400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ас-адамның арқауы Дыбыстар мен әріптер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 1-сыныпта сауат ашу пәнінен Ас-адамның арқауы тақырыбында өткізілген сабақ жоспары. Сабақ жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне Дыбыстар мен әріптер немесе басқа да тақырыптарға байланысты сабақ өткенде өз шеберліктерін шыңдауда қажет деп ойлаймын.Білімнің іргетасы бастауышта болғандықтан мұғалім күнделікті ізденісте болуы қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: сауат ашу

Мұғалімнің аты-жөні:Абдибаева М

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ас-адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер.

Нәтиже сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім? не?) туралы айтылғанын анықтау.

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Оқиғаның ретін анықтайды.
Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.

Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды.
Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

№6. Мәңгілік Ел, бұл- Тарихтың, Мәдениет және Тілдің Біртұтастығы.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек,математика.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мамандық

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері






Сабақтың ортасы

16 минут



1-жаттығу

Суреттерді ретімен қойып шығып және әңгімелеу

2-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы.

3-жаттығу

Мақалды көркем жаз.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ


3-минут







5-минут

























3-минут
























5-минут
















4-жаттығу

Дыбыстарды дауыссыз және дауысты дыбыстарға топтап жаз.

Дауысты дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар






Тапсырма Өлеңді мұқият тыңдаңыз.
Қайдан келдің, бауырсақ?

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

-Қайдан келдің, бауырсақ?

- Деп сұрады қуыршақ.

-Дүкеннен келдім нан сатқан,

- Деді оған бауырсақ.

-Дүкенге келдің қай жақтан?

-Наубайдан келдім нан жапқан.

- Наубайға келдің қай жақтан?

- Диірменнен келдім ұн тартқан.

- Диірменге келдің қай жақтан?

- Даладан келдім кең жатқан.

Жер-анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Арғы тегім – ақ бидай,

Тәттімін жеп көр, бақшимай!

Жесең өзің байқарсың,

Рақметіңді айтарсың. (Ө. Тұрманжанов)
Өлең не туралы?
Нан дастарқанға қалай келеді? Өлеңнің мазмұнына сүйеніп, суреттен ретін белгілеп көрсетіңіз. Жұпта әңгімелеңіз.

Жұптық жұмыс.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды.
Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.

өлеңнің не туралы екенін анықтайды;

- өлеңнің мазмұнына сүйеніп, оқиғаның ретін анықтайды;

нанның дастарқанға жету жолын әңгімелейді.


Топтық жұмыс. Ертегіні мұқият тыңдаңыз. Ертеде қияр мен орамжапырақ дос болыпты. Бір күні екі дос суға шомылуға өзенге келіпті. Қияр тез шешініп, суға күмп беріпті де, жүзе жөнеліпті. Орамжапырақ қабат-қабат «көйлегін» бір-бірлеп шешкенше күн батып, қас қарайыпты. Осыған дейін су ішінде қалшылдап тұрған қиярдың терісі әбден күлдіреп кетіпті. Қиярдың қабығындағы бүршіктер содан пайда болыпты деседі.


Суреттерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айтады.






Оқулық, дәптерлер.


























Суреттер



























Сабақтың соңы

2- минут

Кері байланыс


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім





Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?



Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)


Партада дұрыс отыру



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі