Тақырыбы: Ас атасы -
нан
Мақсаты: Нанның дастарханға қалай
келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсіндіру.
Еңбек адамдарын сыйлай білуге, қасиетті тағамымыз нанды қастерлеуге
үйрету.
Түрі: әңгімелесу
Көрнекілігі: суреттер, астық дақылдары, нан
түрлері, мақалдар
Жүрісі: І. Кіріспе
бөлім
-
Балалар далада ойнап жүр.
Қолында наны бар Берік үйден шықты. Ол нанын жеп тауыспай, лақтыра
салып балалармен ойнауға жүгірді. Оны көріп қалған
Гүлнұр: - Берік, нанды лақтыруға
болмайды, - деді.
-
Біздің үйде нан көп, қаласам
басқасын жеймін, - деді Берік.
-
Сен олай деме, сен өзің нанның
дастарханға қалай келетінін білесің бе?
ІІ. Негізгі
бөлім
Өлең оқу: «Нан дастарханға
қалай келеді?»
- Желкілдеген
желменен,
Жерді егін
тербеген,
Өсіреді
дихандар
Тамшылаған
терменен.
Кең жазира
теп-тегіс,
Тербеледі
нұрланып,
Толқындаған көк
теңіз
Егін жатыр
ырғалып.
Көзді тартып
қиырдан
Көңіліңді
ашады.
Күн нұрына
тойынған
Кере қарыс
масағы.
дала біткен
жайдары,
Құлпырыпты ,
түлепті,
Ақ бидайды
айдарлы
Жапан түзде кім
екті?
Дихан бабаң екті
де,
Еңбектен еш
қашпаған,
Алдыңа кеп төкті
де,
Аң нанды үйіп
тастады.
Суреттермен
жұмыс
- Нанның дастарханға келу
жолын әңгімелету.
1-оқушы: Нан болмаса бағыңның
кетері бар,
Нанмен ғана өмірдің өтері
бар.
Жолда жатса егер де бір үзім
нан,
Арланбай –ақ сен оны көтеріп
ал.
2-оқушы: Елді ырысқа
бөлеген,
Ән-өмірің,
ән-өлең.
Ер жеткен соң жер
жыртып,
Егін салып, дән
егем.
Әңгімелесу:
- Балалар, күнделікті жеп
жүрген нанның қаншама түрі барын білесіңдер
ме?
- Нанның екі жүзден астам түрі
бар екен. наннан басқа ұннан жасалатын тағамдар түрлері
қаншама!
Көрініс:
Дастарханда
шашылып,
Жатты аппақ
бауырсақ.
Бауырсаққа
қызығып
Қарап тұрып, көзін
сап,
- Қайдан келдің,
бауырсақ?
Деп сұрады
қуыршақ.
- Дүкеннен келдім нан
сатқан,
Наубайдан келдім нан
жапқан,
- Наубайдан келдің қай
жақтан?
- Диірменнен келдім нан
тартқан.
- Диірменге келдің қай
жақтан?
- Даладан келдім
жан-жақтан.
Жер анам мені
көсілген,
Дихандар мені
өсірген.
Арғы жағым ақ
бидай
Тәттімін, о жеп көр,
бақшимай.
Жесең өзің
байқарсың,
Рахмет
айтарсың.
Ситуациялық
тапсырма:
Түскі ас ішіліп болған соң,
Маржан столдағы нанның қиқымы мен сыпырып алып, қоқысқа тастамақшы
болды...
Тақпақтар:
3-оқушы:
Нан – ардақты асыл
ас,
Аттамас оны
кәрі-жас.
Ақ дастархан
үстінде
Қол жумай оны
ұстамас.
4-оқушы:Нандай жоқ қой асыл
дәм,
Жеп үйренген
жасымнан.
Дастарханнан нан
кетсе,
Береке кетер
асыңнан.
5-оқушы: Ей, балалар,
балалар,
Болмаңдар, сірә, нанға
тар.
Өмірдің алтын
арқауы
Бар қасиет нанда
бар.
«Нан қиқымын шашпаңдар!»
өлеңін хормен айту
ІІІ. Қорытынды
бөлім