400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ас атасы нан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызметін үйымдастырудың технологиялық картасы

№3 «Аққу» ІІ кіші тобына арналған

Күні, айы, жылы: 04.10.17ж

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Ас атасы-нан

Мақсаты: Білімділік: Балаларға нанды басқа тағамдарға қарағанда көбірек қолданатынымыз жөнінде түсінік беру. Дамытушылық: Нан туралы мақал-мәтелдерді, тыйым сөздері, тақпақты оқу және қайталау, балалардың сөздік қорын жетілдіріп, тілін дамыту. Тәрбиелік: Нанның дастарқанға қалай келетінін әңгімелеп, үлкендердің еңбегін құрметтеуге үйрету.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойлануға мүмкіндік беру.

Көрнекіліктер: нанның дастарқанға келуі бейнеленген сурет, (құрастырма сурет) ұн, бидай, арпа.

Оқу іс-әрекеттердің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

-Балалар, барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

Балалар дөңгелене қол ұстасып тұрып, бір-біріне тілек тілейді.




Ұйымдастырушылық – ізденістік

1 Әңгімежүргізу.

Біз бүгін нанның дастарқанға қалай келетінін әңгімелейміз. Нанның қандай түрлері бар екен?

Айтыңдаршы.

-Дұрыс, балалар, нанақнан, қаранан, батоннан, бөлке, бауырсақ немесе тәтті бөлкелер, тоқаштар болып бөлінеді екен. Нанның неден пісіретінін білесіңдерме?

-Әрине, ұннан пісіреді. Ал ұнды қайдан алады?

-Адамдар алдымен жерді трактормен жыртады, кейін тұқым себеді. Оны суарады. Күзде егін піседі оны комбайнмен жинайды. Диірменге апарады, бидайдан ұн дайындайды. Енді ұнды қайда апарады деп ойлайсыңдар?

-Наубайханаға апарады, наубайшылар ұннан неше түрлі нан пісіреді. Пісірілген түрлі нанды дүкендерге жібереді.

3 Сергітусәті.

Ө. Тұрманжановтың «Нан» деген өлеңі арқылы өткізуге болады.

4 Үлестірмелі материалмен жұмыс Суретте берілген батон нанның бір бөлігін бояу.

5 Тыйым сөздермен таныстыру.

-Балалар, нан бізге оңай жолмен келмейді екен, сол себепті нанды қастерлеуіміз керек.

Нанды қиқымын шашпа, қалдығын тастама. Нанды бір қолмен үзбе. Нанды тауысып жеу керек.

Балалар қайталайды.



-Бөлке, қаранан, тоқаш, батон, бауырсақ.

Балалар тақтадағы суретпен жұмыс істейді.


Балалардың жауаптары тыңдалады.


Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.


Балалар бойларын қимыл-қозғалыс арқылы сергітеді.


Балалар барлығы бірдей бояйды.


Балалар педагогпен бірге тыйым сөздерді қайталайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Сұрақтар:

1 Балалар дастарқанға нан қалай келеді?

2 Нанның қандай түрлері бар?

Балаларды мадақтау.

Балалар жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: нанның түрлерін, олардың қалай аталатынын біледі.

Игереді: Нанның дастарқанға келу жолы және үлкендердің еңбегі туралы білімді игереді.

Меңгереді: Нан туралы тыйым сөздерді жаттап, үлкендердің еңбегін құрметтей білуді меңгереді.

Тәрбиеші: Абенова Г.А.



Топтың мінездемесі мен сабаққа берілген анықтамасы:

Біздің топта 24 бала бар,соның ішінде 12-қыз,12-ер бала бар. Қатысқандар саны: 24 бала.

Сабаққа жасалған анализ:

Тақырыбы: «Ас атасы-нан»

Мақсаты: Білімділік: Балаларға нанды басқа тағамдарға қарағанда көбірек қолданатынымыз жөнінде түсінік беру. Дамытушылық: Нан туралы мақал-мәтелдерді, тыйым сөздері, тақпақты оқу және қайталау, балалардың сөздік қорын жетілдіріп, тілін дамыту. Тәрбиелік: Нанның дастарқанға қалай келетінін әңгімелеп, үлкендердің еңбегін құрметтеуге үйрету.

Сабақтың қысқаша мазмұны: балалардың сабаққа деген зор нталарын терендету үшін, нан туралы түсінік беру. Нан туралы мақал-мәтелдерді, тыйым сөздері, тақпақты оқу және қайталау.


Жұмыспен қамту үлгісі:

-шаттық шеңбері;

-нан туралы мәліметтер мен көрнекі құралдар;

-дидактикалық ойын;

-сұрақ-жауап әдісі;


Аузша әдіс әр кезде қайталанып отырды:

-ойын кезінде;

-сұрақ жауап кезінде;

Көрнекіліктер:

-нан суреттері;

-олардың аттрибуттары;

-қарточкалар;


Қорытынды: сабақ балаларға ұнады. Олар сұрақтарға жауап беріп және ойынның мазмұнын түісніп тез арада ойнай алды.

Ұсыныстар: барлық баланың сабаққа қатысқаны, және өз тілінде еркін сөйлеулері.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі