400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ас атасы нан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы тәрбиешілерге көмегі болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Әлеумет

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: Ас – атасы нан

Мақсаты Балалардың қала мен ауылдың арасындағы айырмашылық туралы (үйлер, көліктер, адам еңбегі) білімдерін бекіту; нанның ас атасы және оны өсіру өте қиын жұмыс екенін айтып түсіндіру; диқаншылардың күзгі еңбегімен таныстыру, балаларды адам еңбегін және нанды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, нан түрлері.

Билингвизм: Нан –хлеб, бәліш- пирошки, бөлішке – булочка.

Мотивациялық қозғалыс.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Іздену ұйымдастырушысы.

  • Балалар жылдың неше мезгілі бар? (4мезгіл)

  • Қазір қай мезгіл? (Күз)

  • Күзде неше ай бар? (3 ай)

  • Күзде ауа райы қандай болады? (салқын)

  • Балалар мен жұмбақ жасырамын , қане кім жауабын айтар екен,

Аспай піскен

Қайнамай түскен (жеміс)

  • Жемістер қашан піседі?

  • Күзде

Асты тас , үсті тас,

Ортасында піскен ас (нан)

  • Балалар , біз күнде ақ нан , қара нан немесе тәтті бөлкелер, печеньелер, торттар жейміз. Бұлар неден жасалатынын білесіңдер ме?

  • Ұннан

  • Ал ұнды неден алады?

  • Ұнды мына ыдыстағы дәндерден алады.

  • Барлығың мұқият қараңдар, Барлық дәндер бірдей ме? Мына дөңгелек дәндер – бидай, ал сопақ дәндер арпа.Бидай мен арпа дәнді –дақылдар. Бидайдан - ақ нан, арпадан – қара нан дайындалады.Олар егістікте өседі.лдымен егіс даласын, жерді трактормен жыртады.Әбден жұмсартылған жерге тұқым себеді.Оны су құйып баптайды. Егінге жаңбырдың да пайдасы көп.Күн көзі мен су мол болса , егін бітік шығады.Күзде егін піскенде оны комбайынмен жинайды.Ол сабақтарды орап , одан дәндерді бөлек шығарады. Бұл дәндер ұзын арнаулы жендерден жүк машиналарына құйылады. Сосын дәндерді элеваторға апарады. Онда оларды кептіріп, бір бөлігін тұқымдыққа қалдырса, бір бөлігін диірменге тартады.

  • Енді ұнды қайда апарады деп ойлайсыңдар?

  • Наубайханаға.

  • Наубайханада наубайшы көп нандар. Тоқаштар, печеньелер пісіреді.

Есік соғылады.

  • Балалар , есік соғып тұрған кім екен көрейікші.

  • Наубайшы келеді. Балаларға нан пісіру жолын көрсетеді.

  • Сөйтіп піскен нан дүкенге келеді.Біз дүкеннен нан сатып аламыз.

  • Сергіту сәті

Көлбең, көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Тасып піскен бидайды.

Айтшы қалай жинайды?

Комбайынмен бидайды,

Былай, былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны былай қорғайды.

Кіш, кіш, кіш...

Қорғап қалған бидайды,

Қамбаға әкеп жинайды.

  • Балалар , сонымен суреттен нені көріп отырмыз? (Сурет бойынша балалар жауабы)

  • Балалар, мына ашық хаттың ішінде бидай масағы бар, соны тақтадағы масаққа қарай отырып құрастырамыз.

  • Енді «Дүкенші» ойынын ойнап көрейік.

Ойын ережесімен таныстырамын.

  • Балалар мен сендерге «Бауырсақ» өлеңін оқып берейін.

Дастарханда шашылып,

Жатты қызыл бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрып көзін сап:

  • Қайдан келдің, бауырсақ? –деп сұрады Қуыршақ.

  • Дүкеннен келдім нан сатқан.

  • Дүкеннен келдің қай жақтан?

  • Наубайдан келдім ұн жапқан.

  • Наубайға келдің қай жақтан?

  • Диірменнен келдім ұн жапқан.

  • Диірменге келдің қай жақтан?

  • Даладан келдім кең жатқан,

Жер анам менің көсілген.

Диқандар мені өсірген.

Рефлексивті түзету

  • Сонымен, бауырсақ қай жақтан келді екен?

Балалар жауабы:

  • Нан біздің дастарханымызға келгенше кімдер еңбек етеді?

«Ас атасы нан, нан атасы –дән» - деген екен дана халқымыз.Сол дәннен бастап нан болғанға дйін қаншама адам маңдай терін төгеді.Ендеше, сол зор еңбекпен келген нанды қастерлеуіміз керек.Нанда аяқ асты етпей, ысырап қылмауымыз керек. Алдыңызға келген нанды таусып жеп, оның қоқысқа кетуіне жол бермеуіміз керек. Осымен ашық оқу іс –әрекетіміз аяқталды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 сәуір
639
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі