Ас атасы - нан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ас атасы - нан

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша,даярлық сыныптарына қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: Күні: Пәні:

Сабақтың тақырыбы: «Ас атасы – нан».

Сабақтың мақсаты:Дән тұқымымен таныстыру, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатынын, техникалардың аттарымен таныстыру. Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу;Балалардың ақыл – ой белсенділігін арттыру. Өлең , мақал – мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру;

 Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру;

Көрнекілігі: «Нан қалай келеді?» - сериялық суреттер, атрибуттар, нанның суреттері.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу,оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ.Шаттық шеңбер

Күніміз жарқын болсын,

Аспанымыз ашық болсын.

Күніміз сәтті болсын,

Деніміз сау болсын.

Күз мезгілі берекелі, молшылығы көп мезгіл, бұл жыл мезгілінде жеміс – жидек пісіп, егін пісіп қамба астыққа толады.

ІІІ.Жаңа сабақ

«Ас атасы – нан,  «Жердің сәні – егін,

Нан атасы – дән» Ердің сәні – білім»


«Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке»

«Жалқаудың жаны тәтті,

Еңбектің наны тәтті»

-Қазір қай мезгіл? -Көктем мезгілінде қандай гүл шығады? -Қандай құстар келеді? -Көктемде не егеміз? -Адамдар жерді жыртып тұқым егеді, оны суарып баптайды, күзде жинап аламыз. Жұмбақ шешу.

Ұзын мұртты сарылар, Асты тас, үсті тас,

Қойынында наны бар. (Бидай) Ортасында піскен ас. (Нан)

-Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы « Ас атасы-нан» болмақ. -Балалар барлығымызда түскі асымызды ішіп келдік пе? -Түскі ас әзірлегенде дастарханға қандай асты бірінші қоясыңдар? -Тамақ жегенде ең бірінші неден ауыз тиесіңдер? -Жұма күні үйде мамаларымыз не пісіреді? Балалар біздің нансыз күніміз жоқ. Нан өте қасиетті де, қастерлі. Нан өте тәтті болады. Үйге кісі келгенде ең бірінші наннан ауыз тигіземіз. Өйткені ол киелі. Нанды ысырап етуге болмайды. Нан бізге үлкен еңбек ету арқылы келеді екен. Оны әрі қарай қазіргі сабағымызда көреміз. -Ал балалар бәріміз тақтаға қарайық .Назар аударайық. -Мына суреттегі не? -Комбайн. -Дұрыс айтасыңдар балалар. -Мына өсіп тұрған өсімдіктің не екенін білесіңдер ме? -Бидай. -Оның түсі қандай? -Сары. -Мынау балалар егіс даласы, онда комбайн не істеп жатыр? -Комбайн егін орып жатыр. -Оралған бидай машинаға тиеліп, астық сақтайтын орын элеваторға әкелінеді, элеватордан диірменшіге одан наубайханаға апарылады. Наубайханадан нан пісіріліп, дүкендерге әкелінеді.

ІҮ.Ойын: Мен қандай нанды ұнатамын?

-Балалар сендер дүкенге барғанда қай нанды ұнатып, алар едің? -Өзің ең жақсы көретін наныңды таңдап алу. -Мен қалаш нанды жақсы көремін. -Мен тортты жақсы көремін. Нан туралы тақпақ айту.

Жарып шыққан қауызын, Арпа бидай ас екен,

Дән- өмірлік азығың. Алтын күміс тас екен.

Жегеніңде ақ нанды Бидай тоңға тимей,

Нәрге толы ауызың. Аузың нанға тимейді

Нан ардақты асыл-ас.

Аттамас оны кәрі жас.

Ақ дастархан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.

Ү.Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдар, (қолдарын бұлғайды)

Жерде жатса баспаңдар. (2 рет)

Теріп алып қастерлеп, (Алақандарын жаяды)

Торғайларға тастаңдар. (Саусақтарының ұшымен себелеу қимылын жасайды)

Қимылмен көрсету.

ҮІ.Қорытынды

«Біз не білдік?» Комбайн көлігінің қандай қызмет атқаратынын білдік. Нанның түрлерін. Жұма күні шелпек, бауырсақ пісіретінін білдік. -Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде нанның үлкен еңбекпен келетіндігін, еңбекті қадірлей білуді үйрендік.

ҮІІ.Бағалау

Белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап,марапаттау.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
605
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі