400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ас атасы – нан

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау. Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
Материалдың қысқаша нұсқасы


ТАҚЫРЫБЫ: Ас атасы – нан

Мектеп/МДҰ: №9 «Жалпы білім беретін орта мектеп»

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Мырзабаева К.Б

Сынып: 0 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау.

Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану

Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Нанның дастарқанға келу жолын тізбектеп айтып бере алады.

Кейбір тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық

мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Сөздік қорын кеңейтеді.

Көптілділік: нан – хлеб – bread

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

дәнді дақылдар, ұн өнімдері, арпа, сұлы, бидай, қара нан, ақ нан.

Пікір алмасу сұрақтары:

Нанның қандай түрлерін білесіңдер? Нанның адамға пайдасы қандай?

Өткен ҰОҚ алған білім

Көгөністер мен жемістердің пайдасы туралы айтып бере алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут



ІІ. Мақсатты болжам.

3-5 минут






ҰОҚ ортасы

ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.

6-27 минут

(Ө) Шаттық шеңбері

Қолдан келсе, көңілде хоштық болсын, Одан көпті күтсең сен, бос күткенсің. Дастарқанда нан болсын, азаматым.

Аузыңдағы нан дәмі достық болсын.

Жұмбақ шешейік.

Ұзын мұртты сарылар, Қойынында дәні бар. (Бидай) Күрең қызыл түсi бар, Тағамдардың асылы.

Қуат берер күшi бар. (Таба нан)

Талқылау барысында сабақ нан туралы болады деп болжамдайды.

  • Бидай қайда өседі?

  • Бидайдың басында не болады?

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Педагог өлең оқиды. Өлеңде не туралы айтылады?

Дән Жарып шыққан қауызын, Дән - өмірлік азығың.

Жегеніңде ақ нанды Нәрге толар ауызың.















Әліппе-дәптер


Ерте тұрып ақ таңнан Қара жерге нәр құйған, Айналайын диқаннан

Егін егіп, нан жиған. (Әнуарбек Дүйсенбиев)

  • Өлеңде не туралы айтылады?

  • Егінді кім өсіреді?

Әліппе-дәптермен жұмыс

2-тапсырма. Нанның дастарқанға келу жолын ретімен әңгімелеп айтып бер.

  • Нан жасау үшін қанша мамандық иелері еңбек етеді?

Көптілділік: нан – хлеб – bread

Далада өсетін дәнді дақылдармен тақтадағы суретке қарап таныстыру.

Арпа, бидай, сұлы, жүгері – бұлар дәнді дақылдарға жатады. Егістік далада өсетіндіктен дәрумендерге бай, организмге пайдалы. Дәнді дақылдардың барлығынан ұн жасалады. Әртүрлі дәннен әртүрлі нан жасайды, оларды «нан өнімдері» дейді.

  • Ұннан жасалатын өнімдерді не дейміз?

  • Олар несімен пайдалы?

  • Қандай нан түрлерін білесің?

Әліппе-дәптермен жұмыс:

3-тапсырма. Нан түрлерін ата.

Егер нан ақ болса, ... (ақ бидайдан) Егер нан қара болса, ... (қарабидайдан) Тағы қандай нан болады?

4-тапсырма. Мақалдардың мазмұнын түсініп ал. Ас атасы – нан.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Нан болса, ән де болады.

Арпа-бидай ас екен, Алтын-күміс тас екен.

Педагог балалармен бірге мақалдардың мағынасын талқылайды.

Ойын: «Сөйлемді жалғастыр».

Бидайды егіп, күтіп-баптайтын адам (диқаншы)

Піскен бидайды жинайтын техника(комбайн)

Бидайдан ұн тартатын жер (диірмен)

Ұннан нан пісірілетін жер (наубайхана)








Әліппе-дәптер









-нан өнімдері дейміз





Әліппе-дәптер

ІV. ҰОҚ

қорытындысы. Рефлексия

28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан бидай дәндерін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар



Shape1

1


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі