Тақырыбы:
«Ас – адамның арқауы».
Мақсаты:
Білімділік
– оқушылардың тамақтану мәдениет
бөлімінде алған білімдерін меңгерту
мақсатында шығармашылық қиялын, қол
икемділіктерін дамыта отырып өнерге
баулу.
Көрнекілігі:
ұлттық тағамдар, суреттелген буклеттер,
нақыл сөздер.
Кіріспе:
Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтың
тұрмыс тіршілігінен хабардар боламыз
да. Көшпелі тұрмыста мал шаруашылығымен
айналысқан халқымыздың да этнографиялық
салтына қарай дастарқанның өзіне тән
ерекшелігі бар. Сол ерте заманнан бері
қазақ халқы өздері баққан малды ретімен
өз тіршілігіне пайдалана біліп тағам
жасау өнерін жақсы меңгерген. Қазақ
халқы үшін дастарқаннан, наннан үлкен
еш нәрсе жоқ.
Ұйге келген
үлкен қонаққа табақ тартылатынын
білесіңдер. Олай болса, топ басшылары
табақ тарту дәстүрін біле ме екен? Топ
басшыларын ортаға шақырамыз! Ата-бабаларымыз
табақ тартуға аса мән берген. Әр қонақтың
табағына кәделі мүшелерінің салынуына
назар аударған. Осы орайда біз бүгін
табақ тартудың ретін назарларыңызға
ұсынып отырмыз.
Бас
табақ
Бас табаққа бас,
жамбас, омыртқа, қазы-қарта, жал, жая,
сияқты кәделі мүшелер салынады. Басты
қонақтың ең жасы үлкені немесе оның
ұсынуы бойынша басқа бір беделді кісі
ұстайды. Қазақ салтында келген қонаққа
бас тартудың жөні бөлек. Әсіресе сыйлы
қонақтар мен алыстан арнайы келген
құрметті кісілерге бас тарту – оларды
қадір тұтудың бір белгісі саналады. Үй
иесі де мұндайда қонаққа бас тартуды
өзіне парыз санайды. . Бас ұстаған кісі
оның құйқасын, етін, көзін, құлағын әрбір
адамға үлестіреді де, бір көзін қалдырып
үй иесіне береді. Бір қызық ғұрып бар:
ол қанша құрметті, жасы үлкен кісі болса
да, әкесі бар болса, бас ұстамайды.
Сый
табақ
Сый табақ негізінен
құдалық рәсім кезінде тартылады. Бас,
жамбас, басқа да кәделі мүшелер қонақтың
жасына, туыстық қатынасына қарай
салынады.
Күйеу
табақ
Күйеу табаққа бір
сан жілік (асықты жілік) пен төс салынады.
Келін
табақ
Келін табаққа ұлтабар
және жүрек және ырымдап қолдан соққан
күміс бәкі салынады
Тест.
Қой етін мүшелегенде
нешеге бөлінеді?
А) 12 Б) 13*
В) 15
Кәрі жәләк малдың
қай мүшесінде арналасқан?
А) санда Б) қолда*
В) қабырғада
Бүйрекке жақын
алғашқы төрт қабырғасы етек етімен
алынатын мүше?
А) қабырға
Б) бұғана В) сүбе *
Асықты жілік, ортан
жілік, жамбас малдың қай мүшесінде
орналасқан?
А) қолда Б)
санда * В) арқасында
Бөлшектеп туралған
ет неше минут қуырылады?
А) 5 минут Б)
45 минут В) 15 минут *
Ет фаршынан не
дайындауға болады?
А) котлет, тұшпара
* Б) ет сорпасы, торт В) шай, печенье
Ет құрамында қандай
дәрумендер құрамы болады?
А) С Б) В тобы*
В) Р
Тағамның энергетикалық
құндылығы немен өлшенеді?
А) каллория *
Б) киллограмм В) грамм
С дәрумені қандай
қышқыл деп атайды?
А) аскорбин қышқылы*
Б) түз қышқылы В) сода
Асқа
байланысты мақал құрастыр. /құрастыру/.
Атасы нан Астың /
Астың атасы нан.
Тұрмайды жерде
тұрған Ас ауру. / Ас тұрған жерде ауру
тұрмайды/
Қалғанша қарын Жақсы
жарылсын ас жаман. / Жақсы ас
қалғанша жаман
қарын жарылсын/
Ел Жиен желке болмас
ас болмас. / Жиен ел болмас, желке ас
болмас ./
Тойға асқа барсаң
бар тойып аш барсаң бар. / Тойға барсаң
тойып бар, асқа барсаң аш бар./
Ел таны барда Асың
барда атың таны жер. / Атың барда жер
таны, Асың барда ел таны/.
Аттама үстінен Ас
үлкен астан емессің. / Ас үстінен аттам,
үлкен емессің астан/.
Болады ас Айран
ішсең. / Айран ішсең ас болады/.
Ет тісіңе кіреді
түсіне кіреді жемесең жесең. / Ет жесең
тісіңе кіреді, жемесең түсіне кіреді/.
Қорытынды
Сабағымыз өз мәресіне
жетті, біз бүгінгі сабақта алға қойылған
мақсаттарымызға жеттік. Білімгерлерді
бағалау үшін әр кезеңде берілген ұпай
саналып білімгерлер бағаланады. Сабаққа
қатысқандарыңызға көп рахмет.
Рефлексия: Не білдім?
Не үйрендім? Не білгім келеді?, Үйге
тапсырма: Тәтті тағамдар дайындау.