Материалдар / Ас қорыту бойынша ҰБТ ға арналған тест сұрақтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ас қорыту бойынша ҰБТ ға арналған тест сұрақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Документте 11 сыныпқа биохим бағытына беруге арналған ас қорыту жүйесі бойынша тест сұрақтары бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2024
213
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ас қорыту жүйесі бойынша ҰБТ ға дайындық мақсатында тест сұрақтары:

1.Жауынқұрттың ас қорыту жүйесінде алғаш пайда болды?

А.Жұтқыншақ

В.Шықшыт безі

С.Жүрек

Д.Сілекей безі

2.Жұтқыншақ пен қарынды байланыстырып тұратын мүше қалай аталады?

А.Ауыз қуысы

В.Жемсау

С.Өңеш

Д.Аналь тесігі

3. Қоректің асқазанда қорытылуы қандай мүшемен байланысты?

  1. Ішек

  2. Жемсау

  3. Өңеш

  4. Ауыз қуысы

4.Қорытылған заттардың қанға түсуі қай жерде болады?

    1. Қарын

    2. Ішек

    3. Жемсау

    4. Ауыз қуысы

5.Жауынқұрттың ас қорыту жүйесіндегі соңғы сегмент қалай аталады?

    1. Ішек

    2. Қарын

    3. Жұтқыншақ

    4. Аналь тесігі

6.Жауынқұрты немен қоректенеді?

a. Шіріген жапырақ

b. Жаңа жапырақ

c. Қышқыл жапырақ

d. Құрғақ жапырақ

7.Сиырдың ас қорыту жүйесінде ас қорыту жолына қандай мүшелер жатады?

A) Тек асқазан

B) Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек

C) Өңеш, ішек, аналь тесігі

D) Ауыз, ішек, бауыр, өңеш

8.Сиырдың қарны қанша бөлімнен тұрады?

A) 2

B) 3

C) 4

D) 5

9.Үлкен қарын (месқарын) қай қызметті атқарады?

A) Қорек толығымен қорытылады

B) Өсімдік жасунығын қорытуға қатысады

C) Қорек майға айналады

D) Қоректі ұзақ уақыт сақтайды

10.Жұмыршақ қарынның қызметі қандай?

A) Қоректі өңдеу және жою

B) Микроағзалардың көмегімен қоректің толық ыдырауы

C) Өсімдік жасушаларын майға айналдыру

D) Қоректің ішекке өтуін қамтамасыз етеді

11.Қай қарын бөлімінде көп қатпарлар болады?

A) Үлкен қарын

B) Жұмыршақ қарын

C) Қатпаршақ

D) Асқазан

12.Ауыз қуысының негізгі қызметтеріне қайсысы жатады?

A) Тек тамақты жұту

B) Тек тамақты шайнау

C) Тамақты шайнау, сілекеймен араластыру, дәм сезу

D) Тамақты қорыту және сіңіру

13.Тілде дәм сезу рецепторлары қай жерде орналасады?

A) Тек тілдің ұшында

B) Тілдің әртүрлі бөліктерінде

C) Тілдің артқы бөлігінде ғана

D) Тілдің ортасында

14.Жұтқыншақтың негізгі қызметі қандай?

A) Тамақты асқазанда қорыту

B) Тамақты жұту және өңешке жіберу

C) Сілекей бөлу

D) Тамақты ұсақтау

15.Асқазанның ерекшелігі қандай?

A) Ол тек тамақты сақтайды

B) Оның қабырғасы созылғыш және бұлшықетті

C) Ол ас қорытуға қатыспайды

D) Ол тек сұйықтықты өңдейді

16.Ұлтабар қандай қызмет атқарады?

A) Тамақты ұсақтайды

B) Асқазандағы қорытылған тамақты ішекке өткізеді

C) Липаза мен трипсин ферменттерін бөледі

D) Тек су мен тұздарды сіңіреді

17.Бұлшықет қабаты жақсы дамыған қуысты мүше

A) Өңеш

B) Жұтқыншақ

C) Асқазан

D) Ішек

*18. Аш ішектің негізгі қызметі қандай?*

A) Көмірсуларды ыдырату

B) Қорытылған тағам сұйықтығын қанға және лимфаға сіңіру

C) Майды толық ыдырату

D) Бауырда синтезделу


*19. Тік ішек қандай қызмет атқарады?*

A) Қорытылмаған тағам қалдықтарын сіңіреді

B) Сусыз тағамдарды қайта қорытады

C) Қорытылмаған тағам қалдықтарын сыртқа шығарады

D) Тек көмірсуларды ыдыратады


20. Тоқ ішектегі симбиоздық бактериялар не үшін қажет?*

A) Көмірсуларды ыдырату үшін

B) Майларды сіңіру үшін

C) Өсімдік жасунығын ыдырату үшін

D) Нәруыздарды қорыту үшін


21. Аш ішек қандай заттарды қанға сіңіреді?*

A) Майларды

B) Көмірсулар мен нәруыздарды

C) Витаминдерді

D) Минералды тұздарды

22. Соқыр ішекке тән ерекшелік қандай?*

A) Аш ішекпен байланысқан

B) 10 см ұзындықта

C) Ащы тағамдарды ыдыратады

D) Төменгі ұшында аппендикс болады

23. Ұйқы безінің өзегі ашылады

A) Аш ішекке

B) Ұлтабарға

C) Тоқ ішекке

D) Тік ішекке

24. Ақуызды аминқышқылына дейін ыдыратады

A) Пепсин мен трипсин

B) Тұз қышқылы мен трипсин

C) Амилаза мен пепсин

D) Липаза мен трипсин

25. Майды май қышқылына дейін ыдыратады

A) Пепсин

B) Тұз қышқылы

C) Амилаза

D) Липаза

26. Ауыз қуысында неше сілекей безі болады?*

A) 1

B) 2

C) 3

D) 4

27. Сілекейдің негізгі қызметі қандай?*

A) Қанға гормондар бөлу

B) Тағамды жұтуға қатысу

C) Гликоген жинақтау

D) Өтті түзу

28. Сілекей құрамындағы қандай фермент көмірсуларды глюкозаға дейін ыдыратады?*

A) Мальтаза

B) Липаза

C) Амилаза

D) Лизоцим

29. Бауырдың негізгі қызметі қандай?*

A) Майларды глицеринге дейін ыдырату

B) Қан жасушаларын залалсыздандыру

C) Өттің ферменттерін белсендіру

D) Инсулин бөлу

30. Бауыр өтінің пигменті?*

A) билирубин,сары түсті

B) билирубин, қызғылт сары түсті

C) ферерубин,сары түсті

D) билирубин, көк түсті

31. Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі қандай?*

A) Қандағы инсулин деңгейін реттеу

B) Майларды глицеринге дейін ыдырату

C) Амилаза өндіру

D) Өт түзу

32.. Ұйқы безінің ас қорытуға қатысатын ферменті қалай аталады?*

A) Липаза

B) Мальтаза

C) Лизоцим

D) Амилаза

33. Ұйқы безінен бөлінетін сөл

A) Липаза

B) Холестерин

C) Панкреатин

D) Амилаза

34. Өттің майды ұсақтау процесі

A) Эмульгация

B) Эмульсион

C) Майдалау

D) Тамшыларға ыдырату

35. Бауыр өтінің қызметіне не жатады?*

A) Эритроциттерді ыдырату

B) Майларды глюкозаға дейін ыдырату

C) Витаминдерді синтездеу

D) Гормондар өндіру

36. Ұйқы безі панкреатин сөлі арқылы не істейді?*

A) Өт қышқылдарын ыдыратады

B) Майларды ыдырататын ферменттер бөледі

C) Гликогенді қанға жібереді

D) Эритроциттерді ыдыратады

37.. Тістің сыртқы қатты қабаты қалай аталады?**

A) Дентин

B) Пульпа

C) Эмаль

D) Цемент

38. Тістің қай бөлігі жүйке талшықтары мен қан тамырларын қамтиды?**

A) Дентин

B) Пульпа

C) Тіс мойыны

D) Эмаль

39. Тістің дентин қабаты қандай қызмет атқарады?**

A) Тісті сыртқы әсерлерден қорғау

B) Тісті қанмен қамтамасыз ету

C) Тістің негізгі сүйек құрылымын құрайды

D) Тағамды ұсақтау

40. Тістің қай түрі тағамды тістеуге тікелей қатысады?**

A) Тіс түбірі

B) Тіс мойыны

C) Күрек тіс

D) Ит тіс

41. Тістің құрылысы неше бөлімнен тұрады?**

A) 2

B) 3

C) 4

D) 5

42. Эмальдің екінші атауы ?**

A) Кіреуке

B) Қаптама

C) Дентин

D) Пульпа

43. Тіс эмалі қандай қызмет атқарады?**

A) Тістің ішкі бөлігін қорғау

B) Тісті сүйекке бекіту

C) Тісті тазартып тұру

D) Жүйке сигналдарын өткізу

44. Кіші азу тістің саны қанша?**

A) 10

B)12

C) 4

D) 8


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!