400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ас не үшін қажет?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Жаратылыстану

Бөлім:

Адам

Күні:

07.11.2023ж

Педагогтің аты жөні:

Туленова Айтолкын Джумабаевна

Сынып:

3 Г

Сабақтың тақырыбы:

Ас не үшін қажет?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Адамға қандай қоректік заттар қажет екенін біледі;

Көптеген оқушылар: Пайдалы және пайдасыз тағамдардың құрамын анықтай алады;

Кейбір оқушылар: Энергияны жұмсау және орнын толтыруды біледі

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарл/н кезеңі

Педагогтің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы

І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал орнату

Оқушылардың көңіл – күйін көтеру

Өткен сабақты пысықтау

  • Адамның қандай әрекеті жануар санының азайып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін?

  • Жануарлар қайда мекендейді?

  • Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың айырмашылығы?



Атмосфера орнату




Сұрақтарға жауап береді








Мадақтау




https://wordwall.net/ru/resource/63386639


Сабақтың ортасы

Топқа бөліну

1-топ Нәруыздар

2-топ Майлар

3-топ Көмірсулар

4-топ Калория


Жаңа тақырыпты ашу.

Суреттерге назар аударайық


Жаңа сабақ. «Жедел жауап» әдісі

  • Таңғы асқа не іштің? Таңғы аспен сенің көңіл күйің байланысты болу мүмкін бе?

  • Күніне неше рет тамақтану қажет?

  • Таңғы асты қай уақытта ішкен дұрыс? Кешкі асты ше?

  • Тамақты шамадан артық ішкен адам өзін қалай сезінеді?

  • Жемістердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Білу және түсіну. Оқулықпен жұмыс.

Адам астан энергия алады. Ас энергиясының мөлшері оның энергетикалық құнарлылығы деп аталады. Бұл шама калогриямен немесе килокалориямен өлшенеді.


Видеоролик


Дұрыс тамақтану дегеніміз– құрамында нәруыз, май, көмірсулар сияқты құнарлы заттары бар тамақты тиісті мөлшерде қабылдау.

Көмірсулар– ми мен ағзаның энергия шығынын толықтай өтейді және су алмасуды реттейді.

Майлар баға жетпес энергия көзі болып есептеледі. Адам ағзасындағы көмірсу қоры таусылғанда ағзадағы майлар көмекке келеді.

Нәруыздар адам ағзасын құрайтын негізгі материал болып табылады. Бұлшық еттер, ішкі ағзалар, қан тамырлары, иммундық жүйе, тері, шаш, тырнақ нәруыздардан тұрады. Нәруыз жетіспеген жағдайда ағзаның иммунитеті мен бұлшық еттері әлсіреп, май мөлшері көбейеді, адам аурушаң бола бастайды.

Топтық жұмыс.

1 – топ «Зертте, талқыла, қорытынды шығар»

  • Тамақтың құрамы мен энергетикалық құнарлылығын қалай білуге болады?

Зерттеуге қажетті заттар: шоколад, йогурт, шырын, нан тоқаш өнімдері

  • Әрбір оқушы өнімдегі қаптаманы қарап шығып, азық түлік құрамы жазылған жерді табады.

  • Құрамын зерттеуші күнделігіне жазып қояды.

  • Азық түліктерді құрамындағы көмірсу, май және нәруыздарға көлеміне қарай топтарға бөліп, оларды төмен калориялы және жоғары калориялы деп ажыратады.


2 – топ «Пайдалы таңғы ас»

  • Тәуліктің қай бөлігінде ботқа жеген дұрыс? Неліктен?

  • Таңғы асқа тағы не ішуге болады?

  • Суреттен пайдасы аз тағамдарды көрсет. Таңдауыңды түсіндір.


3 – топ «Дәмді әрі пайдалы»

  • Суретте не бейнеленген?

  • Сүт және ет өнімдерінің пайдасы қандай?

  • Дұрыс өсу мен даму үшін қандай тамақ жеген дұрыс?

4- топ «Менің сүйікті тағамым»

  • Сүйікті тағамдарын атау

  • Пайдалы немесе пайдасыз екенін анықтау

  • Тәуліктің қай мезгілінде жеу дұрыс екенін айту

Сергіту сәті

«Шәй немесе кофе» ойыны


Ережесі:

Екі оқушы арқамен қатарласып тұрады

Мұғалімнің қойған таңдауына бірдей жауап айту қажет. Әр бірдей жауап үшін бір ұпайдан беріледі


«Есте сақта!»

Адам күші мен энергиясын орнына келтіру үшін тамақтануы қажет. Оның мөлшері адамның жасына, істейтін жұмысы мен күні бойы жұмсаған энергиясына байланысты болады.


Дәптермен жұмыс.



Майлы

Көмірсу

Нәруыз

Сүтті шоколад

+



Какао




+

Печенье



+






Топқа бөлінеді



Оқушылар суреттерді мазмұндайды




Сұрақтарға жауап береді


Дескриптор:

-Таңғы аспен көңіл күйдің байланысын айтады;

-Таңғы және кешкі астың уақытын анықтайды

- артық тағамның зиянын айтады

-жемістердің пайдасын жеткізеді


Жаңа мағлұмат алады


Балалар видеороликті тамашалайды






Дұрыс тамақтану ережесімен танысады









Топтық жұмыста талқылап, зерттеу жұмысын жүргізеді



Дескриптор:

-Ас өнімдеріне зерттеу жасайды;

-Тамақтың құрамы мен энергети/қ құнарлыл/н анықтайды;

-Азық түліктерді құрамындағы көмірсу, май, нәруыз көлмеіне қарай топтарға бөледі;

-Нәтиже шығарады;



Дескриптор:

-Сурет бойынша пайдалы және пайдасы аз тағам түрлерін ажыратады;

-Таңғы асқа қандай тағам ішуге болатыны туралы ой бөлісіп айтады;





Дескриптор:

-Сүт және ет өнімдерінің пайдасы туралы айтады;

-Дұрыс өсу үшін қандай тағам түрлері пайдалы екенін тұжырым жасап анықтайды;





Дескриптор:

-сүйікті тағамдарын айтады

-ол тағамнығ пайдалы немесе пайдасыз екенін анықтайды

-қай мезгілде жеу керектігін айтады



Оқушылар ойын ережесімен танысады. Топта ойнайды.










Кестені керекті мәлімет/н толықтырады


Дескриптор:

-Берілген тағам түрлерінің құрамын анықтайды;

-Тағамдық құндылығын айтады;












Дәрумендер арқылы бағалау














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.05.2024
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі