дағдыларын дамытуға бағыттай отырып, есептің шартын модельдеу, тірек сызбаға сүйеніп есептер шығару. |
|||||
|
Жетістік критерийлері |
«Есеп» ұғымын монеталарды қолдану негізінде және «есеп» ұғымымен байланысты терминдерді біледі -«есеп» ұғымын және «есеп» ұғымымен байланысты терминдермен танысады; -қосу амалымен берілген жай есептерді шығарып үйренеді; есептің сызбасы туралы мағлұмат алады. |
|||||
|
Тілдік мақсат |
Сома,ақша; теңге; монета |
|||||
|
Алдыңғы сабақта |
Ақша.Теңге |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Белгіленген уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Дереккөздер |
||||
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы |
Ж.Зерттеу жұмысы.Сонымен, бірінші сөзді жазамыз: ЕСЕП. 1-кезең – «Ойлан!» сөзі жазылған кеспеқағаз. Оқушылардан топта «есеп» деген не екенін ойлауды ұсыныңыз. Олардың жауаптарын тыңдап көріңіз. Оқушылардың алдына төмендегі кестені беріңіз.
Т:Мысалы: Настя бағасы 10 тг кәмпит және бағасы 30 тг балмұздақ сатып алды. Ол барлығы қанша ақша жұмсады? ?(TΓ.)
10(TΓ.) 20(TΓ.)
Т.Есеп. • Есептің мәтінін оқу;
Ж.Шығарып көр.:
Берілген алгоритмге сүйеніп есепті шығарыңдар. Жауабы: 10 + 6 = 16 (тг) Жауабы: енді әмиянда 16 теңге болды. Ө.Орындап көр.Есептің сұрағына сүйеніп оқушылар оның шартын құрастырады. |
Оқулық «Шарты», «Сұрағы», «Шешуі», «Жауабы» деп жазылған есептің құрамды бөліктерінің атаулары бар кеспеқағаздар; есептерді құрастыруға және шығаруға арналған сызбалар; есептің құрамды бөліктері жазылған ескертпе; •парақ беттеріне жазылған тапсырманың мәтіні.
Жұмыс дәптері |
||||
|
Сабақтың соңы Рефлексия
|
Ө.Есепті жина.
Ө.Жинақ қобдиша. Оқушылар әрбір жинақ қобдишасында қанша сома барын анықтайды. Одан кейін бұл сомаларды салыстырып, бір монеталар сомасы екіншіден қаншаға артық екенін табады. Жауабы:
|
|
||||
|
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Есептің сұрағы деген не? |
Пәнаралық байланыстар Дүниетану. Ғылымға кіріспе: «Ақша, монеталар» жайлы таныстыру.
|
||||
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: математика Бағдарламаға сілтеме «Тағам және сусын» 4.1 Математикалық тіл және математикалық модель |
№69 мектеп/ гимназия 6-сабақ Тақырып: Сатып алынған заттар туралы есептер
|
||
|
1 сынып ІІІ тоқсан |
Мұғалім |
||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 92, 93 бет Жұмыс дәптері: 87-88. 89-90-бет.
|
|
||
|
Сабақ мақсаты |
Сурет және сызбаға сүйеніп қосу амалымен шығатын есептер шығару және есеп құрастыру жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасау; есептің бөліктері: шарты, сұрағы, шешуі, жауабына сүйеніп, есепті талдай білу дағдысын қалыптастыру. |
||
|
Жетістік критерийлері |
есеп шығару дағдылары дамиды. |
||
|
Тілдік мақсат |
|
||
|
Алдыңғы сабақта |
|
||
|
Сабақтың барысы |
|||
|
Белгіленген уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Дереккөздер |
|
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы |
Ж.Ойын.Кіріспе тапсырма. «Көкөністер дүкені» ойнатудан бастаңыз. Сынып бөлмесінде «Дүкен» бұрышы. «Дүкен» сөрелеріне көкөністер мен жемістер муляждары тұрады. Әр заттың бағасын жазып қою.
(бұл жерде бірнеше зат сатып алғанда, оның құнын табу үшін қосу амалын пайдаланамыз деген қорытындыға келтіру) Бүгінгі сабақта қосу амалымен орындалатын есептер шығаруды жалғастыратындарын айтыңыз. Мысалы, алма 20 тг, алмұрт 30 тг тұрады. Алма мен алмұрт сатып алу үшін қанша ақша төлеу керек? Есепке сызбаның бірнеше нұсқасын ұсыныңыз. Берілген сызбаны толтырып, алған заттарының құнын сызбаға сүйеніп есептеу керектігін ескертіңіз. Өзіңіз оқушыларға сұрақтар қойып, бағыттап тұрыңыз.
Есептің сұрақтары: мағынасы ұқсас, себебі барлық есеп сатып алынған заттардың құнын есептеуге арналған. Шешуі:
Жауабы: әртүрлі, себебі әртүрлі сан мәндері қолданылды. Есепті тап. Тапсырманы оқушылардың өз бетімен орындауын ұсыныңыз. Олар берілген екі мәтінді де оқып шығып, қай мәтін есеп болатынын анықтайды. Оқушылар есептің құрамды бөліктері жазылған ескертпеге және алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді. Ж.Жинақ қобдиша.Сызбаны сызып, сызбаға есеп бойынша берілген сандық мәліметтерді жазады. Есептің шешуін және жауабын жазады. Жауабы: сызбаның дұрыс нұсқасы – «б». Шешуі: 8 + 9 = 17 (тг) Жауабы: балалардың қобдишасында 17 тг. Ж.Шығарып көр.Оқушылар құрастырған есеп шартын берілген сызбамен салыстырады. Сызбаға сүйеніп, оқушылар есепке байланысты тиісті сұрақтар қояды. Келесі кезеңде есептің шешуі мен жауабын жазады. Жауабы: Сұрағы: желім мен өшіргіштің бағасы қанша тұрады? 40 + 20 = 60 (тг) Жауабы: желім мен өшіргіштің бағасы 60 тг тұрады. Орындап көр. Диалог . Оқушыларға есептің шартына байланысты нақты жауап алуға болатындай сұрақ ойластыруды ұсыныңыз. Жауабы: Әлия әмияннан қанша ақша алды? 7 + 8 = 15 (тг) Жауабы: 15 теңге. Ө.Сатып алған заттарыңды төле. Есеппен жұмыс жасау кезінде оқушылар сызбаны сан мәндерімен толықтырып, шешуі мен жауабын жазады. Жауабы: 30 + 60 = 90 (тг) Жауабы: 90 теңге. Ө.Үш монета. Ұсынылған екі нұсқаның ішінен оқушылар дұрыс жауапты таңдайды. Жауабы: Мараттың монетасы – 50 теңге. Динаның монетасы – 10 теңге. Марктің монетасы – 20 тенге. Есептің жауабы өзгерді ме? 1. жоқ. 2. иә. |
Оқулық
Жұмыс дәптері |
|
|
Сабақтың соңы Рефлексия
|
Бүгін мен не үйрендім? Не ұнады? |
|
|
|
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
|
Жұмыс дәптеріндегі «Жетістік баспалдағы» бойынша оқушыларға өзін-өзі бағалауды өткізу.
|
Пәнаралық байланыстар Дүниетану. Ғылымға кіріспе: «Ақша, монеталар» жайлы таныстыру.
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: математика Бағдарламаға сілтеме «Тағам және сусын» 4.1 Математикалық тіл және математикалық модель |
№69 мектеп/ гимназия 4-сабақ Тақырып: Қымбат-арзан
|
|
|
1 сынып ІІІ тоқсан |
Мұғалім: Бакутова Г. Ш |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 94, 95-беттер. Жұмыс дәптері: Есептің сызбасы, 89-90 |
Оқу мақсаты:
артық, кем, тең, сонша, бірнеше бірлікке артық/ кем, ұзын, қысқа, ауыр, жеңіл, қымбат, арзан ұғымдарын қолданады. |
|
|
Сабақ мақсаты |
Сурет және сызбаға сүйеніп азайту амалымен шығатын есептер шығару және құрастыру жұмыстарын ұйымдастыруға жағдай жасау; есептің бөліктері: шарты, сұрағы, шешуі, жауабына сүйеніп, есепті талдай білу дағдысын қалыптастыруға және «қымбат – арзан» сөздері арасында қатынас орнатуға үйренеді. |
|
|
Жетістік критерийлері |
Оқушылар сабақтың соңында:
|
|
|
Тілдік мақсат |
|
|
|
Алдыңғы сабақта |
|
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Белгіленген уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Дереккөздер |
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы |
Т.«Дәмхана» ойыны. Сабақтың алдында парталарды 4-5 оқушы бір топта отыратындай етіп дайындаймын. Құны 10 теңгелік монеталарды таратып беру. Сыныптағы оқушылардан екі оқушыны даяшы рөліне, ал бір оқушыны кассир рөліне таңдауды ұсыну. Ал қалған оқушылар кафеге келген келушілер рөлін ойнайсыңдар. Әрбір кафеге келуші бір үстелден өз орын алып отыруы тиіс. Даяшылар қонақтарға тамақ түрлері мен бағалары көрсетілген ас мәзірін ұсынады. Кафеге келушінің рөлі ас мәзірі бойынша 1 немесе 2 тамақты таңдап алуы тиіс. Даяшылар тапсырысты орындап, төлейтін ақшаларын алып, кассирге апарып бере алады. Оқушыларға өз рөлдерін дұрыс орындауларына көмектесем. Ойыннан кейін талдау жүргізу.
Хатқа арналған конверт 60 теңге, ал ашықхат 50 теңге тұратынын айтып хабарлаңыз. Ашықхат конверттен қаншаға арзан? Ашықхаттың құнын табу тәсілін талдай отырып, оқушылар бүтіннен (60 тенге) белгілі бөлікті (50 тенге) азайту керектігі туралы қорытынды жасайды. 60 – 50 = 10 (тг) Жауабы: 10 теңгеге арзан.
6 50 Қаншаға қымбат? Қаншаға арзан? Оқушылармен жалпылама жұмыс ұйымдастырыңыз. Олар суретті қарап, тапсырманы оқиды. Оқушылар қандай амалды пайдаланып, берілген есепті шығаратынын сұраңыз. Екінші есепке арналған сызбаға сүйеніп, оқушылар шешімі мен жауабын рәсімдей алатынын ескертіңіз. Жауабы: а) 70 – 40 = 30 (тг) Жауабы: батон тоқаштан 30 теңгеге қымбат. б) 70 – 50 = 20 (тг) Жауабы: бір бөлке нан батоннан 20 теңгеге арзан. Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар есептің шартын оқып, талдап, берілген есепті шешуге келетін сызбаны таңдайды. Жұптар арасында өзара тексеру жұмысын жүргізіңіз. Жауабы: 90 – 40 = 50 (тг); Жауабы: Назымдікі 50 теңгеге қымбат. Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Өзара тексеру барысында оқушылардың жауап нұсқаларын тақтаға жазып тұрыңыз. Жауабы: Есептің сұрақтары: Кекс бәліштен қаншаға қымбат? Шешуі: 80 – 60 = 20 (тг) Жауабы: 20 теңгеге қымбат. Берілген сызба қай есепке сәйкес келеді? Оқушылар берілген есептердегі сандық мәліметтер бірдей екенін анықтайды. Бір есеп қосу амалымен орындалады, екіншісі азайту амалымен орындалады. Берілген есептер мен сызбаны сәйкестендіре отырып, оқушылар сызбаның қай есепке сәйкес келетінін анықтайды. Жауабы: 2. 20 – 10 = 10 (тг); Жауабы: Назымның 10 теңгесі қалды. Салыстыр. Оқушылар кестедегі заттардың бағаларын салыстыра алады және бір зат екіншіден қаншаға қымбат немесе кем екенін біледі. Оқушылар өз шешімдерін кестенің оң жақтағы бағанына жазып қояды. Сол жерге олар жауаптарын да жазуына болады. Оқушылар кестенің бірінші бағанында азық-түлік пен олардың бағасы көрсетілгенін анықтайды. Екінші бағандағы монеталар суреттері бойынша бастапқы бағасын анықтайды. Есептеулер жүргізу барысында, оқушылар қайтарым ақшаны анықтайды. Шешуі мен жауабын кестеге жазады. |
Оқулық
Жұмыс дәптері |
|
Рефлексия |
Бүгін мен не үйрендім? Не ұнады? |
|
|
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:
|
Пәнаралық байланыстар Дүниетану. Ғылымға кіріспе: «Ақша, монеталар» жайлы таныстыру. |
|
Пән: математика Бағдарламаға сілтеме «Тағам және сусын» 4.1 Математикалық тіл және математикалық модель |
№69 мектеп/ гимназия 4-сабақ Тақырып: Қымбат-арзан
|
|
|
1 сынып ІІІ тоқсан |
Мұғалім: Бакутова Г. Ш |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 94, 95-беттер. Жұмыс дәптері: Есептің сызбасы, 89-90 |
Оқу мақсаты:
артық, кем, тең, сонша, бірнеше бірлікке артық/ кем, ұзын, қысқа, ауыр, жеңіл, қымбат, арзан ұғымдарын қолданады. |
|
|
Сабақ мақсаты |
Сурет және сызбаға сүйеніп азайту амалымен шығатын есептер шығару және құрастыру жұмыстарын ұйымдастыруға жағдай жасау; есептің бөліктері: шарты, сұрағы, шешуі, жауабына сүйеніп, есепті талдай білу дағдысын қалыптастыруға және «қымбат – арзан» сөздері арасында қатынас орнатуға үйренеді. |
|
|
Жетістік критерийлері |
Оқушылар сабақтың соңында:
|
|
|
Тілдік мақсат |
|
|
|
Алдыңғы сабақта |
|
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Белгіленген уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Дереккөздер |
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы |
Т.«Дәмхана» ойыны. Сабақтың алдында парталарды 4-5 оқушы бір топта отыратындай етіп дайындаймын. Құны 10 теңгелік монеталарды таратып беру. Сыныптағы оқушылардан екі оқушыны даяшы рөліне, ал бір оқушыны кассир рөліне таңдауды ұсыну. Ал қалған оқушылар кафеге келген келушілер рөлін ойнайсыңдар. Әрбір кафеге келуші бір үстелден өз орын алып отыруы тиіс. Даяшылар қонақтарға тамақ түрлері мен бағалары көрсетілген ас мәзірін ұсынады. Кафеге келушінің рөлі ас мәзірі бойынша 1 немесе 2 тамақты таңдап алуы тиіс. Даяшылар тапсырысты орындап, төлейтін ақшаларын алып, кассирге апарып бере алады. Оқушыларға өз рөлдерін дұрыс орындауларына көмектесем. Ойыннан кейін талдау жүргізу.
Хатқа арналған конверт 60 теңге, ал ашықхат 50 теңге тұратынын айтып хабарлаңыз. Ашықхат конверттен қаншаға арзан? Ашықхаттың құнын табу тәсілін талдай отырып, оқушылар бүтіннен (60 тенге) белгілі бөлікті (50 тенге) азайту керектігі туралы қорытынды жасайды. 60 – 50 = 10 (тг) Жауабы: 10 теңгеге арзан.
6 50 Қаншаға қымбат? Қаншаға арзан? Оқушылармен жалпылама жұмыс ұйымдастырыңыз. Олар суретті қарап, тапсырманы оқиды. Оқушылар қандай амалды пайдаланып, берілген есепті шығаратынын сұраңыз. Екінші есепке арналған сызбаға сүйеніп, оқушылар шешімі мен жауабын рәсімдей алатынын ескертіңіз. Жауабы: а) 70 – 40 = 30 (тг) Жауабы: батон тоқаштан 30 теңгеге қымбат. б) 70 – 50 = 20 (тг) Жауабы: бір бөлке нан батоннан 20 теңгеге арзан. Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар есептің шартын оқып, талдап, берілген есепті шешуге келетін сызбаны таңдайды. Жұптар арасында өзара тексеру жұмысын жүргізіңіз. Жауабы: 90 – 40 = 50 (тг); Жауабы: Назымдікі 50 теңгеге қымбат. Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Өзара тексеру барысында оқушылардың жауап нұсқаларын тақтаға жазып тұрыңыз. Жауабы: Есептің сұрақтары: Кекс бәліштен қаншаға қымбат? Шешуі: 80 – 60 = 20 (тг) Жауабы: 20 теңгеге қымбат. Берілген сызба қай есепке сәйкес келеді? Оқушылар берілген есептердегі сандық мәліметтер бірдей екенін анықтайды. Бір есеп қосу амалымен орындалады, екіншісі азайту амалымен орындалады. Берілген есептер мен сызбаны сәйкестендіре отырып, оқушылар сызбаның қай есепке сәйкес келетінін анықтайды. Жауабы: 2. 20 – 10 = 10 (тг); Жауабы: Назымның 10 теңгесі қалды. Салыстыр. Оқушылар кестедегі заттардың бағаларын салыстыра алады және бір зат екіншіден қаншаға қымбат немесе кем екенін біледі. Оқушылар өз шешімдерін кестенің оң жақтағы бағанына жазып қояды. Сол жерге олар жауаптарын да жазуына болады. Оқушылар кестенің бірінші бағанында азық-түлік пен олардың бағасы көрсетілгенін анықтайды. Екінші бағандағы монеталар суреттері бойынша бастапқы бағасын анықтайды. Есептеулер жүргізу барысында, оқушылар қайтарым ақшаны анықтайды. Шешуі мен жауабын кестеге жазады. |
Оқулық
Жұмыс дәптері |
|
Рефлексия |
Бүгін мен не үйрендім? Не ұнады? |
|
|
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:
|
Пәнаралық байланыстар Дүниетану. Ғылымға кіріспе: «Ақша, монеталар» жайлы таныстыру. |

0
конверт oткpытка

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген