Музыкамен
балалар залға кіреді.
Жүргізуші:
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын
күз қайта келді берекесі
Молшылық
жаршысы бола білді,
Алтын
күз-ырыс,береке,ала келді.
Қайырлы
күн ұстаздар,қадірлі қонақтар!Бүгін
біз жыл мезгіліндегі ең тамаша «Ас
атасы-нан» атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер!Біздің бүлдіршіндеріміздің
өнерін тамашалаңыздар.
Ән:
«Күзгі вальс».
Жүргізуші:
Әсем
әуен салдырған,
Сәбилер
де алғыр жан.
Балдәуреннің
қызығын
Есте
қалар балдырған-деп балапандарымыздың
тақпақтарын тамашалайық.
Әбілмансур
Жайдары
күз,жарқын күз
Аяулы
күз,алтын күз.
Дәнге
толы ен далам
Дариядай
шалқып жүр
Мейірлі
күз,мырза күз,
Сыйлығыңа
ырзамыз.
Амина
Жатыр
дала жалтылдап
Жаз
шуағын мол құйды.
Күн
астында алтын дән
Тербеледі
толқиды.
Асылназ
Қыстың
жақын қалғанын
Жапырақтар
білгендей.
Желмен
ұшып барады,
Жерге
қонып үлгермей.
Нұрлыбек
Алма
пісіп,алмұрт пісіп,
Күзде
бақтар жайнайды.
Құстар
қайтып,қош айтысып,
Қимас
үнмен сайрайды.
Арайлым
Толықсыған
тасқындай,
Көк
жиекпен ұштасып.
Күн
астында ақ бидай,
Билейді
қол ұстасып.
Жүргізуші:
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол
кім болды екен?
Жер
ана: Саламатсыздар
ма балалар!
Жүргізуші:Сәлеметсізбе
жер ана!Балалар,жерді неліктен Жер-Ана
дейміз.Себебі жерде біз өмір сүреміз.Жерді
аяқпен басып жүреміз.Жалпы айтқанда
біздің-екінші үйіміз.Барлық адамзатқа
қажеттіліктер жерде өсіп-өнеді.Сондықтан
Жер-Ананы құрметтейміз,қастерлейміз.
Жер
ана:Менен
шығатын жердегі дақылдар,неше түрлі
байлықтар-барлығы сіздер үшін шығарып
жатырмын.Міне,мына қолымдағы менен
шыққан өнімдер сіздерге азық болып
табылады.
Ойын:
«Кім тапқыр?».
Ойынның
шарты: Бір баланың көзін жабамыз,Ол
күріш,бидай,тары,қарақұмықты табады.
Би:
«Бидай»
Сайда,Жарқынай,Әсем,Меруерт,Әмина.
Жүргізуші:
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда
адамның еңбегі мен ары бар.
Нан
өмірдің ана сүті,арқауы
Нансыз
жерде қай өмірдің сәні бар.
Балалар,нан
неден алынады? Бидайдан.Нан қасиетті
ас.Оның құрамында адамның бойына нәр
беретін,қуат беретін ағзаға қажеттінің
бәрі бар.Күзде бидай орылып,жиналып,машинаға
тиеліп,ұн тартатын заводқа әкеледі.Онан
соң наубайханадан түрлі нан пісіреді.
«Нан-байлық,нан-береке» деп халқымыз
бекер айтпаған.
Ертегіден
көрініс: Тауық- Асылназ, Тышқандар-
Әбілмансур,Қуаныш.
Ертегі:
«Тауық пен тышқан».
Ертеде
тауық пен тышқандар дос болыпты.Көбіне
тышқандар ойнап жүреді екен.
Бір
күні тауық дән тауып алыпты.
Тауық:Мен
дән таптым,дән таптым!Кім үгіеді?
Тышқандар:Өзің
үгіте салшы.
Тауық
дәнді үгітіп ұн жасайды.Ұнды тышқандарға
апарады.
Тауық:Мен
ұн жасадым,кім қамыр илейді?
Тышқандар:Мен
емес,мен емес.
Тауық
ұннан қамыр илеп,тышқандарға апарады.
-Мен
қамыр иледім,кім нан пісіреді?
-Мен
емес,мен емес-деп тышқандар ойнай
жөнеледі.Тауық қамырдан бауырсақ
пісіреді.Тышқандарға апарады:
-Кім
бауырсақ жейді?
-Мен
жеймін,мен жеймін!
-Алдымен
сендерге сұрақ қояйын.Дәнді тапқан
кім?Ұннан қамыр илеген кім?Қамырдан
бауырсақ пісірген кім?Ендеше сендердің
үлестерің жоқ!
Тышқандар
ұялып кетіп қалады.
-«Еңбек
етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей».Балалар
еңбек ете білейік.Осымен ертегіміз
аяқталды.
Жүргізуші:
Сонымен балалар ертегіден не
түсіндіңдер?Еңбек етсең ғана өз жемісіңді
жейді екенсің.Балалар сендер де еңбек
етуге ерінбеңдер.Бір-бірімізге көөмектесе
білейік.
Кезекті
тақпағымызға берейік.
Тақпақ:
Меруерт
Лето
кончилось и вот
Осень
золотая
Нас
встречает у ворот
С
щедрым урожаем!
Айпара
Рейн
он зе грин грас
Рейн
он зе три
Рейн
он зе хаус топ
Бат
нот он ми
Марлен
Күздің
қазан айында,
Алма,алмұрт
піседі.
Жапырақтар
сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр
етеді
Сайда
Даун
даун елау это браун
Жер
ана:
Балалар сендермен ойын ойнап жіберейікші.
Би:
«Қолшатыр».
Балаларымыздың
тақпағы.
Жандәулет
Күз
келді алақай
Алтын
келді далаға
Дәні
бітік бидайдды,
Құйып
жатыр қамбаға.
Әсем
Ән
салайық күліңдер,
Жайнап
гүлдей жүріңдер.
Күздің
тойын тойллайық,
Би
билейік ойнайық.
Жарқынай
Нан
атасы бидаймын,
Қауызыма
сыймаймын.
Дәнім
толып піскенде
Елге
астық сыйлаймын
Қуаныш
Ой
балалар,балалар
Қоңырқай
күз болыпты.
Қурап
жапырақ солыпты,
Ел
егінін орыпты
Жалғас
Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан,алуан
жапырақ.
Күзгі
бақта күлімдеп,
Көз
тартады атырап.
Ән:
«Күз».
Жүргізуші:
Барлықтарыңыздың дастархандарыңыз
берекелі,әр күндеріңіз мерекелі
болсын.Нанымыз көп болсын деп.Ертеңгілігімізді
аяқтаймыз.Сау болыңыздар.
КМҚК
«Өркен» бөбекжай бақша
Ортаңғы
топ: «Арай»
Тақырыбы:
«Ас атасы-нан».
Тәрбиеші:
Беккулова Б.Е
2019ж.Құлсары
қаласы