400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ас атасы нан"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қоршаған орта

Тақырыбы:Ас атасы нан

Мақсаты:Балаларға нанды басқа тағамдарға қарағанда көбірек қолданатынымыз жөнінде

түсінік беру. Нанның қасиетімен таныстырып, нанның қиқымын жерге тастамай,

оны қастерлей білуге баулу. Нан туралы мақал-мәтелдерді, тыйым сөздерді,

тақпақты оқу және қайталату, балалардың сөздік қорын жетілдіріп, тілін дамыту,

нанның дастарханға қалай келетінін әңгімелеп, үлкендердің еңбегін құрметтеуге

үйрету.


Әдіс-тәсілі:көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойлануға мүмкіндік беру.

Көрнекіліктер: нанның дастарханға келуі бейнеленген сурет, ұн, бидай, арпа.


Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық






Ұйымдастыуршылық ізденушілік












































Рефлексивті түзетушілік

-Балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайықшы

-жарайсыңдар балалар


-Біз бүгін нанның дастарханға қалай келетінін әңгімелейміз

-Балалар айтыңдаршы сендер нанның қандай түрлерін білесіңдер?


-Дұрыс, балалар, нанда неше түрге бөлінеді екен. Ақ нан, қара нан, бөлке нан, бауырсақ, тоқаштар, болып бөлінеді екен.


-Сендер нанның неден пісіретінін білесіңдер ме?

-Ендеше тақтаға назар аударайық

-Біз нанды ұннан пісіреміз.

-ал, ұнды қайдан аламыз?

-адамдар алдымен жерді трактормен жыртып алады. Одан кейін жерге тұқым себеді. Оны суарады, күзде егін піседі, оны адамдар комбайнмен жинап алады. Ол жинап алған дәнді диірменге апарады. Бидайдан ұн пайда болады.

-енді ұнды қайда апарамыз.

-наубайханаға апарамыз

-ал наубайханашы ұннан неше түрлі нандар тоқаштар пісіреді. Пісірілген түрлі нандарды дүкендерге жібереді.


Сергіту сәті:

Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы

Желге ырғалып шайқалған

-жарайсыңдар


-Балалар енді мына суретте берілген батон нанның бір бөлігін бояймыз

-Енді балалар нан туралы тыйым сөздермен танысайық.

Мысалы: нанның қиқымын шашпа, нанды бір қолмен үзбе, нанды жегенде тауысып жеу керек.

-Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?


-нан дастарқанға қалай келеді екен?

-нанның қандай түрлері бар екен қайталап жіберейікші.


-Жарайсыңдар балалар. Сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте тамаша жауап бердіңіздер

-балалар дөңгелене қол ұстасып тұрып, бір-біріне жақсы тілектер тілейді





Бөлке нан, қара нан, тоқаш, батон, бауырсақ









-балалар тақтадағы суретке қарап, тәрбиешіні тыңдайды
















-балалар іс-қимыл арқылы жасайды







-балалар қуана келіседі






-балалар мұқият тыңдайды





Ұнағанын айтады

Балалар түсінгенін айтады



Балалар нанның түрлерін қайталайды


Күтілетін нәтиже


Қайталай алады: нанның түрлерін, олардың қалай аталатынын

түсінеді: нанның дастарқанға келу жолы және үлкендердің еңбегі туралы білімді

қолданады: нан туралы тыйым сөздерді жаттап, үлкендердің еңбегін құрметтей білуді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
840
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі